ТУҒАН ӨЛКЕМ-ТҰҒЫРЫМ, ТАРИХЫН БІЛУ-МІНДЕТІМ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТУҒАН ӨЛКЕМ-ТҰҒЫРЫМ, ТАРИХЫН БІЛУ-МІНДЕТІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Актөбе қаласының 150 жылдығына орай оқушылардың қала тарихы туралы білімін толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту мақсатында өткізілген 8-9 класс оқушылары арасында ұйымдастырылған коучинг.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып

8-9 класс

Күні

Уақыты

Тақырыбы

Туған өлкем–тұғырым, тарихын білу- міндетім



Мақсаты

  • Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай  оқушылардың қала тарихы туралы толықтыру, тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту;

  • Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру;

Оқушының қабілеті

Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Әріптестік;

  • Азаматтық жауаптылық;

  • Ашықтық.

Мектеп миссиясымен үндестігі

Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.

Жаһандық азаматтық тұлғасы

Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.

Көрнекіліктер

1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық әзірлік.

Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=bAt3v6T3WNk

Кіріспе.

Мұғалмінің сөзі:

Дүрілдетіп ел-жұрты той тойлайтын

Ақтөбеден бүгетін сыр болмайтын.

Домбырамды күйімен күмбірлетіп,

Кезім келді аянбай бір толғайтын!

Бүгін де көп өсірген сол сүйікті ел:

Академик – диқаншы Берсиевтер,

Құрметті жылқышы – Дәуғариндер,

Төкпе жырдың қордасы – Байғаниндер!

«Елек», «Қобда», «Ырғыз», «Жем» «Сағыз», «Ойыл»

Қойынауынан мол ырыс жайқалатын!

Б.Тәжібаев

Қазіргі кезде біздің жастарымыз, өскелең ұрпақтың өзі туған жердің тарихымен мақтана алмайтындығын байқаймыз. Жаңаша өмір сүру кезеңіне қадам басып келе жатқан біздің ізбасарларымыздың санасында - өз өлкесінің тарихымен мақтану емес, жаңаша бір зат алып мақтану деген ой қалыптасып кетті. Көптеген жастардан өз өлкесінің тарихы туралы сұрағанда, орынды (байыпты) жауап бере алмайтындығына көзім жетті. Осындай мәселе жалғыз мені ғана емес, көпшілікті алаңдатады деген ойдамын. Сонымен қатар, бүгінгі күнде Елбасымыздың саясатында жастарға көп қолдау көрсетіліп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үрдісі жүріп жатыр. Бұл шараның да сол үрдіске бір ықпалын тигізер деген сенімдемін. Осыған орай, 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен өздері туған өлкесінің тарихы мен мәдениетін танып-білуі үшін осы шараны ұйымдастыруды жөн көрдім.

Топқа бөлу.


Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының геральдикасы арқылы арқылы топқа бөлу. Оқушылар Қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді. Әр топ геральдика белгілеріне сипаттама береді. Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С.Т.Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М.Ф.Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады.

1998 жылы алда келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Құрамына ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері кірген жюри 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-сессиясында қабылданды.

Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы. Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген.

Оқушылар видео қарайды, видеодан алған әсерлерімен бөліседі.




Бағалау: Оқушылар қызғалдақтар арқылы бағаланады.












Мұғалімнің кіріспе сөзі.
















Топқа бөлінеді.







Мұқият тыңдайды.







Ойларын ортаға салады.

7 минут

Мағынаны тану

Топтық жұмыс:


1Shape1 -топ: Туған өлке тарихы сыр шертеді /Бұрыңғы және қазіргі Ақтөбе/ Т картасы


Бұрыңғы Ақтөбе Қазіргі Ақтөбе

Shape2

Picture 6 Picture 2


2-топ: Туған жердің таланттары /Кинолента/




Ақтөбе өңірінің атақты адамдарын хронологиялық ретпен кинолентаға орналастырады. Әдебиет және өнер қайраткерлердің бір шығармасын орындау қажет






3-топ: Өңіріміздің тарихи орындары /Маршрут картасын жасау/

Picture 2 Picture 2 Picture 4














1 топ: АҚТӨБЕ

2 топ: ҚҰТТЫ

3 топ: МЕКЕН

Әр топ берілген әріптерге Ақтөбе туралы сөйлем айтады.




Тапсырмаларды орындайды.










Әр топ мүшелері берілген тапсырманы орындайды.






































Оқушылар тапсырманы орындайды.











15 минут














































5 минут





Ой толғаныс:

Рефлексия: «Қызғалдақтар» алаңы

Оқушыларға Ақтөбе қаласының символы Қызғалдақтар таратылады.

Picture 4

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
Тәрбие сағатымызды төмендегі Ж.Аймауытовтың сөздерімен қорытындыласақ:

Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?

Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе кім білсін?

Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз көзінен бір – бір ұшып есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін?

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?

Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... демекші, балалар, бүгінгі іс-шарада айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Іс-шара соңында жерлес әнші Нұрболат Абдуллиннің «Ақтөбе» әні шырқалып, оқушылар қосылып орындайды.

Сабаққа қорытынды жасайды. Оқушылар коучингтен алған әсерлерін қызғалдақтарға жазып, Ақтөбе облысының картасына жабыстырады.





















«Ақтөбе» әнін бірге шырқайды.



5 минут

































2 минут


АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ №57 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ











ТУҒАН ӨЛКЕМ–ТҰҒЫРЫМ,

ТАРИХЫН БІЛУ- МІНДЕТІМ







КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ

8-9 КЛАСТАР



ЖАУАПТЫ МҰҒАЛІМ: ШАЛАБАЕВА Д.Н.










2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ

































Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С.Т.Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді.


1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М.Ф.Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады.


1998 жылы алда келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Құрамына ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері кірген жюри 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-сессиясында қабылданды.

Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы. Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген.












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2019
799
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі