Туған өлкем - Жаңаөзен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлкем - Жаңаөзен

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту. Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Туған өлкем - Жаңаөзен
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. 
Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
 
Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Суреттер, шар, гүлдер
Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру, сәлемдесу, топқа бөлу, топтық жұмыс, Әнұран орындалады «Менің Қазақстаным»

Топқа бөлу: (Топқа Жаңаөзен қаласындағы ғимараттар атаулысымен топқа бөлінеді)

1 – топ: Мұнайшы тобы

2 – топ: Дулыға тобы

3 – топ: Жалын тобы

Оқушылар қаламыздағы әсем ғимараттарды көргені туралы айтады,топты қорғайды

Құрметті: Оқушылар! Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай - Туған өлкем - Жаңаөзен» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Жаңаөзен қаласының әкімі кім?
- Облысымыз қалай аталады?
- Біз қай мектепте оқимыз?
Кіріспе: Туған жеріміз туралы мағлұмат беру.
Жаңаөзен қаласы - Маңғыстау облысындағы жаңа дамып келе жатқан жас қала. Облыс орталығы - Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Қала 1968 жылы қаланған. Биыл қаламызға 50 жыл толып отыр. Тұрғындар саны 130 мыңға жуық. Қалада жалпы 17 шағын аудан бар: оның 6 шағын ауданы – көп қабатты үйлер, қалғандары жер үйлерден тұратын шағын ауылдар. Және осы аудандарға іргелес Теңге(қазақ ауыл депте айтады) деген үлкен ауыл бар. Қаламызда 22 мектеп, 20 дан астам балабақша, "Мұнайшы" мәдениет үйі, 2 спорт кешені, музыкалық мектеп, қалалық, аудандық емханалар, медициналық колледж, 4кәсіптік оқу орны, кітапханалар бар.
Қаланың экологиясы шөлейтті, жазық дала. Негізгі шаруашылығы - мұнай және газ өндірістері. Ауыл шарушылығынан түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамыған. Бұдан басқа тігін фабрикалары, сүт зауыттары, нан зауыттарыда бар.

Келесі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік. (Оқушыларға қаламыздың әсем жерлерін көрсету,оқушылар ғимараттардың атын атайды)

Жаңаөзен қаласы



1 оқушы
Жаңаөзен мұнайшылар астанасы

Өлкемнен мұнай мен газ табылады
Жаңаөзен «қара алтынның» бас қаласы

Қоймаға «қара алтындар» ағылады

2оқушы
Жаңаөзен, Елбасы өзі қамқор болған

Еңбекқор аймақтағы ағалардың
Жаңаөзен жаңа ғасыр бастамасы

Бар әлем куә болар бағына әлі

3 оқушы
Елімнің құты – мұнай берекелі

Маңғыстау деген маң қала
Белгілі Маңғыстаудың жері екені

Теңізге төнген сән қала

4 оқушы
Мұнайшы еңбеккерлер тойлап өтпек

Мұнайлы биік мұнара
Жиырма екі жыл «Егемендік» мерекені

Алдыңнан өткен аруана

5 оқушы
Қазақстан жерінде

Өзім туған өлкеме
Маңғыстау деген өлке бар

Құлшына мен қараймын
Маңғыстаудың байлығы

Маңғыстауым - Отаным
Мұнайымен табылар

Топтық жұмыс:

1 – топ: Мақал мәтел айту туған жер туралы

2-топ: Сурет сал туған жер туралы

3-топ: Тақпақтар айту

Топтық жұмыстарын орындайды қорғайды.

Қорытындылау:
Маңғыстау - туған елім, өскен елім

Қарқұйрық қойнында асыр салған
Жаңаөзен - сенсің менің, туған жерім

Аңшылық кәсіп болып мұра қалған
Төбеңде ақша бұлт пен күн ойнаған

Үстірт қорық мекені талай аңның
Бір Бекет қолдап жатқан маңғаз едің!

Қыран бүркіт шыңына ұя салған
Каспийдей шалқып жатқан теңізім бар
Газ бенен мұнай атты егізің бар
Кем емес нулы, сулы Жетісудан
Маңғыстау бұл дүниеде киелі өлкем

Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз жырлағандай ендігі кезекті әнге берейік.
Ән: Оқушылардың орындауында « Менің Жаңаөзенім »




Жаңаөзен қаласы

21 орта мектеп









Ашық сабақ

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері










Сыныбы: 5 «Ж»

Пән мұғалімі: Кыставбаева Мерверт




2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі