Алғалиева Гүлзат
Рахымжанқызы
бастауыш сынып
мұғалімі
Шығыс Қазақстан
облысы
Тарбағатай
ауданы
Көктүбек ауылы, Көктүбек орта
мектебі
Әдебиеттік оқу.
2-сынып.
Тақырыбы: Туған өлкем.
Өтебай Тұрманжанов
Оқу
мақсаты:
1. Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін
түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ұлттық құндылық туралы
түсінікті кеңейту.
2. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау мен жазу
дағдысын дамыту.
3. Оқушыларды Отанға, туған өлкеге деген
сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді сүюге
тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білімді
меңгерту
Сабақ түрі: кіріктірілген
сабақ (әдебиеттік оқу – өзін - өзі тану
)
Көрнекілік: «Қазақстан» туралы
слайд, сөзжұмбақ «Туған өлкем», ән
Әдіс – тәсіл: СТО технология
стратегиялары
Барлық
оқушылар:өлеңнің мазмұнын
меңгереді,сатылай кешенді талдау жасай
алады.
Оқушылардың
көпшілігі:Отан,туған жерді
құрметтеуге,табиғатты аялауға ат
салысады.
Жекелеген
оқушылар:Отан,туған жер
жайлы түсініктерін,табиғатының әсемдігі,байлығы жайлы
түсінеді.
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі
Ойын: Түс
таңда.
Мақсаты: Түс таңдау арқылы
оқушыларды топқа
бөлу.
Көк түс - ашық
аспан
Сары түс – жарық
күн
Жасыл түс-
шалғын,өсімдік
Топты
таныстыру
1-топ.
Аспан
2-топ. Алтын
күн
3-топ
Өсімдік
Тыныштық
сәті «Сурет
салу»
- Балалар, ыңғайланып отырып
алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Әуенді тыңдай отырып,көздеріңді
жұмып, қандай сурет көз алдарыңа келді,сол суретті жұп бойынша
алдарыңдағы бетке салып
шығасыңдар.
Барлық оқушылар салып
шығады,суреттерін қорғайды.Әуенмен сурет арасындағы байланысты
айтады.
Қызығушылығын ояту. Ассоциация. Қазақстан туралы
не білеміз?
Қазақстан
«Қазақстан» сөзін басқаша
қалай айтуға болады?
- Отаным, туған жерім,
атамекенім, туған өлкем, туған
елім.
Атамекен – туған халқының, ұлттың қасиетті мекен
еткен, ата – бабаның қоныс тепкен
жері.
Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге
келген жері,
Туған өлке - ата – бабаның қоныс тепкен жері мен
өмірге келген жеріңнің табиғат
көрінісі.
Мағынаны
тану.
Өтебай Тұрманжанов –
ақын.
Оқулықпен жұмыс. Туған
өлкем.
Өлеңді түсініп, мәнерлеп
оқы.
Сөздік
жұмыс:
Жұпар –хош
иіс
Шалқып
тасқан-өркендеген,көркейген.
Талдау.
1. Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді
ата.Өлең жолдарынан мысал келтіре
отырып дәлелдейді.
- Қуаныш
- мақтаныш
- шаттық
2. Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не
дейді?
3. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді
қалай түсіндің?
4 Туған өлке тағы несімен
көрікті?
5. Туған жерді көркейту үшін сен қандай үлес
қосасың?
Шығармашылық
жұмыс.
Ақын сөздерін пайдаланып, туған өлкең туралы өлең
құрастыр.
Неткен сұлу, неткен
көркем,
Осы менің туған
өлкем.
......................................
.......................................
Поэзия минуты.
«Отан» туралы топ басшылары өлеңді жатқа
оқу.
Постер
қорғау
1-топ:Туған өлкем (сурет
салады)
2-топ:Туған жер (шағын әңгіме
жазады)
3-топ:Туған жер (ән
айтады)
Ойын: Бақыт
ағашы.
Мақсаты: Отанға деген өз тілегіңді
арнау.
Шарты: Жапыраққа өз тілегіңді жазып, ағашқа
орналастыру.
Бекіту. Ой
толғаныс.
- Өлең қалай
аталады?
- Өлеңді кім
жазған?
-Өлеңнен алған әсерің
қандай?
-Өлеңдегі жаныңа жақын әсер
еткен сөздерді айт
Жүректен -
жүрекке.
Отаным, саған
ризамын,......
Туған өлкем, саған мың алғыс
...........
Үйге тапсырма. «Туған өлкем»
өлеңін жаттау.
Бағалау.
-Топты
бағалау.
-Жұпты
бағалау
- Жеке оқушыны
бағалау
Тыныштық сәті.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды
жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да
болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс
алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза,
шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Енді көздеріңді
ашсаңдар да болады.