жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Туған өлкем Жаңаөзен
Тақырыбы:
Туған
өлкем -
Жаңаөзен
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін
арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін
ояту.
Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл
байлығын дамыту.
Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Суреттер, шар,
гүлдер
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру, сәлемдесу, топқа бөлу,
топтық жұмыс, Әнұран
орындалады
Топқа бөлу:
1 – топ: Мұнайшы тобы
2 – топ: Дулыға тобы
3 – топ: Мектеп
Оқушылар топтарын қорғайды.
Құрметті: Оқушылар! Жаңаөзен
қаласының 50 жылдығына орай - Туған өлкем - Жаңаөзен» атты тәрбие
сағатына қош келдіңіздер.
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Облысымыз қалай аталады?
- Біздің қаламызда қандай ғимараттар бар?
- Неше мектеп, балабақшалар
бар?
- Біз қай мектепте оқимыз?
Кіріспе: Туған жеріміз туралы мағлұмат беру.
Жаңаөзен қаласы - Маңғыстау облысындағы жаңа дамып келе жатқан жас
қала. Облыс орталығы - Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта
орналасқан. Қала 1968 жылы қаланған. Биыл қаламызға 50 жыл толып
отыр. Тұрғындар саны 130 мыңға жуық. Қалада жалпы 17 шағын аудан
бар: оның 6 шағын ауданы – көп қабатты үйлер, қалғандары жер
үйлерден тұратын шағын ауылдар. Және осы аудандарға іргелес
Теңге(қазақ ауыл депте айтады) деген үлкен ауыл бар. Қаламызда 22
мектеп, 20 дан астам балабақша, "Мұнайшы" мәдениет үйі, 2 спорт
кешені, музыкалық мектеп, қалалық, аудандық емханалар, медициналық
колледж, 4кәсіптік оқу орны, кітапханалар бар.
Қаланың экологиясы шөлейтті, жазық дала. Негізгі шаруашылығы -
мұнай және газ өндірістері. Ауыл шарушылығынан түйе, жылқы, қой
шаруашылықтары дамыған. Бұдан басқа тігін фабрикалары, сүт
зауыттары, нан зауыттарыда бар. Биыл біздің мектебіміздің
ашылғанына 10 жыл толып отыр. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Ақсу» шағын
ауданында орналасқан. № 18 орта мектеп мемлекеттің мекемесі
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа
жолдауында айтылған 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы
кезінде салынды. 2008 жылдың қыркүйегінде қолданысқа берілді.
Сыйымдылығы 960 орындық 3 қабатты ғимарат жаңа жобада салынып
жабдықталған.
Келесі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік.
Еркебұлан
Жаңаөзен мұнайшылар астанасы
Өлкемнен мұнай мен газ
табылады
Жаңаөзен «қара алтынның» бас қаласы
Қоймаға «қара алтындар» ағылады
Нұржанат
Жаңаөзен, Елбасы өзі қамқор болған
Еңбекқор аймақтағы
ағалардың
Жаңаөзен жаңа ғасыр бастамасы
Бар әлем куә болар бағына әлі
Бауыржан
Елімнің құты – мұнай берекелі
Маңғыстау деген маң қала
Белгілі Маңғыстаудың жері екені
Теңізге төнген сән қала
Нұрасыл
Мұнайшы еңбеккерлер тойлап өтпек
Мұнайлы биік мұнара
Жиырма екі жыл «Егемендік» мерекені
Алдыңнан өткен аруана
Нұрқадам
Қазақстан жерінде
Өзім туған өлкеме
Маңғыстау деген өлке бар
Құлшына мен қараймын
Маңғыстаудың байлығы
Маңғыстауым - Отаным
Мұнайымен табылар
Топтық жұмыс:
1 – топ : Мақал мәтел айту туған жер туралы
2-топ: Сурет сал туған жер туралы
3-топ: Тақпақтың жалғасын табу
Топтық жұмыстарын орындайды қорғайды.
Мұғалім: Маңғыстау - туған елім, өскен елім
Қарқұйрық қойнында асыр
салған
Маңғыстау - сенсің менің, туған
жерім
Аңшылық кәсіп болып мұра
қалған
Төбеңде ақша бұлт пен күн ойнаған
Үстірт қорық мекені талай
аңның
Бір Бекет қолдап жатқан маңғаз
едің!
Қыран бүркіт шыңына ұя
салған
Каспийдей шалқып жатқан теңізім бар
Газ бенен мұнай атты егізің бар
Кем емес нулы, сулы Жетісудан
Маңғыстау бұл дүниеде киелі өлкем
Әнді сүйсең менше сүй - деп
Абай атамыз жырлағандай ендігі кезекті әнге берейік.
Ән: Оқушылардың орындауында «Қазақстаным»
Қорытындылау : Оқушылар өзіміздің туып өскен қаламызды құрметтей
білуіміз керек. Таза ұстауымыз керек. Ешқашан туған елімізді
,қаламызды ұмытпауымыз
керек.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген