400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлкенің көркемдік халықтық кәсіптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкенің көркемдік халықтық кәсіптері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлері туралы білімдерін меңгеру.

Дамытушылық: ағашты көркемдеп оюдың түрлері туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, сызу, тарих.

Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

ІІІ Қорытынды.

ІV Бағалау.

V Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

Ағаш ұстасы және қолданбалы өнер. Табиғатта өңдеу тәсілдерінің бәріне дерлік кенетін ағаш сияқты материал жоқ деуге де болады. Ағашты тек қана кесуге, сүргілеуге, аралауға және желімдеуге, бұрғылауға, жонғылауға, жону мен күйдіруге ғана емес, сондай-ақ баспақтауға, калыптауға, жылулық және химиялық өңдеуге де болады. Ұсақталған және арнаулы құрамдарға арадастырылған ағашты металды құйған сияқты құюға да болады. Ағаштың мамықтай жеңіл болуы, бытыра сияқты тұтануы мүмкін. Алайда оны жанбайтын, қорғасын сияқты ауыр және қоспа болат сияқты қатты етуге болады.

Материал ретіндегі ағаштың сапасы оны өңдеу және өрлеу барысында, сондай-ақ дайын бұйымдардан көрінеді.

Өңдеу тәсілдері өте көп, олардың

көпшілігін адамзат бұдан мыңдаған

жылдар бұрын білген және қолданған. Тіпті ағашқа суретті отпен емес, күшті қышқылдармен күйдіріп салу сияқты әдіс бұдан жүздеген жыл бұрын белгілі болған.

Қазіргі заман техникасы белгілі бір ережеде механикаландырылған және олар өңдеудің алуан түрлі технологиясын жетілдіруге мүмкіндік береді. Алайда бастапқы материал өзінің физикалық-механикалық қасиеттері бойынша өзгермей қалып отырғандықтан, өңдеу жұмыстарының адамзат жасап шығарған тәсілдерін түбірімен өзгертуге техниканың мүмкіндігі жете қойған жоқ.















55-сурет Жазыктық-қуыстап ою





56-сурет. Геометриялық ою

57-сурет. Айшықты бедерлі ою



Ағашты өңдеу жұмыстарының тәсілдеріне ою мен нақыштама мозаика мен күйдіру, оюлы безендіру жатады.

Жазықтық геометриялық оюдың алғашқы кезеңінде ені 15 мм-ден кем емес, бір ғана аспаппен немесе жақсы қайралған қысқа қашаудан жасалған кескішпен, сондай-ақ металл кесетін коларадан етікші пышағына ұқсатып жасалған пышақпен де жұмыс істеуге болады. Кескіштің сабы тік бұрышты формада жасалады, тек жиектерінде доғал бұрышты қиықжиектері болады. Домалақ жылтыр сабы бар аспапты кесу бағытында дәл ұстап тұру қиын.

Қалыңдығы 10 мм-ден кем емес, жақсы кептірілген, жарықшақтары, бұтақтары жоқ, бөлінбеген, беті тегіс тақтайдың кез келген кесіндісі үшін материал бола алады. Енді дайындамаларды ағаштың бір түрі мен біртектес құрылымдарының бірнеше жіңішке кесінділерін желімдеп жасаған дұрыс. Мөлдір емес жабындымен өңделетін ойықты: ою үшін ағаштың кез келген түрі жарайды. Тесіп өтетін оюдың суретін алдымен кағазға салып, одан кейін көшірме кағаз аркылы ағаш бетіне түсіреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі