400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлкемнің топонимикасы 7 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жоба туған ауылымыздың жер су атауларының тарихын зерттеуге бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Кіріспе

Біздер өзіміз өмір сүріп жатқан туған жеріміздің бұрыннан бері келе жатқан атауларыме, олардың мағынасына мән бермейміз. Бірақ олардың әрқайсысында терең мағына жатыр. Сондықтан біздер осы атауларды зерттейтін жеке ғылым бар ма екенін, әр атаудың қойылу себебін анықтау мақсатында және өзімнің анамның ауылы болағн Божырдың не себепті солай аталғандығын анықтау үшін зерттеулер жүргіздік.

Зерттеу мақсаты:

Өлкеміздегі жер-су атауларын жинастыру, көне атаулардың мағы­насын ашып түсіндіру, олардың тарихын, негіздерін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
Тақырып бойынша әдебиеттерді оқу;
Үлкендермен әңгімелесу;
Сауалнама жүргізу;
Алған мәліметтерді іс жүзінде қолданып көру.

Зерттеу әдістері:
мәліметтерді жинақтау және талдау, салыстыру;
әңгімелесу;
сауалнама жүргізу.

Зерттеу өзектілігі:

Зерттеу нысаны:

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде өз туған өлкемізге қарасты жер-су атаулары, олардың аталу негіздері, тарихы алынып отыр.












2.1. Топонимика туралы түсінік.



«Бақыр қазан қайнаса,

Бәріміздің бағымыз.

Туған жердің әр тасы

Біздің алтын тағымыз» деген халық даналығын есте сақтай отырып, біздер өзіміздің туған өлкеміз туралы мағлұматтарды білеміз, жинақтаймыз. Соның ішінде атауларға көп мән береміз. Жер- су, елді- мекен атауларын зерттейтін бөлек ғылым

ретінде қарастырамыз.

Жер-суға, елді мекенге ат беру үрдісі- өзінің ұлттық және тілдік ерекшелігі бар, қазіргі қоғамға да жан- жақты шығармашылығының басты бір үрдісі. Қазақтың географиялық атаулары өте мәнерлі де сарынды.

Атауларды зерттейтін ғылымды Топонимика деп атаймыз.

Топонимика — мыңдаған жылдар жемісі. Жер-су, елді мекен атаулары халқымыздың бай тілі негізінде жасалып, халық тарихымен байланысты дамиды

Топоним дегеніміз географиялық нысанның атауы. Топонимика- жер- су, елді- мекендердің атауларының шығуы мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын реттейді.

Топонимдер ұдайы толығып, жаңарып отырады, олар өткен қоғамның сұраныстарына (жалғастырғыш құралы ретінде, болашақ ұрпақтарға да қызмет етпек.


Жер-су атаулары халық қазынасы, өткен өмірінің айнасы. Қазақтар әрбір даладағы, қыраттағы, таудағы, өздері мекен еткен жерлердің әрбір иірімдерін жетік білген және барлығын ұмытпау үшін сөзбенен белгі салып отырған. Осы жер-су атауларының мағынасын білу – өзіміздің туған өлкені білу, өлкенің тарихын білу және өз ұлтыңның, ата-бабаларыңның тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін, дүние танымын білу деген сөз.

Ал топонимика ұғымы қалай пайда болған екен?

Осы сұраққа біздер жауап іздей отырып, анықтағанымыз:

Географиялық атауларға және олардың семантикалық мазмұнына деген қызығушылық адамзат өркениетінің қалыптасуының ең ерте кезеңдерінде туындады. Ежелгі Египеттегі мәтіндерде топонимдер сипатталып, жіктелген, бірақ бұл атаулар көбінесе мифологиялық сюжеттермен байланысты болды. б. з. I ғ. топонимикалық ақпаратты ғылыми түрде қолдануға алғашқы әрекеттер жасалған. Оңтүстік Испаниядан шыққан, ежелгі ғалым Помпононь Мела «De situ orbis», сондай-ақ «Хорография» атымен танымал, жұмысында алғашқы рет топонимдерді ғылыми құрал ретінде қолданды. Белгілі бір тілге жататын географиялық атаулардың негізінде автор өзінің туған жері - оңтүстіктегі Лузитан мен Селтик аймақтарының шекараларын анықтауға тырысты. Бұл жұмыста автор географиялық атаулардың испан немесе басқа тілдерге тиесілігі негізінде, өзінің туған жерінің Лузитан мен Селтик аймақтарының - Иберий түбегінің оңтүстігінің шекарасын анықтауға тырысты.

Сонымен қатар, топонимикалық деректерге деген ғылыми көзқарасты ортағасырлық Шығыс ғалымдарының шығармаларында да байқауға болады. Олардың қатарында: армян ғалымы Мовсес Хоренаци Орталық Азия зерттеушісі және энциклопед Әбу Райхан әл-Бируни түрік географы және тілші Махмұд Қашқари . Бұл ғалымдар топонимдердің этимологиясын ғылыми түрде түсіндіріп, Азияның гидронимдерінің қызықты түсіндірмелерін қалдырды. Алайда, ортағасырлық әртүрлі дерек көздерінде кездесетін жеке топонимдердің түсіндірмесі көбінесе спекуляцияға негізделген, өйткені топонимикалық заңдардылықтарды анықтауды әдістері әлі де болмады.

Географиялық атауларға ғылыми географиялық ақпараттың маңызды көзі ретіндегі қызығушылық Ресейде XVIII ғасырда пайда бола бастады. Топонимдік бағыттағы зерттеудің негізін қалаушы, топонимияны географияның элементі ретінде қарастырған тарихшы және географ - В.Н. Татишев. Топонимикалық деректер географиялық зерттеулерде XIX ғасырда кеңінен қолданылды. Ең алдымен, Н.А. Надеждиннің «Ресей әлемінің тарихи географиясының тәжірибесі» (1837) топонимикалық материалға негізделген жұмысын айтап өткен жөн. Автор топонимикалық жоспарды тарихи-географиялық зерттеуде картографиялық әдісті қолдану қажеттілігі мәселесін көтереді. Ол сондай-ақ кейіннен қанатты болып кеткен: «Топонимика - бұл Жердің тілі» дәйексөзінің авторы. Топонимикалық зерттеулер А.Х. Востоков, М.А.Кастрен, Я.Кроттың сиақты академиктердің шығармаларында қарастырылады.































2.2. Топонимиканың түрлері.


Халқымыздың ерте кездерде жер - су объектілеріне ат қоюына әртүрлі жағдайлар мен оқиғалар негіз болған. Осының негізінде белгілі зерттеуші ғалым Б.Тілеубердиев аймақ топонимдерінің қалыптасуына негіз болатын төмендегідей басты факторларды көрсетеді:

  1. Географиялық фактор; 

  2. Этнографиялық фактор; 

  3. Тарихи – әлеуметтік фактор; 


Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдардың деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды.

Топонимдер екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігі географиялық объектілер атаулары болса, екіншісі кіші объектілер атаулары болып табылады. Бұларды ономастикалық терминмен Макротопонимдер мен микротопонимдер деп атайды.

Макротопонимдер- халыққа кеңнен танылып, ресми тұрғыдан белгілі болған ірі физикалық географиялық объектілер.

Ал микротопонимдер- белгілі аумаққа тән ұсақ физикалық географиялық объектілер, яғни өзен, көл, жыра мен сай, жота мен төбе, шабындық пен пішендіктердің атаулары.

Пайда болу жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі.

Эндоним - жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық нысандарға берген атаулары.

Экзоним - сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген атаулары.

Біздің туған жерімізде барлық атаулар жергілікті халықтың географиялық нысандарға берген атаулары, яғни эндоним.

Бұл терминдерді тіл білімінде алғаш рет А.В. Суперанская мен Э.М.Мурзаев қолданды.

Еліміздің тәуслсіздік алғаннан кейінгі өзгерген атауларын мынадай етіп   топтастыруга болады.
1.    Қайтадан колданыска оралған бүрынғы тарихи атаулар.
2.    Бұрын
ғы атаулары белгісіз елді мекендерге берілген қазақы жаңа топонимдер.
3.    Транскрипциясы өзгертілген  атауларды калпына келтіру.
Географиялық атаулардың пайда болуын, мән мағынасын айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер мен өзгерістерді зерттейтін топонимика ғылымы өз ішінде өзара байланысты бірнеше салалардан тұрады:

Ороним- жер беті бедерінің кез келген атауы.

Зооним- жануарлар атауларынан пайда болған атаулар.

Фитоним- өсімдік атауларынан пайда болған атаулар.

Антропоним- кісі есіміне байланысты атаулар.

Гляционим – мұздық атаулары.

Этнонимдер- ру, тайпа атаулары.

Ойконим- қала, елді мекен атаулары.

Геоним- кен байлықтарының атауларынан пайда болған атаулар.

Гидроним- су нысандарының атаулары.

Шынында да атауда үлкен сыр, үлкен мағына жатыр. Атаудың мағынасынан сол жердің жер бедерін ғана біліп қоймай сол жердің байлығын, географиясын, экономикасын, бүкіл тіршілігін, бүкіл байлығын білуге болады.

































































2.3. Менің өлкемнің жер- cу атаулары



Ақтөбе облысының картасын қарап отырсақ , өзен, көл, қала, ауыл атаулары көп. Әр атаулардың өзіндік тарихы бар, мол шежіресі бар. Тарихи тағылымы зор болып келеді. Ғасырлар өтеді, бірақ олар туралы естеліктер жер -су атауларында сақталады. Топонимдер ата бабаларымыздың өмірі, біз өмір сүріп жатқан жерді игерген адамдар туралы , біз туылғанға дейін болған оқиғалар жайлы мәлімет береді. Тарихын тереңнен тартса адамзат дамуының тас, қола дәуірлерінен тіл қататын, осы өзімізге айғақ боларлық ескерткіш жәдігерлері мен ел жадындағы ескі әңгімелер, аңыздар, шежірелер де жетерлік.

Оның бер жағында Кеңес үкіметінің орнауы, байларды кәмпескелеу, аштық нәубеті, қуғын –сүргін, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі шаруашылықтың қалыпқа келуі, тың игеру сияқты оқиғалардың баршасы Хромтаудың да тарихын айшықтап береді. Әр жұрттың өз шежіресі,тарихы бар дегендей бұл жерді, Ор өзенін бойлай қоныстанған ауылды «Қопа» деп атайды.


Қопа ауылы – Ойконим атауы. Хромтау ауданының оңтүстік шығыс Ор өзенінің сол жағасында орналасқан. Ор өзенінің маңайында қоныс тепкен халық үшін мал бағу, құс ұстау өте қолайлы болып отыр. Ор өзені солтүстік шығысқа қарай ағып, ауыл территориясын екі бөлікке бөліп отыр.(Сурет №1)


Қасындағы қамысты көлді«Қопакөл»дейміз. Ол гидроним атауы.


Ор өзені – гидроним атауы. Шилі жҽне Теріс бұтақ өзендерінің қосылған жерінен бастау алады және ұзындығы 20 шақырымға дейін, ені 50 метрге дейін, тереңдігі 2 метрдей салалық кҿлдер жҥйесін құрайды. Көлдер ені 5-8 метр және терңдігі 0,8 метрге жуық тар тармақтармен жалғасады.(Сурет №2)


«Тамды» – гидроним атауы. Ор өзенінің саласы, қазірде Қопа ауылдық округіне қарасты елді-мекен де осылай аталады. Там – бейіт, мола. Бейіт, моласы бар сай тармағы. Әу баста «Қопа» совхозының шаруашылық болып осы арада қоныс тебуіне жерінің әсем табиғаты мен шаруаны жүргізуге қолайлы орналасқандығы себеп болды.


«Азбартас» - ороним атауы. Жері шұрайлы, қоғадай жапырылған жасыл шөпті ғажайып шатқал. Қопа ауылының оңтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан табиғи, тарихи ескерткіш. Азбартасқа барар жолда жер бедері шоқылы болып келеді. Табиғи ескерткіштің алып жатқан жалпы аумағы - 100 метрді құрайды. Бұл табиғи ескерткіштің Азбартас аталу себебі айналасы таспен қоршалған қуыс болғандығына байланысты. Ел аузындағы аңыздарда Моңғол шапқыншылығы кезінде жергілікті тұрғындар жаушылардан аман қалу үшін, малдарын Азбартасқа қамап, өздері де сонда тығылғандығы жөнінде айтылады. Мал бағуды кәсіп еткен қалың жұртшылық үшін Азбартастың пайдасы орасан зор болды. Оны қарақшы мен ұрылардан қорғайтын қамал ретінде де пайдаланды.

        Жер астынан қайнап шығып жатқан бұлақтар әсерінен,топ-топ өскен аққайыңдар көздің жауын алса.тау жықпылдарындағы дәрілік өсімдіктерден көз сүрінеді.

Нағыз демалуға лайықты орын. Осындай табиғат аясында,табиғаттың сыйы-Азбартас табиғи ескерткіші орналасқан.Азбартастың тереңдігі 12-13 метр, ені 3-4 метрге дейін, ал ұзындығы 100 метрден асады. Геолог ғаламдардың Азбартас үнгірін таудан аққан судың әсерінен болған деген болжам айтады. Азбартастың батыс жақ беті қол арамен қиғандай теп-тегіс. Осы беттен түрлі-түсті тас қабаттарын санап шығуға болады.

       Ал қарсы бетіндегі тастар саты-саты болып келеді. Тастағы үңгірлерге екі адам сыйып кететіндей.   

      «Азбартас ашық аспан астындағы табиғи ескерткіш,мұндай ескерткіш басқа жерде қайталанбайды».

(Сурет №3 )


Күмісті бұлақ- Азбартас үңгірінің қасынан жарқылдаған бұлақ көзге түседі. Халық арасында кең тараған аңыздарға сүйенсек, емдік қасиеті бар бұл бұлаққа емделуге барған адамдар күміс теңгені салатын болған екен. Сол себепті су ішуге барған адамдардың көзіне жалтырап күміс теңгелердің сәулелері шағылысқан. Осыған орай жергілікті халық оны «Күмісті бұлақ» деп атаған.



«Моңғолсай» деген жер атауын тарихи –әлеуметтік фактор бойынша қалыптасқан атау. Осы жерден моңғолдардың өткендігінің дәлелі ретінде айтуға болады. Ал КСРО кезінде мал дәрігерлері малдарды егу үшін осы үңгірді пайдаланған екен.


«Түйебаз» - кезінде ауыл тұрғындары түйе бағып, қоныс тепкен қыстақ атауы. Ал қазір сол жерде баздың орны бар. Сол себепті «Түйебаз» аталып кеткен. (Сурет №4)


«Былқылдақ» - ороним атауы. Жерінің жұмсақ болуына байланысты аталып кеткен ауыл округіндегі жер атауы болып келеді.


Дәмді –гидроним атауы. Суының тұщы болуына байланысты аталған ауылдың тұсында ағып жатқан өзен, Ор өзенінің саласы.


Алшынбай - антропоним атауы. Ауыл тұсындағы төбенің атауы. Жағалбайлыдан тарайтын Бескүрек руының беделді адамдарының бірі, ру басшысы Алшынбай деген кісінің есімімен аталған болатын. (Сурет №5)


«Әлдеберлі» - антропоним атауы. Жағалбайлыдан тарайтын бескүрек руының беделді адамдарының бірі, ру басшысының қызметін атқарған. Әлдеберлінің құрметіне қойылған қыстау атауы.


Қаршыға ата атауы - антропоним атауы. Бескүректің сабау руынан шыққан әулие кісінің есіміне байланысты. Сол кісі жерленген жер болғандықтан халық осылай атап кеткен. Қазіргі уақытта әулиенің қорымы сақталып тұр.


«Қоскемпір» - антропоним атауы. Қопа ауылына қарасты жер атауларының бірі. Аңыздарда ертеректе барлық халық басқа жаққа көшіп кетіп жатқанда, екі кемпір мал қыстатып, қоста қалып қойса керек. Содан сол жер «Қоскемпір» аталып кеткен деседі.


Ал Жосалы қыстағына келетін болсақ, ол фитоним. Бұл кезінде Қопа өңіріне қарасты болған екен. Ор өзенінің атырабында жосаның мол болуына байланысты аталып кеткен.

Қызылжар- ороним атауы. Үлкен жыраның түсі микроклиматқа байланысты қызыл болып тұрғанына байланысты аталып кеткен.

Ұрытау- деген жер атауын тарихи –әлеуметтік фактор бойынша қойылған. Яғни өз заманында ұрылар мекендеген екен.

«Божыр» - антропоним атауы. Қопа ауылдық округіне қарасты қиранды. Кезінде қой шаруашылығының орталығына айналған мекен. Жағалбайлыдан тарайтын Бескүрек руының Божыр Көлдейұлы деген байқуатты адамы болған. 1928 жылы шілдеде болған

Ақтөбе колхозшыларының округтік съезінде «колхоз құрылысын дамыту» мәселелері қаралады. Қайғы-қасіреті мол, қазақты байынан, байды малынан айырған заманда ірі бай феодалдардың малы мен мүлкі тәркіленіп, 31147 малды тартып алған деген тарихи деректер бар. Ауыл ақсақалдарының айтуына қарағанда осындай тәркілеуге, қудалауға ұшыраған заманда Божыр Көлдейұлы да 1928 жылы күз айында кетіп, содан хабарсыз кеткен деседі. Тек 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана осы аймақты Божыр ауылы деп атаған. Ал кейбір деректер бойынша №3 фермада 1989 жылы мектеп ашылған кезде, оның атын халқының қалауы бойынша Божыр деп аталған, ауылды да осылай атап кеткен. (Сурет №6)

Ойсылқара-гидроним атауы. Ойсылқара деген Ор өзенінің саласы.

























2.4. Божыр атауының топонимикасы



Біздер осы атаулардың ішінен «Божыр» атауының шығу тарихын, аталу себебін анықтау мақсатында зерттеулер жүргіздік.

Нәтижесінде біздер Қопадан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде №3 ферма болды. Осы жерде бір кездері сауатты, дәулетті халқына қызмет жасаған адам шығар деген түсінік пайда болды ,бірақ әрі қарай ештеңе айтылмады. Ауылдан қырға қарай 2-3 шақырым жерде үлкен мал қыстағы болатын оны да «Божырдың мешіті» деп атаған. Оның да өзіндік тарихы бар қасиетті жер екенін кейін білдік.

Еліміздің қай түкпірінде де мешіттер аз болған жоқ. Мешіттерді халық аз жерге салмайтынын да білеміз, бұл жерде халық көп қоныстанғаны, және де оқу, тәрбие, имандылық, діни сауаттылық сияқты ұлттық мектеп талай азаматтарды, халықты тәрбиелегені белгілі болып тұр.Осы жердің халқының рухани қажетін өтеу үшін де білімді діни сауатты адамдар мешіттер, медреселер салдырғанына көзіміз жетеді. Жағалбайлы руының Бескүрегінің Қырғызбайы Кенжебек баласы Божыр оның баласы Ермағанбет, Ермағанбеттің жалғыз баласы Шүйінішбай, одан Мұханбет қазір «Қопа» ауылында тұрады.



Мұханбет атаның айтуы бойынша:

- Жергілікті тұрғындардың көпшілігі-Жағалбайлының “Бескүрегі”. Жер аты “Божыр” (шын аты- Қойлыбай, бетінің шешек дағына байланысты келіндері “Божыр атам” деп атаған). Кеңестік кезеңде бұл атауы өшіріліп, “Қопа” деп аталған. Осы Божыр атамыздың әкесі Кенжебек, яғни біздің жетінші атамыз Қаршыға әулиемен құрдас екен, әрі екеуі де керемет найзагер болған. Қыз әулиенің ағасының қалың қолын екеуі кері қайтарып, жеріне жаушылық жасағандардың жазасын тарттырған да, жергілікті халыққа жақсы жағдай жасап жайлы болған дейді. Байдың тұқымы деп көп қудалау көргендіктен көп нәрседен айрылып қалды, әкелерімізде үреймен жүрді, біздерге кесірі тиер деп көп зат айтылмай қалдыау деп ойлаймын. Ес біліп қалғанымда әкелерімнің ағайын арасында өзара әңгімелері есімде бар есіме түскенін айтайын бірақ көп жылдар өтті ғой деді. Бұл мешітті шамамен 1910-1913 жылдары салдырған, аумағы шамамен 12*7метр. Мешітті салуға Жаманқалаға /қазіргі Орск/,Орынборға мал айдап, ол жақтан мешіт салуға қарағай ағашын,күйдірілген тас алдырған. Осы салдырған мешітте қысы-жазы балалар таймен, үлкендер атпен қатынап сауат ашқан екен дейді.Мешітте Жаймолда, Хасен деген молда, соңы Ноғай молда болған.

Божыр туралы хатқа түсіп таңбаланған мәліметтер тым аз екен. Бір рулы елдің шежіресінен ойып тұрып орын алған Божыр туралы тағы қандай мәлімет бар деген ой мазаламай қоймады.

Көңілге қонымдысы маңайындағыларға дастарханын кеңінен жайған, обал-сауапты ұмытпаған бұл ауылдың дәулетті, иманды, қыдыр көрген адамы деп жырлаған жерлес ақын Әкімәлі Қаржауовтың өлең жырларында да кездеседі.

1927 жылы жазылған Ә.Қаржауовтың «Түктібайды жоқтауы» деген өлеңіненде дәлелдер келтіруге болады (Наурызбаев Сағымбайдың айтуы бойынша жазып алынған)

...Төребек, Майжер,Тұржан,Божыр, Қапа,

Армансыз бұл дүнияны шайқап өтті.

Айнытпай өткендердің жолын тұтты.

Осылар тізе қосып бір жүргенде,

Қайтарып ат маңдайын кімнен бұқты.

Сұңқардай асыл туған ерлерімнің,

Бәрінде сұм қара жер қоймай жұтты...


1927 жылдар ел іші ылаңға толы кәмпеске басталған кезде алғашқылардың бірі болып мешіт салдырғаны үшін әрі бай деп ұсталғандардың бірі Божыр екен. Сол жылы атылған. Божырдың отырған ағаш үйіне дейін қызыл белсенділер алып кеткен. Кейін сол ағаш үйді алған адам да көп ұзамай қайғылы жағдайға душар болды дейді. Оның отбасы түгелімен қуғын-сүргінге ұшыраған,бес баласы Ермағанбет, Бижан, Бекетай,Тақау, Айбас.

Божыров Ермағанбет 1889 жылы туылған.1937жылы 14 қазанда УНКВД үштігі шешімімен ату жазасына кесілген. Божыр бай деп, балаларын байдың тұқымы деп қуғын-сүргінді көп көрсеткен.Олардың өмірі қорқыныш-үреймен өткені белгілі.Оған мұрағат құжаттары «Тергеу хаттамасы №46, №48» дәлел бола алады. Бұл хаттамада аттары мәңгілікке өшпестей жазылған. (Сурет №7)

Кеңес үкіметінің кесірлі заманында еліміздегі дін ислам өркениетіне, тарихына үлкен нұқсан келтірді. Сол уақытта, 1930 жылдары мешіттерді мал қораға айналдырып, кейін тіпті кірпішін мал қора салуға пайдаланған. Сондай мешіттің бірі осы Жағалбайлы Бескүрек руынан Кенжебектің баласы Божырдың салдырған мешіті. Тың игеру кезінде 1954-1955 жылдары қора копсыға, мешіттің тастарын, үлкен-үлкен қарағай бөренелерін алып пайдаланды. Мешітті жермен жексен еткен. Кейін малдары жұтқа ұшырап кесапат болған кезде осы жасаған істерінің дұрыс еместігін, бұл жердің тегін еместігін түсінген. Божыр ата өзі салдырған мешіттің жанында жерленген екен құлыптасы жерде жатыр. Арабша жазылған жазулары да анық көрінбейді. Осы жер Бескүректің Қырғызбай руының үлкен қорымына айналған. Божыр халқына адал қызмет жасағандықтан ғана халқының жадында сақталып қалған.

Кеңес үкіметі кезінде Қопа ауылының №3 фермасы, яғни Божыр ауылы мал өнімдері, астық өндіруден алдынғы қатарда болды. Көптеген атақты механизаторлар, жұмысшылар шықты. Олардың суреттері кітапқа түсіріліп, сақтаулы. (Сурет №8)

Ал қазіргі кезде жаңа кен орнының ашылуымен бұл жер қайтадан халықтың қоныстанатынына сенімдіміз. Ал қандай кен орны ашылады?












































«Лиманное» мыс-цинк кен орны.

«Лиманное» мыс-цинк кен орны «Божыр» қирандысынан 5 км солтүстік-шығыста орналасқан. «Лиманное» мыс және мыс-цинк кен орны 1976 жылдан бастап Мұғалжар геофизикалық экспедициясымен ашылды. Кен орынды зерттеумен А.К. Артыкбаев, В.С. Юриш, В.В. Юриш, Н.Ф. Медянкин, А.Л. Киселев, О.Б. Бейсеев, О.Б. Кайрамбаев, Е.М. Медетов, Л.П. Ковбань, М.И. Вахрушев, С.Г. Грешнер, Л.Н. Зудихина, З.Н. Павлова, Н.М. Жуков айналысты. Мезокайназойлық кезеңде қалыптасқан деп есептелінеді. (Сурет №9 )

1981-1985 жылдар аралығында барлау жұмыстары жүргізілген, бірақ тоқтап қалған. Геологиялық барлау жұмыстары 2010-2011 жылдары қайтадан жүргізілген. Бұл кен орны Жоғарғы Орск кен ауданына жатады. 2020 жылдан бастап өз жұмысын бастайын деп отыр. Кен игеру жұмыстары ашық және жабық әдіспен жүргізіледі екен. Ашық карьерлік әдіспен кен өндірілу биосфераның негізгі элементтеріне әсері бар. Соның ішінде топыраққа, су және ауа бассейндеріне, жануар мен өсімдіктер әлеміне әсері бар. Бірақ жануарлар мен өсімдік әлеміне әсері орташа болып саналады. Жылына 2 млн тонна руда шығарылады деп жобаланып отыр. 345,1365 га. аумақ игеріледі деп есептелінеді. «Лиманное» мыс және мыс-цинк кен орнының ашылуымен облыстық және аудандық деңгейде автомобиль жолы, құрылыс, энергетика және басқа да салалар дамуына кепілдік етеді. Яғни, бұл жұмыс орны ашылады. Жұмыс орны – халық көшіп келеді, үйлер салынып, ауыл қалпына келеді деген сөз. (Сурет №10)






























ІІІ. Қорытынды



Осы жобамызды зерттей келе мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. Өзіміз мекен ететін ауылымыздың топонимдерінің аталу тарихымен терең таныстық, оларды жіктедік. Хромтау   ауданы  Қопа   ауылында  тұратын  ақсақалдардан  Божыр мешіті туралы  әңгімелерді   естіп, Божыр атауы маңызын терең түсініп, аша білдік. 

Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлихановтың«Елді мекен, жер-су атаулары мен адам аттарының атадан балаға жалғасып жататын жақсы дәстүр бар» деген пікірін айта отырып, топоним атаулар жақсы дәстүр ретінде сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа жете беретініне күмәніміз жоқ.

 

 

 

IV. Ұсыныстар:


Зерттеу жұмысымызды қорытындылай отырып, мынадай ұсыныс айтқымыз келеді:

  1. Өлкеміздің топонимика атаулары терең зерттеліп, келер ұрпаққа мұрағат ретінде қалдырылса;

  2. Қопа ауылындағы «Божыр» өлкесінде өнеркәсіптің ашылуына байланысты жұмыс орны ашылып, халық жұмыспен қамтылса;

  3. Божыр ауылы қайта қалпына келтірілсе және жолдары дұрысталса.

  4. Облыстық жер- су атаулар энциклопедиясына біздің ауылымыздың жер - су атаулары енгізілсе екен.

  5. Болашақта Лиманное мыс- цинк кен орнының жұмысы жақсы деңгейде жүргізілсе, теміржол байланысы жүргізілсе екен.



























Хромтау ауданы Қопа селолық округінің картасы (Сурет №1)

















«Ор өзені»





Рисунок 2

Гидроним атауы. Шилі жҽне Теріс бұтақ өзендерінің қосылған жерінен бастау алады және ұзындығы 20 шақырымға дейін, ені 50 метрге дейін, тереңдігі 2 метрдей салалық кҿлдер жҥйесін құрайды. Көлдер ені 5-8 метр және терңдігі 0,8 метрге жуық тар тармақтармен жалғасады. (Сурет №2 )









































«Азбартас » үңгірі

Picture 2



«Азбартас» - ороним атауы. Жері шұрайлы, қоғадай жапырылған жасыл шөпті ғажайып шатқал. Қопа ауылының оңтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан табиғи, тарихи ескерткіш. Азбартасқа барар жолда жер бедері шоқылы болып келеді. Табиғи ескерткіштің алып жатқан жалпы аумағы - 100 метрді құрайды. Бұл табиғи ескерткіштің Азбартас аталу себебі айналасы таспен қоршалған қуыс болғандығына байланысты. Ел аузындағы аңыздарда Моңғол шапқыншылығы кезінде жергілікті тұрғындар жаушылардан аман қалу үшін, малдарын Азбартасқа қамап, өздері де сонда тығылғандығы жөнінде айтылады. Мал бағуды кәсіп еткен қалың жұртшылық үшін Азбартастың пайдасы орасан зор болды. Оны қарақшы мен ұрылардан қорғайтын қамал ретінде де пайдаланды. (Сурет №3)





Picture 4









«Түйебаз»

«Түйебаз» - кезінде ауыл тұрғындары түйе бағып, қоныс тепкен қыстақ атауы. Ал қазір сол жерде баздың орны бар. Сол себепті «Түйебаз» аталып кеткен. (Сурет №4)







Picture 10

Божыр қирандысына барар жолдағы Алшынбай төбесі(Сурет №5)

Антропоним атауы. Ауыл тұсындағы төбенің атауы. Жағалбайлыдан тарайтын Бескүрек руының беделді адамдарының бірі, ру басшысы Алшынбай деген кісінің есімімен аталған болатын.

Picture 8



Picture 4

Picture 5

Picture 3

Picture 7

Божыр қирандысының көрінісі (Сурет №6)

Антропоним атауы. Қопа ауылдық округіне қарасты қиранды.



Picture 11



Божыр атамыздың тергеу хаттамасы (Сурет №7)

Picture 3











Кеңес үкіметі кезінде Қопа совхозының №3 фермасының алдағы қатардағы жұмысшылар(газет қиындысынан) (Сурет №8)



























Сурет №9

1976 жылы Лиманное кен орнын геологиялық зерттеу экспедициясы.

Сурет №10

Лиманное кен орнын геологиялық қабаты.



Зерттеу жұмысы барысында:



Picture 1 Picture 3



Мектеп мұғалімдерінен сұхбат алу барысында



Picture 2



Мектеп кітапханасында ізденіс үстінде









Ауылымыздың тұрғындарымен сауалнама

алу барысында

Picture 1 Picture 5

















Пайдаланылған әдебиеттер


1.
Өтемісов  Р.Ж. Қазыналы Хромтау. – Ақтөбе, 2010. – 235 б.   
2.
Әубәкров Е. Қопа – құт мекен. – Ақтөбе, 1991. – 28 б.  

3. «Божыр ата және оның мешіті хақында »Хромтау аудандық мұражай жетекшісі Амангалиева Н.Ж.

4. Ақтөбе энциклопедиясы.

5. Интернет рессурстары.

6. "http://info.geology.gov.kz/ru/informatsiya/spravochnik-mestorozhdenij-kazakhstana/tverdye-poleznye-iskopaemye/item/

7. Ирмағамбетов М.Ш. Жеке күнделігінен. – Хромтау, 1990.








































23


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
1526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі