400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған өлкем –Ақтөбе

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, жалпы адамзаттық қасиеттерді бойында табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№7 «Арман» балабақшасы, Ақтөбе қаласы

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Әбентаева Дина Мәженқызы

Тақырыбы: Туған өлкем –Ақтөбе

Облысы: Коммуникация

Бөлімі: Қазақ тілі

Тобы: №1 «Көбелектер» тіл мүкістігін түзету тобы

Мақсаты: Балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, жалпы адамзаттық қасиеттерді бойында табылады.

Білімділік: Қазақстан туралы мағлұмат беріледі. Отан, туған жер , мемлекеттік рәміздер туралы терең түсініктерін қалыптастырады. Ақтөбе қаласы туралы түсініктерді меңгереді. Сын есімдерді қолдану арқылы, қаланы сипаттай алады.

Дамытушылық: Балалар байланыстыра сөйлеп, танымдық қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: сүйіспеншілік құндылығы арқылы өз Отанына, туған жеріне деген адалдық, патриоттық сезімдері оянады.

Ресурстар: Тақырып бойынша көрнекіліктер, слайдтар, АКТ технологиясы.

Әдіс – тәсілі: 4К моделі, командада жұмыс, бала үні, жанама бақылау.

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1. Амандасу.

- Сәлем, сәлем, балалар!

- Сәлеметсіз бе!

- Аман – есенсіңдер ме?

- Аман – есенбіз!

- Көңіл – күйлерің қалай?

- Өте та – ма - ша!

- Әсем әуен тыңдаймыз,

Кәне, жаңаша!

  • Би билейміз,

Ән де саламыз.

  • Кәне, бәріміз,

Бірге қайталаймыз!

Педагог: Қандай керемет, тату балалар. Кәне, бір – бірімізге қарап, күлімдейміз, бір – бірімізді құшақтаймыз.

(балалар екі – екіден тұрып, күлімдеп, құшақтасады).

2. Балалар қонақтармен амандасады.

- Сәлеметсіздер ме!

Педагог: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Бала: - Қазір жылдың күз мезгілі?

Педагог: - Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

Бала: - Қыркүйек, қазан, қараша.


3. Слайд №1 «Отырып әңгімелесейік»

Мұғалім: Балалар, өздерің туралы айтып өтсеңдер.

Балалар: Менің атым .... . Мен №1 «Көбелектер» ересек тобындамын. Біздің балабақша №7 «Арман» деп аталады.


4. Слайд №2 «Өткен тақырыпқа шолу».

(Педагогтің жетекшілігімен)

Дидактикалық ойын «Тиісті орынға орналастыр»

Мақсаты: Берілген суреттерді торкөздерге орналастыру керек.


5. Әли мен Айя

Глобустан Қазақстанды көрсетеді.


Педагог: Балалар, Айя мен Әли сендерге тапсырма беріп жіберіпті, алдымен бойымызды сергітіп алайық.


6. Сергіту сәті. «Он саусақ екі қолда» өлеңін айтады. (9 трэк)

(қимылдар жасайды)


Он саусақ екі қолда,

Он башпай екі аяқта.

Екі құлақ, екі көз,

Мұрын жалғыз бірақ та,

Бірге шапалақта!


Десять пальцев на руках,

Десять пальцев на ногах.

Один нос, два уха,

Один нос, два глаза,

Хлопаем два раза!


Педагог: Біз Қазақстанда тұрамыз.

Біз мақтан етеміз.

(балалар қайталайды).

  • Біздің Отанымыз Қазақстан. Біздің Отанымыздың кең байтақ екенін көру үшін сендерді ойын ойнауға шақырамын.

Дидактикалық ойын «Қазақстан картасын құрастыр»


Педагог: Қазақстан картасына назар аударуды сұрайды.

Бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық:

Отан – Родина, ел – страна, Астана –Столица, қала – город.

  • Қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Біздің қаламыз қалай аталады?

  • Астанамыз қай қала?


7. Тақпақтар:

Жасмин:

Отан – туған үйіміз,

Отан – туған жеріміз.

Отан – ортақ үйіміз,

Отан – көңілді ән, күйіміз.


Айя:

Ен даласын

Егін жапқан.

Бар баласы

Бақыт тапқан.

Менің жерім,

Туған елім –

Күн сәулелі Қазақстан!


Дания:

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің қызымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.


Хатиджа:

Ұлан байтақ жері бар,

Пайдалы қазба кені бар.

Тәуелсіз ел – Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан.


8. Ақтөбе қаласы жайында видеоролик көрсету. (мұғалім көрсете отырып түсіндіреді).


9. Фонетикалық жаттығу. «Сөзұйқастар айтайық».

Сы – сы – сы – Қазақстан картасы.

Бе – бе – бе – суретте – Ақтөбе.

Ла – ла – ла – Нұрсұлтан – бас қала.

Ыз – ыз – ыз – Қазақстан – біздің Отанымыз.


Еркін ойын.

10. Дидактикалық ойын: «Суреттерді құрастыр»

Мазмұны: Туған қаласы – Ақтөбе қаласының көрікті жерлерінің суретін қрастырады.




11. Қорытынды. «Сұрақ - жауап»

1.Балалар, біз бүгін не жайында әңгімеледік?

2.Біз қай қалада тұрамыз?

(Біз Ақтөбе қаласында тұрамыз).

3.Ақтөбе қаласы қандай?

(Ақтөбе қаласы - үлкен.

Ақтөбе – біздің туған қаламыз).


Ән: «Менің Отаным»


Отан менің ата – анам,

Отан досым, бауырым.

Отан өлкем, астанам,

Отан туған ауылым.

Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля


Отан туған ауылым.

Бақыт елі бұл Отан

Бәріне мен иемін.

Біздің Отан Ұлы Отан,

Ұлы Отанды сүйемін.


Педагог: Балалар, қонақтармен қоштасайық.

Сендер бүгін сондай керемет көңіл – күйде болдыңдар, өйткені бар тапсырмаларды орындадыңдар. Сендерге сыйлығым бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі