400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Туған өлкем мақтанышым менің

Материал туралы қысқаша түсінік
"Туған өлкем мақтанышым менің" іс-шарасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған өлкем мақтанышым менің

Ортаңғы топ

Балалар әдемі әуен ырғағымен қолдарына жалауша ұстап залға кіреді, би қимылдарын көрсетеді.

Жүргізуші: құрметті қонақтар, сүйікті балалар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз Отанымыздың Тәуелсіздік күніне арналады

-Балалар, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және егеменді ел болды.

Тәуелсіздік - ата-баба арманы

Тәуелсіздік жеңіс елді шарлады

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!

Бала:

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім – сағынарым,

Мәңгі – бақи шырқалады,

Республикам Әнұраны


Гимн

Жүргізуші:

Рәміздерім елдігімнің белгісі

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім -әнұран, ту, елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі

1бала:

Айналайын аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

2бала:

Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

3бала:

Отанымның гүлі көп

Өсіп, баулап, баптаған

Бақытты елдің ұлы боп,

Жүргеніме мақтанам!


Ән «Достық»

Музыкасын жазған И.Нүсіпбаев

Сөзін жазған Е.Елубаев


Жүргізуші: Балалар ,«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

-Отан дегеніміз елім, жерім, бауырым, табиғатым

Жүргізуші: Ал, біздің балалар Отанға деген жылы сөздерін тақпақпен жеткізеді.


Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз


Отаным – өзегім сен,

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан

Нәр алдым өзеніңнен.


Тазша бала(атпен шауып кіреді)

-Ассалаумағалейкүм!

Балалар: -Аман -есенсіз бе!

Тазша бала: -Балабақшаның қасынан шауып бара жатып, сендердің әсем әндеріңді естіп әдейі бұрылдым

Тойларың құтты болсын!

Қазақстан көркейе берсін!

Мен - Тазша баламын-

Көңілді ,сергек, батылмын.

Достықты қастерлеймін

Ойынды, биді ұнатамын!

Жүргізуші: -Төрлетіңіз, біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

Құрметті қонақты отырғызады

1.бала

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем.

2.бала

Асқар ,асқар тауым бар

Қазыналы жерім бар

Көгінен нұр төгілген

Қазақстан деген жерім бар

Тазша бала: -Отан туралы ,ел жайлы кім мақал –мәтел біледі екен?

3бала: Отан елдің анасы,

Ел - ердің анасы.

4 бала:Отан оттан да ыстық.

5 бала: Туған жердің күні де ыстық,

Үні де ыстық


Ән «Біз өмірдің гүліміз»

Сөзін жазған Ә. Дүйсенбиев

Әнін жазған Б Ғизатов

Тазша бала: - Рахмет, балалар! Сендермен ойын ойнап көңілім көтеріліп, рахаттанып қалдым. Бәрекелді! Жарайсыңдар! Өлең де, мақал-мәтел де

біледі екенсіңдер!

Еркелеткен төрінде

Елімізді сүйесіңдер

Ата-баба қалдырған

Байлығына иесіңдер!

(Қоржынын ашып, сыйлықтарын таратады)

Достарыма ашып құшағымды

Таратайын қоржынымдағы тағамымды.

Балалар: -Рахмет!

Тазша бала балалармен қоштасып, атына мініп , қайтады.

Жүргізуші: Балалар, біз енді тойымызды дастархан жайып, топта жалғастырайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі