Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Туған өлкем, Жерұйығым-Қазақстан"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
«Туған өлкем Жер ұйығым
Қазақстан!»
Мақсаты: Атажұрт этнографиялық - географиялық танымдық
ойын арқылы оқушылардың тарихи - географиялық білімдерін
кеңейту.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Түрі: сайыс
Құрал - жабдықтар: Қазақстан Республикасының картасы, компьютер,
интерактивті тақта, слайдтар.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытында бөлім
І. Кіріспе бөлім.
Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Негізгі бөлім.
Барысы:
І
тур. «Тырнақалды»
ІІ тур. «Қанат қақты»
ІІІ тур. «Самғау»
ІV тур. «Шырқау»
V тур. «Шарықтау»
VІ тур. «Жерұйық»
I. Тур. «Тырнақалды» (капитандар
сайысы).
1 - топ
1. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5елмен)
2. Қазақстан Туының авторы? (Ш. Ниязбеков)
3. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген
ғалым? (Ш.
Уәлиханов)
4. Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атауға болады?
(Сарыарқа)
5. Қ. Р. орналасқан климаттық белдеу? (қоңыржай)
6. Астана қаласы қай өзен бойында жатыр? (Есіл)
7. Ең арзан көмір өндіретін кеніш (Екібастұз)
8. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)
2 - топ.
1. Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі
санайды? (қара топырақ)
2. Қ. Р. Елтаңбасы авторлары? (Ш. Уәлихан, Ж. Мәлібек)
3. Ертіс өзені құятын ағынды көл? (Зайсан)
4. Алаты қаласы қай таудың етегінде орналасқан? (Іле Алатауы)
5. Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш. Уәлиханов)
6. Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)
7. Каспий алабының ең ірі өзені? (Жайық)
8. Темір рудасына бай облыс? (Қостанай)
II Тур. «Қанат қақты» (топпен
жұмыс).
Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.
1 - топ.
1 - тапсырма. «Адасқан
терминдер»
Бриз – Ғылым
Пампа - Мұз
Айберг - Жанартау
Демография - Дала
Лава - Жел
Изотерма - Глобус
Еңбек ресурсы - Сызық
Экватор - Халық
2 - тапсырма. Жұмбақтар шешу.
Салынған көпір керемет,
Қызығушы өте көп.
Ал бірақта не керек,
Кісі өтетін жолы жоқ. (кемпірқосақ)
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
2 - топ. 1 - тапсырма. «Адасқан терминдер».
Мұхит - Нәсіл
Азимут - Аң
Архипелаг - Штат
Атлас - Эра
Кайот - Арал
Негр - Су
Техас - Карта
Архей - Бұрыш
2 - тапсырма. Жұмбақтар шешу.
Қаратаудың басында,
Киік кетіп барады.
Қол - аяғы бауырында,
Тиіп кетіп барады. (Тұман)
Ешбір тірексіз күмбез,
Ешбір сүйексіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез.
(аспан)
IIIтур. Самғау.
(Жанкүйерлер)
1 - топ. Көлге қатысты.
Бұл көл шығыс Қазақстан облысының өзі аттас ауданындағы ағынды көл.
Жоғарғы Ертіс алабында, Қазақстанның таулы аймағындағы ірі көл.
1434м. биіктікте жатқан тектоникалық қазаншұңқырда. Ауданы - 455км.
Ұзындығы - 38км; ені - 19км; жағалау сызығы - 95, 5км, тереңдігі -
27м. Бұл көлге бірнеше кішігірім өзендер құйып, бір ғана Қалжыр
өзені ағып шығады.
(Марқакөл)
2 - топ. Тауға қатысты.
Бұл тау жүйесі солтүстігінде - Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде
- Іле өзені аңғарымен шектелген. Солтүстік- шығыстан, оңтүстік
батысқа қарай 450км - ге созылып жатыр. Қытай мен Қазақстан
шекарасында. Осы тау мен барлық жотасының аралығында осы тау аттас
аталатын тау аралық ойыс бар. Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен
Алакөл қазаншұңқырын қосады. Ең биік жері - Бесбақан
шыңы.(4622).
(Жоңғар Алатауы).
IVтур. Шырқау. «Ғажайып
тоғыздық» (ұяшықтармен
жұмыс).
№1 ұяшық. Қалаға қатысты.
196мың тұрғыны бар бұл қала Қазақстанның оңт. бат орналасқан облыс
орталығы. 1817 жылы керуен жолдарының қиылысында әскери бекініс
ретінде салынған. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған. Ірі
кәсіпорындардан күріш тазалау зауыты, ет және сүт өнеркәсібі
комбинаттары бар. Қала қазіргі уақытта Қазақстанның маңызды мәдени
орталығы болып саналады.
Қосымша көмек бұл қала 1925 -
1929ж. ж Қазақ АКСР астанасы болды. (Қызылорда)
№2 ұяшық. Еліміздегі жазыққа қатысты.
Бұл жазық оңтүстік шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде Іле
Алатауы мен батысында Шу - Іле тауларының аралығында жатқан аймақ..
жазықтың құрылысына тән ерекшелігі өзін қоршап тұрған тауларға
қарай 350м - ден 600 - 700м - ге дейін биіктейтіндігінде. Бұл
жазықта Тау құм, Сарыесік-Атырау құмы, Бақанас тақырлы сазды -
құмды жазығы созылып жатыр.
Қосымша көмек бұл жазықтың
оңтүстігінде өзімен аттас үлкен көл орналасқан.
(Балқаш маңы жазығы)
№3 ұяшық.Өсімдікке байланысты
Бұдан ІІ ғасыр бұрын Еуопа халықтары Орта Азияның шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі деп қате пікірде болған.Бірақ ботаник В.Леонтьев бұл пікірді теріске шығарды. «Оңтүстік қарағайы» деп аталатын өсімдікті ата? Жауабы: Сексеуыл
№4 ұяшық. Еліміздегі қорыққа
қатысты.
Бұл қорық 1976 жылы құрылған. Қорық –солтүстігінде Қазақстан
Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігіндегі 1447м. биіктіктегі
Азутау жотасы арасында орналасқан. Жалпы аумағы - 75мың га. Қорықта
сүтқоректілердің 58түрі, құстардың 260 - қа жуықтүрі мекендейді,
өсімдіктердің 721түрі кездеседі.
Қосымша көмек: Бұл қорық өзі аттас көл бойында орналасқан.
(Марқакөл)
№5 ұяшық. Өзенге қатысты.
Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстан облысының солтүстігін кесіп
өтіп, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы - 2428км, республика
жеріндегі ұзындығы - 1082км. Негізінен қар суымен қоректеніп,
көктемде тасиды. Орташа жылдық су шығыны 400м. секунд.Өзен
тасығанда деңгейі 9 - 10 - ге көтеріледі.
Қосымша көмек: Басты салалар - Шаған, Елек, Ор.
(Жайық)
№6 ұяшық.Қалаға қатысты.
Бұл қаланың іргесі 1938ж.
Кеңгір су қоймасының жанында қаланған. Қала статусын 1954ж алады.
Бұл қала мемлекетіміздің түсті металлургия орталықтарының бірі,
яғни мыс балқыту орталығы болып есептеледі. Қалада тау - кен байыту
комбинаты орналасқан.
қосымша көмек: Қаланың қалануына маңызды рөл атқарағн қазақтың ұлы
ғалымы Қ. И. Сатпаев. (Жезқазған)
№7 ұяшық. Архитектуралық
ескерткішке қатысты.
Бұл көне арх - қ ескерткіш Әулие Қарахан дәуірінде (XII)
тұрғызылып, оның қираған іргесі XIVғасырдың аяғы мен XVғасырда
қайта салынған. Бұл кесене түркі халықтарының тәу ететін орталығы
болған. БҰҰ – ның дүние жүзілік ескерткіштері қатарына енгізілген
бұл кесене халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін
жеткізген ғажайып асыл туындыларының бірі.
Қосымша көмек: Әмір - Темірдің бұйрығымен салынған бұл кесене
Түркістан қаласында орналасқан. (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)
№8 ұяшық
Ежелгі Мысырда мысықтарды астық қорғауға асыраған. Өгіздердің көмегімен жер жыртқан.Сонымен қоса б.з.д ХІХ ғасырда маймылдарды қандай мақсатпен ұстаған?
Жауабы: жеміс-жидектерді жинату үшін
№9 ұяшық
1846 жылы бұл спорт түрінің ойын тәртібінде былай деп жазылған:есеп ашылмаған барлық кездесулер 3 күннен аса жалғаспауы керек.Қай спорт түрі туралы айтылған?
Жауабы: футбол
Vтур. Шарықтау.(сурет
бойынша анықтау).
№1. сурет.
Бұл суретте еліміздің оңт. шығ орналасқан үлкен көлдерінің бірі
бейнеленген. Көл т. д. 342м биіктікте жатыр. Ауданы - 18200км,
ұзындығы614км, ені - 74км, жағасының ұзындығы2383км. Суының
көлемі106км.
Қосымша көмек: Бұл көл ауданы бойынша Қазақстандағы үшінші көл.
(Балқаш көлі)
№2 сурет.
Бұл суретте еліміздің солтүстігінің табиғаты әсем, еліміздің
көрікті, сұлулығымен көз тартар көлдеріміздің бірі бейнеленген.
Қосымша көмек: Бұл көлдің бойында еліміздің ең әсем курорттардың
бірі орналасқан. (Бурабай көлі)
№3 сурет.
Бұл суретте география ғылымына көп үлес қосқан, біздің заманымыздан
бұрынғы ІІІғасырда өмір сүрген грек ғалымы бейнеленген. Бұл
кім?
(Эратосфен)
№4сурет.
Бұл суретте орыстың көрнекті ғалымы, саяхатшысы бейнеленген. 1827 -
1914ж. ж. өмір сүрген ол Қазақстан және Орта Азияға экспедициялар
жасап, көптеген зерттеулер жүргіп, соның нәтижесінде Қазақстан
таулары,туралы нақты тың мәліметтер қалдырған.
Қосымша көмек: Бұл ғалымның құрметіне осы өзі зерттеген таудың
есімі ғалым атымен бірге аталады. (П. П. Семенов - Тянь -
Шаньский)
VI тур. Жерұйық. (жеңген
топпен).
Еліміздегі тауға қатысты.
Бұл тауды Орталық Тянь - Шаньнан Кеген тау аралық ойысы бөліп
жатыр. Бұл таудың батыс аймағы Қазақстан, шығысы Қытай жерінде
жатыр. Оңт. шығысқа қарай 300км - ге созылып жатыр, ені - 40 -
50км. Ең биік жері - Небесная тауы - 3652м. Эффузиялық жыныстардан,
әктас, граниттен түзілген. Тау үсті жайпақ, беткейлері өзен
аңғарларымен тілімденген, тік құлама шатқалды келеді. (Кетпен
жотасы)
ІІІ. Қорытынды
бөлім: жеңімпаздарды
марапаттау
1-топ. 1 - тапсырма. «Адасқан терминдер»
Бриз Ғылым
Пампа Мұз
Айберг Жанартау
Демография Дала
Лава Жел
Изотерма Глобус
Еңбек ресурсы Сызық
Экватор Халық
2 - топ. 1 - тапсырма. «Адасқан терминдер».
Мұхит Нәсіл
Азимут Аң
Архипелаг Штат
Атлас Эра
Кайот Арал
Негр Су
Техас Карта
Архей Бұрыш
Жаратылыстану бірлестігінің апталығы
«Туған өлкем Жер ұйығым Қазақстан!» атты 8 кластар бойынша география пәнінен сайыс сабақ
Өткізген география пәні мұғалімі: Таукебаева Г