400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлке топырағы. Наурызым ауданы Шилі ауылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлке топырағы. Наурызым ауданы Шилі ауылы топырағы зерттелді
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кіріспе.

Туған өлкенің топырақ қабаттарының түзілу себептері мен топырақ түзуші факторларға сипаттама беру. Топырақтың механикалық құрамына тоқталу. Сонымен қатар топырақтың фазалық құрамы мен негізгі зерттеліп отырған Наурызым ауданымна қарасты Шилі ауылына тән топырақ профильін жасап, оның құрамы мен қасиетін зерттеу болып отыр.

Жалпы Наурызым ауданына қысқаша сипаттама бере отырап, ауданының климатты, флорасы мен фаунасына, топырақ жамылғысына сипаттама бермекпіз.

Наурызым климаты тым континеттік - қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -18-19°С, оңтүстігінде -16-17°С. Кейбір қатаң жылдары -40°С-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-20°С. Кей жылдары 35-40°С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% -ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде 4-4,5 м/с-тан, оңтүстігінде 5-6 м/с-қа жетеді.

Ауданымыздың флорасы мен фаунасы алуан түрлі себебі ауданымызда ЮНЕСКО тізіміне енңген Наурызым қорығы орналасқан. Флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Шренк қызғалдағы , ойпаң жерлерде нәзік-қызғылт түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады, спера, ирис және басқа да гүлдер кездеседі.

Негізгі фаунаны сүтқоректі кеміргіштер. Фаунада 155 ұясалушы құс түрлері бар. Сирек кездесетін құстардың 40 түрі ұсынылған: 35 Қазақстанның Қызыл кітабына кіргізілген, 17 Халықаралық (МСОП) қорғауға алынған. Қордың аумағында 342 омыртқалы жануарлар түрі белгіленген: 44 аңтар түрі, 282 құстардың түрі, рептилия мен амфибияның 3 түрінен және 10 балық түрлері.

Наурызым ауданы дала табиғат зонаснда орналасқан. Дала зонасына тән топырақ жамылғысы қара-қоңыр және қоңыр топырақ. Қара – қоңыр топырақ профильі қара – шіріктіге ұқсас болып келеді, бірақ топырақ құнарлығының гумус пен азот мөлшері 4%-ға жуығы азаяды. Топырақ құрамындағы гипс, тұз, карбон мөлшері азаяды.

Қара-қоңыр топырақтың механикалық құрамы жұртылған, дәнді – дақылдар егуге қолайлы. Сонымен қатар қара-қоңыр топырақтың құнарлығы қоңыр топыраққа қарағанда біршама жақсырақ, бірақ өнім жинау мөлшері тұрақсыз болып келеді.

Қара –қоңыр топырақ зонашығында сортаңдалған және сор сопырақтар кездеседі, олардың беткі қабатындағы гумус мөлшері 2-3% құраса, тереңдігіне қарай 15-20% -ға дейін жетеді

I – тарау

Топырақ түзуші процес және топырақтың құрамы.

    1. Топырақ түзуші процес.


Топырақ – табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кезде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз, тып – типыл, мүлдем дүние болмаған. Жер бетінің жамылғысы бастапқы тығыз қатты тау жынысынан тұрады. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда болуына бастасымен – ақ үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырайды. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзуіне айналады. Топырақ түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жынысына айналу керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсеріне бірте – бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзуіне жағдай жасады.

Бұл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіесе темпиратураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше. Тау жынысының үгілу физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар.

Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектер бөлуін айтады. Физикалық үгілуге қатысатын негізгі күштер, темпирату, жел күштері, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысыл келтірейік, әртүрлі темпиратура әсерінен тау жынысында жарылған сызық пайда болады. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп , қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызық үлкен жарыққы айналады. Қатты тау жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі – жиі жауған жамбырлардан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгіл тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды . Оның күшімен тіпті ірі – ірі тастар да допша домалайды. Бір – біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Физикалық үгілу республика көлемінде алғанда, құрлық ыстық аймақтарда немесе өте суық жерлерде, тауыл аудандарда айқын байқалады. Құрлық шөл далалық аудандарда күн мен айқын байқалады. Мұнымен қатар күшті желмен көтеріліп ұшатын құм, тасты жыныстар қайрап жерлерде сынған тастардың шағал тастардың құмды үйінді түрінде жиналуы көптеп байқалады.

Физикалық үгілу топырақ түзілу процесінде маңызды орын алады. Осы үгілу нәтижесінде химиялық және үгілу негізін жасайды. Жыныс бөлшектері уатылған беттердің үлестік ауданы артады да осы себепті олар химиялық және биологиялық үгілу факторларымен оңай әрекетеседі.





Химиялық үгілу – тау жыныстар құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан миниралдық заттар пайда болады . Бұл заттар өздерінің суда ерігіш қасиеттеріне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық процестері, әдете, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда әр аймақтың климаты жағдайларына қарай оның бір түрлі екіншісіне қарағанда басым болады. Ылғалы мол күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу басым жүреді. Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып , шыңдар мүжіледі. Құм мен болшық суға жуылып шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шаңданады. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлеп құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан да топырақ та пайда болмаған. Химиялық үгілу кезінде миниралдар бұзылып бөлшектенеді және синтезделеді. Сөйтіп бастапқы жыныста кездеспейтін жана жыныстар кездеседі. Химиялық үгілудің негізгі факторлары су оттегі, көмір қышқыл газы температура. Химиялық реакциялардың өтуі темпиратурасы жоғарлануынан жылдамдайтыны белгілі. сондықтан химиялық үгітуі ауаның жылдық орташа темпиратуралары жоғары және көп мөлшерде ылғал түсетін аймақтарда айқын байқалады.

Биологиялық үгіліу - нәтижесінде қатты тау жыныстарының қосылысын, ылғал сінгіштік, су өткізгіштік қасиеттері бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте физикалық және химиялық үгілу кезінде болған, су ерігіш , өсімдіктерге қоректі минирал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі, де түрлі су ағымдарымен өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қосылған ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап олардың денесіне керекті заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңіруінің нәтижесінде көлемді геологиялық айналымнан келіп түседі. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл сайын молая береді. Сонымен құрамында қоректі заттар жоқ тау жынысы тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректі биофильді миниралдарды және органикалық азотты заттар қорына айналады.

Үгілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы топырақ түзілу құбылыстырынан бастамасы. Қопсыған тау жынысында өсімдіктердің мекендей бастауы жалпы физикалық химиялық үгілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылыстарын тездетеді. Ең негізгісі өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау жыныстарынан көптеген биофилң негізгісі өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз денелеріне жинап, ал күн сәулесінің күшімен жапырақтар арқылы көптеген органикалық заттар түзіп , жер бетіне, өзінің тамырлары тараған жер қабатына, олардың қорларын жинайды. Биологиялық үгілу топырақ түзуімен тығыз байланысты. Миниралдарға өсімдіктердің тамырлары және жан жануар тіршілігінен туындайтын қалдықтар, тіршілігі тоқтатқан организмдердің ыдырау қалдықтары әсер етеді. Организмдердің физикалық және химиялық түрде үгілуге ұшрайды, жыныс бөлшектердің әсері үлккен. Кейбір су жалбыздардың түрлі каолин кремни қышқылдары және сусызданған, ыдырауға ұшырайды. Осы ыдырау су жалбыздарын ыдыратып бөліп шығарады, негізгі пектин заттарынан тұрады. Сонымен физикалық, химиялық және биологиялық үгіту процестері бір мезгілде өтіп жатады. Үгілу дәрежесіне олардың әрқайсысына қосар үлесі, сыртқы ортаның жағдайына байланысты.






















1.2 Топырақ түзуші факторлар.


Топырақ түзуші негізгі алты фактор, ауа райы, тау жынысы, жоғары және төмен сатыдығы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші. Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды. Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық–суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, сілітілгін таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі. Оларға сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді. Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздар мен бірге. Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашы құналы аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып алғашқы микроорганизмдермен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады. Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды. Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топыраққа айналды, оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсіп, тірі жәндіктер мен жануарлар пайда болды. Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылытардың бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті.Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес сонымен қатар онда мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар, төменгі және жоғарғы сатылы жан-жануарлар, құрт-құмырсқалардың пайдасы көп. «Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеші жылдар бойы жауын құрты жыртып келген» деген тамаша айтылған тамаша сөзі бар.






Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның белгілі бір бөлігі деп қарайды, яғни бұлaрда топырақ құрамына кіреді деген сөз Сондықтан да топырақты тірі дене деп есептейді.

Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жер әр түрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетіне әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мәңгі тоң астында дамымаған, мәңгі жас құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қара топырақ түзіледі.Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керсінше, ылғалы аз күн суық немесе ыстық аймақтарды бұл құбылыстардың белсенділі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты. Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералы негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдан, ал күн райы ыстық, немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады. Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе, керсінше құрғақ шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп әсер етеді. Топырақ түзуші жыныстар топырақтың қалыптасуы жүретін субстрат болып келеді. Бұл жыныстар топырақ сияқты күрделі табиғи құрылымның іргетасы және каркасы тәріздес. Бірақ та топырақ түзуші жыныстар топырақта жүріп жатқан үрдістерге инертті болып келетін жай ғана қаңқа емес. Ол топырақ түзілу үрдісіне түрлі кейіпте араласатын түрлі минералдардық компоненттерден тұрады. Олардың ішінде химиялық үрдістерге инертті, бірақ та топырақтың физикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын бөлшектер бар. Топырақ түзуші жыныстардың басқа құрамдас бөліктері оңай ыдырап, топырақты белгілі бір химиялық элементтермен байытады, солайша топырақ түзуші жыныстардың құрамы мен құрылымы топырақ түзілу үрдісіне өте зор ықпал етеді.

Мысалы, қылқанды-жапырақты ормандар жағдайында әдетте шымды-сарғыш топырақ қалыптасады. Бірақ та орман зонасы шегінде топырақ түзуші жыныстар құрамында кальций карбонаты мөлшері көп болса шымды – сарғыш топырақтан түрі мен қасиеттері бойынша күрт ерекшеленетін топырақ түзіледі.Топырақ түзілуге топырақ-грунт суы да белгілі мөлшерде ықпал етеді. Су топырақтағы көптеген химиялық және биологиялық үрдістер жүретін орта болып табылады. Өзен аралық кеңістіктегі топырақтың көп бөлігі үшін судың негізгі көзі атмосфералық жауын-шашын болып келеді. Алайда грунт сулары жақын орналасқан жерлерде олар топырақ түзілуге күшті әсер етеді. Олардың әсерінен топырақтың су және ауа режимі өзгереді. Грунт суы топырақты өзінің құрамындағы химиялық қосындылармен байытады, жекелеген жағдайларда топырақтың сортаңдануына алып келеді. Аса ылғалданған топырақтарда оттегінің жетіспеушілігі болғандықтан, микроорганизмдердің кейбір топтарының әрекеті тежеледі. Грунт суының әсері нәтижесінде ерекше топырақ қалыптасады. Жер бедерінің әсері негізінен жер бетіне келген жылу мен суды таратуынан көрінеді. Жергілікті жердің биіктігінің бірталай өзгеруі температуралық жағдайдың едәуір өзгеруіне әкеледі. Таулардағы биіктік (вертикальды) зоналық құбылысы осыған байланысты. Биіктіктің салыстырмалы түрде аздаған өзгерісі атмосфералық жауын-шашынның таралуына әсер етеді. Күн энергиясының таралуы үшін беткейдің экспозициясының мәні зор. Өте көп жағдайда грунт суының топыраққа әсер ету дәрежесі жер бедерінің ерекшеліктерімен айқындалады.Топырақ түзілудің мүлдем ерекше факторы – уақыт. Топырақта өтетін барлық үрдістер уақыт ішінде өтеді. Сыртқы жағдайлардың ықпалы байқалып, топырақ түзілу факторларына сәйкес топырақ қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт қажет. Географиялық жағдайлар тұрақты болып қалмай, өзгеріп тұратындықтан, топырақтың уақыт ішіндегі эволюциясы жүреді.Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін айналды.










1.3 Топырақтың фазалық құрамы.


Топырақ тіршілік ортасы. Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үш фазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауа, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай. Топырақ тау жыныстары ыдыраған кезде алынған минералдық заттар қоспасынан, өсімдіктер мен жануарлардың ұсақ ағзалар қалдығының ыдырауы нәтижесінде пайда болған ағзалық заттардан құрылған құрлықтың үстіңгі қабаты болып саналады. Топырақтың үстіңгі қабаттарында әр түрлі ағзалар — өлген ағзалар қалдығын білдірушілер - саңырауқұлақ, бактерия, кұрттар және басқалар өмір сүреді. Осы ағзалардың белсенді әрекетінен көптеген тіршілік иелерінің өмір сүруіне жарамды топырақтың құнарлы қабатын түзу қамтамасыз етіледі. Топырақ - температураның аздаған ауытқуы, орташа ылғалдық, оттегінің тапшылығы және көмірқышқыл газ концентраңиясының жоғарылығы, үлкен тығыздығымен сипатталады. Топырақ құрамының шұрықтығынан газдардың және судың шұрыққа енуін қамтамасыз етіледі. Ал ол балдыр, саңырауқұлақ, карапайымдар, бактериялар, буынаяқтылар, ұлулар және басқа жөндіктер (омыртқасыздар) тәрізді топырақта өмір сүретін ағзаларға қолайлы жағдай жасайды.

Тірі организмнің тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланысты бола отырып, сол ортаның дамуына бүкіл тірі организм қатысады. Тірі организммен құрылымы да, дамуы да тығыз байланысты ортаның бірі- топырақ. Жер бетіндегі топырақтың түзілуі ұзаққа созылған биогеохимиялық процесс. Ол тау жыныстарына өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмнің, климаттың ұзақ уақыттар әсер ету нәтижесінде құрылады. Тау жынысынан топырақтың айырмасын, оның бойында құнарлылықтың, яғни шіріндінің болуында. Топырақтың құнарлылығы әсімдікке қажетті қоректі тауып беру мүмкіндігімен өлшенеді. Ол қасиет топырақтың химиялық құрамына, физикалық қасиеті, су режіміне байланысты. Топырақ өсімдіктер тіршілігіне әсер ету жағынан климаттық фактордан кем түспейді. Топырақтың түзілуіне байланысты жер бетінің кейіпі де өзгереді. Топырақ арасындағы микроорганизмдер мен әлі табиғаттың қарым-қатысы оның физикалық, химиялық және механикалық құрылымын жақсарта түседі. Топырақтың жоғарғы қабатында өсімдіктерге керекті азот, калий, калций, фосфор т.б. химиялық элементтер жинақталған. Ал, топырақ ылғалы өнбойына оттегі, еріген тұздар, минералдық заттарды сіңіріп, сілтілік немесе, қышқылдық ортаны қалыптастырады. Осылайша топырақ арасында үздіксіз әлемдегі зат алмасулар жүреді. Осылардың нәтижесінде топырақтың аймақтар мен зоналарға тән климаттық факторлар жиынтығы, рельефі, гидромеханикалық режімі қалыптасып, сол жердің биоценоз жиынтығын құрайды. Топырақ түзуші басты фактор микорорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өкілдері. Сонымен бірге топырақ ашық жылжымалы жүйе , өйткені ол биосфераның басқа жүйесімен үздіксіз қарым – қатнаста болып отырады. Топырақ табиғи дене ретіндегі ерекшелігі – ол өте күрделі зат құрамдары мен негізгі көрсеткіштердің өзгерулерінің заңдылықтары бар болуы. Сонымен қатар ерекше, тек топыраққа ғана тән органикалық заттары қарашірінді химиялық элементтердің әр түрлі құрамдарының болуы.

Топырақ - күрделі дене, ол бірнеше фазалардан тұрады. Қатты фаза( миниралды және органикалық ), сұйық фазалы ( топырақ ертіндісі ), газды фаза ( топырақ ауасы ) және тірі фаза ( топырақтағы тірі организмдер ). Бұл фазалар бір – бірімен өте тығыз байланыста болады.

Топырақтың қатты фазасы - топырақтың табиғи көлемінің 50-60 % - ын алады. Қатты фаза құрамына топырақтың миниралды және органикалық бөлшектері жатады, ал миниралды бөлшек топырақтың қатты фазасын негізін құрайды. топырақтың құнарлы қара шіріндісіне бай беткі қабат үстіне одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың миниралды құрамы сақтайды .

Топырақтың сұйық фазасы - бұл топырақтағы ылғал, топырақ ертіндісі. Топырақтағы құрамы мен құрлымы бойынша оның өте жылжымалы бөлігі . Сұйық фазаны - топырақ денесінің қаны деуге болады , себебі ылғалдың топыраққа тік және көлемнің жылжу нәтижесінде топырақ пішінінде қабаттар бөлінеді .

Топырақтың газды фазасы - топырақтағы судан бос кеуектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы ауадан өзгеше болады.

Топырақтың тірі фазасы – бұл топырақты мекендейтін және топырақ түзу процесіне қатысатын тірі организмдер. Табиғатта топырақтар осы барлық фазалардың бірлігі арқылы бір физикалық дене сияқты қызмет етеді. Топырақ фазаларының құламдары жеке айналысады.












IІ-тарау

Географиялық аймақ – топыраққа әсер етуші факторлардың бірі .

2.1 Наурызым ауданының климаты.


Наурызым климаты тым континеттік - қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -18-19°С, оңтүстігінде -16-17°С. Кейбір қатаң жылдары -40°С-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы 19-20°С. Кей жылдары 35-40°С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% -ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған. Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде 4-4,5 м/с-тан, оңтүстігінде 5-6 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік желдер, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдер басым.

Климаты негізгі климат түзуші факторлардың бірі — күн сәулесінің ұзақтығы, ең жоғары орта айлық мәні шілдеге келеді. Облыс аймағы негізгі үш түрлі ауа массалары ықпалында болады: арктикалық, полярлық қоңыржай белдеу ауасы. Жылдың суық мезгіліндегі ауа райының қалыптасуына Азия антициклонының батыс тармағы үлкен әсерін тигізеді. Қыста ашық ауа райы басым. Ең суық ай – қантардың. Көктемдеде антициклондық ауа райы режимі сақталып, құрғақ әрі желді ауа райы қалыптасады күндіз жылы, түнде үсік байқалады. Жалпы көктемгі ауа райы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Жазда ашық әрі ыстық ауа райы орнайды. Ең жылы ай — шілде болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының ең жоғары мәндері қыста байқалады. Облыс аймағында қарашадан наурызға дейін оның орта айлық мөлшері. Жылы мерзімде салыстырмалы ылғалдылық маусым-шілде айларында ең төмен орташа айлық мөлшері байқалады. Ең жиі байқалатын кезең жаз, оның ішінде шілде айы. Климат жағдайларының топырақ түзілу үрдісі үшін маңызды мәні бұрыннан өзіне назар аударып келеді. Топырақтың энергиямен жылумен және едәуір мөлшерде сумен қамтамасыз етілуі осы климатқа байланысты. Келген жылу мен ылғалдың жылдық мөлшеріне, оның тәуліктік және маусымдық таралуы ерекшеліктеріне қарай топырақ түзілу үрдісі дамиды. Аязды кезеңде топырақтың тоңазуы тоңдануы, биологиялық үрдістердің тоқтауы және физико-химиялық үрдістердің күрт бәсеңдеуі жүреді. Сондай нәтиже құрғақшылық аудандарда ылғалсыз кезеңде қалыптасады. Ауа массаларының қозғалысы жел топырақтың газ алмасуына ықпал етеді және шаң түріндегі топырақтың ұсақ бөлшектерін іліп әкетеді ұшырады.




    1. Флорасы мен фаунасы.


Науырзым ауданының табиғи қорығы Қазақстанның ертеден келе жатқан қорықтарының бірі, ол 1931 жылы ұйымдастырылған. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Науырзым қорығын «Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері» номенация құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО Тізіміне ұсынды. Қазіргі кезде Науырзым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады.
Қорық аумағы үш телімнен тұрады – Науырзым, Тірсек және Сыпсын, олар толық экологиялық бағыттарын өңірдің экожүйесін ұсынады. Қорық флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Бұл дала жері үшін орташадан 3 есе көп.
Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Науырзым бор 16 мың гектар алқапта орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар азайтылып, қайын және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен аумастырылады. Көктем келген мезгілде дала көк кілемге айналады. Орман шабындықында ашық-сары түс адонистер, ал саз телімдерінде иіліп тұрған қызғалдақтар және екі түсті қызғалдақтар көктеп шығады. Мамыр айының басында ідемі Шренк қызғалдағы шығады, ойпаң жерлерде нәзік-қызғылт түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады, спера, ирис және басқа да гүлдер гүлдене бастайды. Қордың аумағында 342 омыртқалы жануарлар түрі белгіленген: 44 аңтар түрі, 282 құстардың түрі, рептилия мен амфибияның 3 түрінен және 10 балық түрлері. Науырзым борында тиіндар, тышқандар, қояндар: орман аққояндары және дала орқояндары бар. Бұл жерлерде кәдімгі ірі кірпікшешен және кішкентай, құлақты дала кірпікшешендері жүреді. Негізгі фаунаны сүтқоректі кеміргіштер: сұр тышқандар, тышқандар, аламандар (кәдімгі, эверсман, жоңғар), саршұнақтар үлкен, кіші, сары) және дала суырлары құрайды. Көп омыртқалы жыртқыш аңдар: аққалақ, ақкіс, дала күзені, борсық, қарсақ, түлкі, қасқар. Ең ірі сүтқоректілердің түрлері: бұлан, елік, қабан, 1990-жылдың басына дейінгі жазда бөкен, киік табындары жайылып жүрген.

Фаунада 155 ұясалушы құс түрлері бар, Қазақстанның қорықтарыдағы ең көбі, Марқакөлден басқалары. 127 түрлері ұшатын, кезбе немесе қыстаушы құстар болып табылады. Сирек кездесетін құстардың 40 түрі ұсынылған: 35 Қазақстанның Қызыл кітабына кіргізілген, 17 Халықаралық (МСОП). Науырзымның бір аймағында ғана бүркіттің 4 түрі ұя салады: бүркіт, қарақұс, субүркіт және дала бүркіті. Қарақұстардың ұя салу топтасуы 40, субүркіттері 18-20, балобандар 16-20, бүркіттер 3-4 жұпқа шейін жетеді. Фауна су-бабпақты жердің құстарының 110 түрінен тұрады.

2.3 Наурызым ауданының топырақ жамылғысы мен топырақ эрозиясы


Топырақ – табиғат компаниенттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палгогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабатты милмон жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болған . Бұл кезде әлі өсімдіктер жамылғысы қалыптаспаған

Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар - топырақтың пайда болуының дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар әсерінен, тау жыныстарының үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым, осы факторлар көп жылдық үздіксіз әсердің нәтижесінде құнарлы топырақ пайда болды.

Наурызым ауданы дала табиғат зонаснда орналасқан. Дала зонасына тән топырақ жамылғысы қара-қоңыр және қоңыр топырақ. Қара – қоңыр топырақ профильі қара – шіріктіге ұқсас болып келеді, бірақ топырақ құнарлығының гумус пен азот мөлшері 4%-ға жуығы азаяды. Топырақ құрамындағы гипс, тұз, карбон мөлшері азаяды.

Қара-қоңыр топырақтың механикалық құрамы жұртылған, дәнді – дақылдар егуге қолайлы. Сонымен қатар қара-қоңыр топырақтың құнарлығы қоңыр топыраққа қарағанда біршама жақсырақ, бірақ өнім жинау мөлшері тұрақсыз болып келеді.

Қара –қоңыр топырақ зонашығында сортаңдалған және сор сопырақтар кездеседі, олардың беткі қабатындағы гумус мөлшері 2-3% құраса, тереңдігіне қарай 15-20% -ға дейін жетеді.

Наурзым ауданында аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан солтүстік жағын қара топырақ ал оңтүстік бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр , қара және қоңыр қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған.

Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Эрозия су, жел. Зерттеулері нәтижесінде ауданымыз жел эрозиясына бейім. Жел эрозиясының басым болуы, жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы. Күшті желдің жиі соғуы; топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы топырақтардың молдығы. Су эрозиясы Аққан судың топырақтың беткі қабатын шайып кетуін, жыра мен сай-саланың, жар мен орлардың пайда болуын топырақтың су эрозиясы деп атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады.

III- тарау.

Зерттеу бөлімі.

Зерттеліп отырған топырақ үлгісі Наурызым ауданы Шилі ауылының топырағы. Топырақпен толығырақ танысу үшін анализ жасау арқылы зерттедік , топырақтың құрылымдық және механикалық құрамы мен морфологиялық қасиеттері зерттелді

Топырақтың морфологиялық қасиеттерін зерттеу, қабаттардың кескініне сипаттама беру.

  • ылғалдылықты төмендегідей анықтадық;

  • ылғалды топырақ салқында иленеді, сүзгені қағаз суланғаны байқалды

  • сазды топырақ салқында су бөлінеді, бірақ ақпайды. сықпа жасауға болады;

  • Сулы топырақ салқында суы ағады.

  • Бос топырақ күректе жеңіл болады, құмамы бөлшектерге оңай бөлінеді.

Үгілгіш топырақ бөлшектерге байланыспаған құм немесе құмдақ гумысты аз. Бөгде заттар мен жаңа түзілмелер, құрамында өсімдік тамырлары, қиыршық тастар көп кездеседі.

Топырақ қабаттары А В С топырақтың түсі ақшыл қара, қара, сары Топыпақтың құрамы: А қабатында ірілі ұсақты түйіршікті, құм аралас тастар өсімдік тамырлары. В қабаты орташа түйіршікті, құм аралас . С қабаты ірі – ұсақ түйіршікті болып келеді . ( 1- кесте)

Топырақтың механикалық құрамы: зертханалық жұмыс барысында зертедік берілген формула арқылы есептедік (f=100-(a+b) );

f- шаң мөлшері 100%

а- Саз мөлшері %

b - құмдақ мөлшері %

Шаң мөлшері 100% , саз мөлшері 15% , құмдақ мөлшері 80%. Топырақтың шаң мөлшері 5% - ды құрайды. Топырақтың механикалық құрамы құмдақ болып келеді.( 2 - кесте )

Топырақтың құрлымдық құрамы;

Су, ауа, жылу сақтауын анықтадық. А қабатының бөлшектер көлемі 1, 1.2,1.5, 3.5 мм тұрады. Бөлшектер салынған табақшалар 9, 30 , 30 , бөлшектер пайыздық есеппен 9, 30, 30 құрайды, құрлымдық құрамы ұсақ түйіршікті болып келеді. Б қабатының бөлшектер көлемі 1, 1.2,1.5, 3.5 мм тұрады, бөлшектер салған табақшалар мен пайыздық көрсеткіші 90, 75, 80,80 құрайды, құрлымдық құрамы ірілі түйіршікті топырақ. С қабатының бөлшектер көлемі 1, 1.2,1.5, 3.5 мм тұрады, бөлшектер салған табақшалар мен пайыздық көрсеткіші 50,55,60,50 құрайды, құрлымдық құрамы ірі түйіршікті топырақ.


Топырақтың су өткізгіш қасиеті мен ылғалдану коффицентін анықтадық

Негізгі үш топырақ үлгісімен жүргізілді, олар ақшыл қара , қара , сары .су өткізгіштік қасиетін анықтау үшін зертханалық жұмыс барысында зерттедік, берілген топырақ үлгілерін уақыт арқылы су өткізгіштігін есептедім, алғашқы минутта еш өзгеріс байқалмады, үш минут өткеннен соң, су мөлшерінің өзгерісі байқалды.

Топырақтың су көтергіш қабілітін анықтадық - берілген топырақ үлгілері бойынша минут сайын көтерілу деңгейін есептедік, топырақ үлгілері ақшыл қара, қара, сары, 1 мм –лік елеуіш арқылы иленген топырақты, шыны түтікке салып, түтіктің бетін дәкемен байлап, топыраққа су тамыздық 5 минутта топырақ 1,8 мм көтерілді, 10 минуттан кейін 2,1мм көтерілді, 15 минуттан соң 2,4 мм көтерілді, 20 минуттан кейін 2,7 мм көтерілді , 25 минуттан кейін 3 мм көтерілді,

30 минуттан кейін 3,2 мм көтерілді.

































Кесте 1

Топырақ қабаттары

Қабаттар 1 м тереңдіктегі топырақ қалыңдығы

Түсі

құрлымы

Бөгде заттар

А

5 см

Ақшыл қара

Ірі ұсақты түйіршікті

Өсімдік тамырлары , ұсақ тастар

В

7.5 см

Қара

құнарлы

Қара шірік

С

16.5 см

Сары

-

Саз, құм



Кесте -2

Сазды анықтау.

30- мин цилиндрдегі топырақ өсуі.

Топырақтың қасиетінің өсуі .

Саз.

Құмды анықтау.

Шайылған соңғы топырақ көлемі .

Құм.

Шаң мөлшері.

Топырақ құрамы .

4мм

0.75

0.75мм

15%

8мм

10

10

5%

Құмдақ























Қортынды

Қорыта айтқанда, Ауылымыз облыс орталығының оңтүстңгңінде орналасқан. Физикалық –географиялық жағдайы жазықты. Наурызым ауданы дала табиғат зонаснда орналасқан. Дала зонасына тән топырақ жамылғысы қара-қоңыр және қоңыр топырақ. Қара – қоңыр топырақ профильі қара – шіріктіге ұқсас болып келеді, бірақ топырақ құнарлығының гумус пен азот мөлшері 4%-ға жуығы азаяды. Топырақ құрамындағы гипс, тұз, карбон мөлшері азаяды.

Қара-қоңыр топырақтың механикалық құрамы жұртылған, дәнді – дақылдар егуге қолайлы. Сонымен қатар қара-қоңыр топырақтың құнарлығы қоңыр топыраққа қарағанда біршама жақсырақ, бірақ өнім жинау мөлшері тұрақсыз болып келеді.

Қара –қоңыр топырақ зонашығында сортаңдалған және сор сопырақтар кездеседі, олардың беткі қабатындағы гумус мөлшері 2-3% құраса, тереңдігіне қарай 15-20% -ға дейін жетеді.

Топырықты келесідей зерттеу түрлері жүргізілді;

  • Топырақтың морфологиялық қасиеттерін зерттеу, қабаттардың кескініне сипаттама берілді

  • Топырақ қабаттары мен профиль сызылды

  • Топырақтың механикалық құрамы мен топырақтың құрлымдық құрамы анықталды

  • Топырақтың су өткізгіш қасиеті мен ылғалдану коффицентін анықталды

  • Топырақтың су көтергіш қабілітін зерттелді.

« Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» аясында біз туған өлкемізге кішкене болса да өз үлесімізді қоспақтыз. Келер ұрпаққа туған жерінің топырағының қасиеті мен құнарлығын айта отырып, топырақтың ғылыми тұрғыдағы сапасын білу. Топырақ – табиғат компаниенттерінің бірі болғандықтан оны сақтау адамзаттың қолында.















Пайдаланған әдебиеттер .

  1. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы : Жамалбеков Е . Белдебаев Р. Оқулық .- Алматы : Қазақ университеті, 2006.- 246 бет .

  2. Т.Т. Тазабеков және авторлар ұжымы . Топырақ географиясы /оқулық /-Алматы , ” Агроуниверситет ” баспасы . 2000 ж., 180- бет.

  3. http://kk.wikipedia.org/wiki/ .

  4. Бигалиев А.Б, Жамалбеков Е.У , Белдебаев Р.М . Қазақстан топырағы және оның экологиясы .Алматы . Санат , 1995 – 132б .

  5. Қабышева Ж.Қ . Топырақтану : Оқулық.-Алматы , ЖШС РПБК «Дәуір», 2013. - 416 б .

  6. Мирзадинов Р.А , Торғабаев Ә.Ә , Үсен Қ , Топырақтану / оқулық құралы / Алматы : Қаз ККА , 2009 -27 б .

  7. http://www.distedu.ru/edu7/p11.

  8. Тазабеков Т.Т . Топырақтың құнарлығы .- Алматы 1999 .

  9. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв . Высшая школа , 1981 – 400 б .

  10. Оспанов Ө . Жамалбеков Е . Құнарлы жер . Қазақстан . Алматы . Ғылым 1983- 132 б .

  11. Тайжанов Ш. Топырақтану . Оқу құралы . Павлодар, 2004 .

  12. Шилибек С.Қ Топырақтар механикасы . – Алматы . 2009.- 127 б .



















«Наурызым ауданы білім беру бөлімінің Шилі орта мектебі»

Мемлекеттік Мекемесі









Утегенова Жанель

10 сынып


Туған өлке топырағы.

Наурызым ауданы Шилі ауылы


Бағыты: Өлкетану


Жетекшісі: Тулегенова Айгерим Бауржановна















Қараменді

2020 жыл







Аннотация

«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» аясында өлкетану бағытындағы ғылыми жұмыста автор өзі туған өлкесі Қостанай облысы Наурызым ауданына географиялық тұрғыдан сипаттама бере отырып, Ауданға қарасты Шилі ауылына тән топырақ профильін жасап, механикалық және морфологиялық құрамы мен қасиетін зерттеу. Адамның өмір сүруіне қажеттінің компонетттердің бірі табиғат. Табиғаттың маңызды бөлшегі ол топырақ. Зерттеудің өзекті мәселесі ол туған өлке топырағы.

Аннотация

В данной научной работе автор затрагивает одно из направлений, определенной в проекте, Модернизация общественного сознания; « Взгляд в будущее». Показаны географические особенности рельефа,состава почвы в с. Шили Наурзумского района, Костанайской области. Изучена механическая и морфологическая особенность земной поверхности. Акцентировано внимание на том, что человек- неотьемлемая часть природы и она для него жизненно необходима. Изучение почвы родной земли – основная цель научной работы.

Annotation

In this scientific work the author draws one of the directions of the ` Looking into the future` defined in consciousness. Shows a public project Modernisation of the peculliaty of the relief of the soil composition in the vellage sewed Hay gejgriphic Kostfnfy region studied the mechanical fnd morphological area , attention to the fact thet man is a feature of earth`e surface. Accentuated Study of the soil neotemnaya part of the nature of the ion for him is vital. The purose of scientific work. Native land – the main.



Түйін сөздер: Аудан, ауыл, туған өлке, топырақ, құрылым

Ключевые слова: район, аул, родной край, почва, структура

Keywords: area, aul, motherland,the soil,structure,








Жұмыстың мақсаты: Топырақтың құрамы мен қасиетін зерттеу арқылы туған өлкенің ауылымның топырағын анықтау.

Жұмыстың мақсатына сәйкес міндеті:

1. Топырақтың құнарлығын анықтау.

2. Ауылдағы топырақтарды жинап,сол топырақтарға сипаттама беру.

Зерттеу болжамы:

Топырақтың механикалық құрамын және маңыздылығын зерттеу, топырақ профильін жасау

Жұмыстың зерттеу әдістері:

Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері: зерттеулер, практикалық жұмыс

Жұмыстың өзектілігі. Жұмысымыздың басты өзектілігі ол туған өлкеміздің топырағын зерттеу болып отыр. Зерттелмек болып отырған аймақ Наурызым ауданымна қарасты Шилі ауылы. Жалпы аудан көлеміндегі топырақты қарастыра отырып, Шилі ауылына тән топырақ профильін жасап, оның құрамы мен қасиетін зерттедік.

Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық- түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді.

Топырақтың жалпы адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты.


















Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................................5

І тарау. Топырақ түзуші процесс және топырақтың құрамы

    1. Топырақ түзуші процесс...........................................................................................6

    2. Топырақ түзуші факторлар.......................................................................................9

    3. Топырақтың фазалық құрлымы..............................................................................12

ІІ тарау. Географиялық аймақ – топыраққа әсер етуші факторлардың бірі

2.1 Наурызым ауданының климаты ............................................................................14

2.2 Флорасы мен фаунасы.............................................................................................15

2.3 Наурызым ауданының топырақ жамылғысы мен топырақ эрозиясы................16

ІІІ тарау. Зетттеу бөлімі..............................................................................................17

Қорытынды.....................................................................................................................20

Пайдаланған әдебиеттер ...............................................................................................21




19


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
1092
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі