жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Туған өлкем" тәрбие сағаты
Тақырыбы: Туған өлкем.
Мақсаты:
Туған өлкеміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз Отанын сүйіп, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу. Туған өлкені өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Дыбыстарды түзету арқылы, дыбыстың айтылу мәдениетіне көңіл бөлу. Сөздік қорын дамыту. Туған өлкені өркендеуіне балалардың үлес қосу ұмтылысын қалыптастыру.
Алдын ала жұмыс: ҚР картасымен жұмыс, суреттер салу.
Көрнекілігі: плакат, ОҚО картасы, Шымкент қаласының көрнекі мәдени орындары, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, тақпақтар.
Барысы:
-
Кіріспе әңгіме.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Балалар, орнымыздан тұрып сәлемдесеміз.
-
Қайырлы күн.
-
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын оқимыз.
-
Яғни бұл біздің туған өлкеміз.
-
Картадан әрқайсысың өз аудандарыңды көрсетіңдерші.
Бәйдібек ауданы
Қазығұрт ауданы
Мақтарал ауданы
Созақ ауданы
Ордабасы ауданы
Отырар ауданы
Сайрам ауданы
Сарыағаш ауданы
Түлкібас ауданы
Төлеби ауданы
Шардара ауданы.
Қалалар: Арыс қаласы, Кентау қаласы, Түркістан қаласы.
Айдана: Мен, Ордабасы ауданында туылғанмын. Ордабасы ауданы 1964 жылы құрылған. Аудан ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауданда Бөген су қоймасы бар.
Ақбаян: Мен, Мақтарал ауданында туылғанмын. Мақтарал ауданы жылы, табиғатты ауыл шаруашылығына қолайлы аудан. Мақтарал ауданы мақта және бақша өнімдерімен айналысады.
Мухайе: Мен, Сайрам ауданында туылғанмын. Сайрам ауданының жері шырайлы. Сайрам ауданы жеміс-жидек, бақша өнімдерімен айналысады. Манкент шипажайы бар.
Музраб: Балабалардың бабасы,
Елдің небір панасы.
Ғұмыр кешкен Сайрамда
Мұсылманның данасы.
Ақерке: Мен, Төлеби ауданында тұрамын. Төлеби ауданы таулы-тасты, табиғаты тамаша жер. Төлеби ауданы мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысады.
Плакат «Туған өлкем».
1-оқушы:
Мынау – цирк. Біз циркке барғанбыз. Онда сайқымазақтар, аңдар өнер көрсетеді. Цирк Абай саябағы жанында орналасқан.
2-оқушы:
Мынау – Мега орталық. Біз Мегаға демалуға барып тұрамыз. Онда үлкен экранд кино көрдік және әртүрлі ойындар ойнадық. Ол қаланың орталығында орналасқан. Мега орталығы маған ұнайды.
3-оқушы:
Мынау – зообақ. Біз сыныбымызбен барғанбыз. Біз онда суретке түстік. Мынау біздің суретіміз, біз онда жабайы аңдарды және үлкен аквариумды тамашаладық. Аквариумда әртүрлі балықтар бар.
4-оқушы:
Мынау - Мұз сарайы. Біз мұз сарайына барып, мұз айдыныда коньки тептік. Ондағы қызметкерлер бізді жылы лебізбен қарсы алды, біз оларға ризашылығымызды білдірдік.
Т: Осы біздің туған өлкемізде сыйлы азаматтар, үлкен кісілер болған. Олар сендерге нақыл сөздер айтқан. Қазір бірге барлығымыз оқимыз:
Нақыл сөздер
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзіде.
Туған жер
Туған жер алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің,
Ер жеткен кезде есімде.
Туған өлкем тамаша
Алтын, күміс бағы бар,
Сәнді ауылда, қалалар.
Еңбек етсең бәрі бар,
Мақтанайық балалар.
Шымкент
Күннен күнге көркейген Шымқаламыз,
Еңбек етіп өзіңде шыңдаламыз.
Елдеп соққан жүректер үнін қосып,
Бар әлемге айрықша тыңдаламыз.
Шымкенттенбіз біз,
Осынша ұл-қыз.
Осынша жұлдыз,
Осынша ұл-қыз.
Т: Енді балалар, «Туған өлкем» тақырыбында сөзжұмбақ шешеміз.
Мақсаты: Балалардың пәнаралық білімін бекіту. Негізгі сөз жазылмайды сұрақтар көрсетілмейді. Он сұрақ араластырып қойылады, балалар біртіндеп алып жауап беріп жазады.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген