400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Туған өлкем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлке туралы түсініктерін қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.12.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Туған өлкем»

Топ: II- кіші тобы

Тақырып: «Біз тұратын қала» (сурет бойынша әңгіме құрау)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Өз мекеніне, қаласына  деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мнемотехника әдісі арқылы қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету

Оқыту: Сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылығын арттыру.

Педогогикалық технологиялар:  .

Ресурстармен қамтамасыз ету:  

Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері: -Балалармен сәлемдесу. Шаттық шеңбері- Оқу қызметімізді бастамас бұрын бейнероликке назарларыңды аударыңдар.- Мына бейнероликте сендер нені көрдіңдер?-Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар? -Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз Қызылорда қаласында тұрамыз. 

Негізгі бөлім: - Балалар, бүгін біз «Қатынас» білім беру саласы бойынша Сөйлеуді дамыту оқу қызметінен сендерге туып өскен  жеріміз, қаламыз жайлы әңгімелесетін боламыз.- Балалар, сендер білесіңдерме, Қазақстан  Республикасының көптеген қалалары мен  ауылдары бар.  Сол қалада  сендер сияқты бақытты балалар  тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін  мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен біз тұратын қала жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Суретпен жұмыс - Біз ҚазақстанРеспубликасының Қызылорда қаласында тұрамыз.Қаламызда мектептер және бала-бақшалар, театрлар, кітапханалар демалыс орындары, ескерткіштер көп. Күні бойы қалада қыдырып, оның әсемдігіне тамсанып, тамашалауға болады. Біздің қаламызда атақты жерлестерге арналған ескерткіштер, қала көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп. Мына суреттерге қарап қандай ғимарат екенін есімізге түсірейікші. 

Бұл музейде ата- бабаларымыздан қалған ескі заттарды осында сақтайды екен, көрдіңдерме? Музейдің іші өте әдемі екен.

Бұл – театр. Театрда көптеген қойылымдар, ән кештері өтеді. 

Қаламыздың орталық алаңы.

Бұл – демалыс паркі. Мұнда түрлі ойын атракциондары бар.

Президент саябағы – қаламыздағы саябақтардың үлкені. Мұнда көптеген адамдар тынығып, демалуға келеді.

Дидактикалық ойын: «Менің мекенжайым» -Біздер әртүрлі көшелерде тұрамыз. Мәселен, мен С.Асфандияровкөшесінде тұрамын. Ал сендер қай көшеде тұрасыңдар?  -Біздің қалада қандай демалыс орындары бар? -Балалар,шаршаған боларсыңдар, қане, бойымызды бір сергітіпалайық. Сергіту сәті

Көше бойы келеміз,

Онда не бар көреміз:

Автобекет, дүкендер,

Мұражай мен әуежай.

Барлық үйлер сәулетті

Біздің қала әдемі!

Үштілділік: қала-город-city, көше -улица-street

Тапсырма аялдамасы

Суреттердің ішінен Қызылорда қаласындағы ескерткіштерду тауып қалташаға салу.

Үлгі сурет бойынша қиынды бөліктерден суретті құрастыру.Өнер аялдамасы Шығармашылық сәт«Менің қалам» тақырыбына сурет салу ұсынылад

Қорытынды:

«Сұрақтар аялдамасы» Сұрақтар қойып, оқу қызметін талдап қорытындылау. -Бүгінгі оқу қызметінде не жайлы әңгімелесті? -Біз тұратын қалада қандай ескерткіш, ғимараттар бар екен? -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? -Балаларды мақтап, мадақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі