Материалдар / Туған өлкенің ақындарының шығармалары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Туған өлкенің ақындарының шығармалары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатының сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2024
302
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді:


Күні: 11.01.2024

Сыныбы: 4 «Б»

Оқушы саны: 23 Қатыспағаны:__________

Сынып жетекші: Мирманова А.К.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Туған өлке ақындарының шығармалары

«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы

Мақсаты: Тахауи Ахтановтың өмірі мен қызметі туралы мәлімет беру, шығармаларымен таныстыру. Оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту.

Халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, Отанын сүйетін азамат болып өсуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер: Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады. Ұлтжандылық тақырыбын меңгереді. Өмірмен байланыстыра алады.

Тәрбие сағатының формасы және әдісі: танымды жарыс сабақ

Құндылықтар: ұлттық мүдде

Көрнекіліктер: бейнебаян, плакаттар, ойындарға арналған үлестірмелі қағаздар.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.

Сәйкестендіру.

1) Ақтөбе қаласындағы музыкалық колледж кімнің атында?

2) «Жыр жазамын жүрегімнен» әнінің авторы?

3) Ақтөбе қаласында Құдайберген Жұбанов атында не бар?


4)Ахмет Жұбанов құрған ең алғашқы ансамбл?





Ахмет Жұбанов


Ғазиза Жұбанова

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі

Негізгі бөлім


ІІІ.Жаңа сабақ:

Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі, драматург һәм аудармашы, атақты жерлесіміз Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». Жазушының ең соңғы романы — «Шырағың сөнбесін». Тахауи Ахтанов шығармашылығының негізгі салмағы прозада. Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. «Әдебиет жөне искусство» – «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.

1997 жылы Ақтөбе қаласындағы драма театрына жазушының есімі берілді.

Прозалары: «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Жоғалған дос», «Алыстан жеткен сарын».

Драматургиясы: «Сәуле», «Әке мен бала», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Ант», «Махаббат мұңы» және «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары.

Аудармалары: С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт», «Жер үстіндегі нұр» атты романдары, А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» атты үш томдық романы.

« Пазл» әдісімен топқа бөлу ( комедия, драма, детектив)

«Постер» Оқушыларға тақырыптар бойынша қосымша материалдар беріледі.

І топ Т.Ахтановтың өмірбаяны

ІІ топ Т.Ахтановтың шығармашылығы

ІІІ топ Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры


«Өлкеден шыққан ірі тұлғалар»

Ескерткіштер ( ескерткіште кім бейнеленгенін тап)

10-Әбілқайыр хан

20-Әлия Молдағұлова

30- Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаев

40-Құдайберген Жұбанов

Тұлға

10- «Алло, Айша бибі, Аэропорт» әндерінің орындаушысы? Ерке Есмахан

20- «Славян базары-2015» байқауының гран при жүлдегері, «SINGER 2017» байқауы арқылы әлемге танылған ақтөбелік? Димаш Құдайберген

30- Әлемдік рекорд орнатқан әйгілі ақ тарының атасы? Шығанақ Берсиев

40-Ақтөбе облысындағы ауданға есімі берілген жыршыны атаңыз? Нұрпейіс Байғанин

Кесенелер

10-Тама Есет Көкіұлы

20-Қобыланды батыр

30-Абат Байтақ

40-Хан моласы


Бейнебаян. Тахауи Ахтановтың мұрағаты мен облыстық драма театр жұмысы туралы бейнеролик көрсетіледі.




Берілген мәлімет бойынша сұрақ-жауап.

Пікірталас.


























Топқа бөлінеді.



Берілген тақырып бойынша топта жұмыс жасайды. Әр топ өзінің тақырыбына сәйкес постер жасайды, оны қорғайды.



Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.




















Оқушылар мұқият тыңдап, топтар бір-біріне сұрақ- жауап дайындайды.

Қорытынды бөлім

Рефлекция

«Жылдам жауап» әдісі арқылы сабақты қорытындылау:

1. Ахтанов туған өңір қалай аталады?

2. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келді. Сонда ол қандай жоғарғы оқу орнына түсті?

3. Көркем аудармамен де айналысты. Кімдердің шығармаларын аударды?

4. Жазушы қаламынан әңгіме, хикаят, роман, драмалық шығармалар туындады. Драмалық шығармаларын атайық.



5. Жазушының алғашқы әңгімесі қалай аталады?


Рефлексия. «Автограф» әдісі.


(Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы)

(ҚазПИ - ге)


(Пушкиннің, Толстойдың, Горькийдің, т. б.)

(«Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», «Махамбет мұңы», «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу»)

(«Күй аңызы»)


Стикерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, қолтаңба қалдырады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!