жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Туған өлкені жырлаймыз
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: |
|||
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
Сынып:6 |
Қатысқан оқушылар саны: |
|||
Күні: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
1-2 – сабақтар. Туған өлкені жырлаймыз |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.3.6.1 - тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру 6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кестелер жасау |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушытақырып бойынша үйренген сөздерді қолдана отырып, мәтіндегі көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстырады. Көптеген оқушы жай сөйлемнің түрлерін ажыратады. Кейбір оқушылармәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кестелер жасайды. |
|||
Бағалаукритерийлері |
Туған өлке туралы айтады, оның артықшылықтарын сипаттайды, сұрақтарға жауап береді. |
|||
Тілді мақсат |
Пәнге тән лексика мен терминология: қуат көзі, өндір, үнем, шығын, баламалы энергентика. |
|||
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: туған жер, атамекен. |
||||
Бастапқыбілім |
Қуат көздері туралы айтады, сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады. |
|||
Сабақтыңбарысы |
||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері |
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді. Қызығушылығын ояту. Оқушылардың жаңа сабақ бойынша білімін анықтау мақсатында «Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе» тәсілін пайдаланып, тақырып бойынша 1 минутта бір сұрақ жазуды тапсырады. Мәтіналды жұмыс.Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. «Қызық суреттер» тәсілімен бүгінгі тақырып не туралы болатынын болжайды (1-тапсырма). Туған өлке, атамекен, туған жер жайлы білетін көркем туындыларды сызбаға жазады (2-тапсырма). Туған жер жайлы мақал-мәтелдерді жазады, мағынасын түсіндіреді (3-тапсырма). Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға есімдікті, оның түрлерін меңгертеді. Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді. «Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып, 5 жай сөйлем құрайды (4-тапсырма). |
Тренинг жазылған парақшалар
Тұсаукесер Оқулық Дүниежүзінің физикалық картасы Таныстырылым
|
||
Сабақтың ортасы |
Мәтінмен жұмыс Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады. Оқушылар өлеңді тыңдайды, туған жерін сипаттайды, өлеңді мәнерлеп оқиды, жаттайды, мәтіннен деректі, дерексіз зат есімдерді табады, ол сөздерді пайдаланып, жай сөйлем құрайды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңді негзгі алып, туған өлкеге тән белгілерді диаграммаға түсіреді, мәтін мазмұны бойынша диалог құрады. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларды сергіту үшін орындарынан тұрғызып, жаттығу жасатады: Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз бақытты баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. |
Оқулық, аудиотаспа, кесте
Оқулық, суреттер
Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі түсті маркерлер
Ғаламтор ресурсы
Сазды әуен |
||
Сабақтың соңы
|
«Туған жерді жырлаймыз» деген тақырыпта постер жасайды, қорғайды(12-тапсырма). Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім көңіл күй смайликтері арқылы бағалайды.
Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы тақырып бойынша сұрақтарын қойып, білімдерін толықтырады. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде 10-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі. |
Оқулық
Ғаламтор ресурсы
А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, сырлы бояу
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Рефлексия Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады). |
|||
Қорытынды бағалау: Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады? 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген