«Туған қаламның экологиясы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туған қаламның экологиясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда обылысы.. Қызылорда қаласы № ккөру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі болыпм қызмет атқарамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 4.10.2018ж.

Тобы: «Ұлан»

Тәрбиеші: Нәлібаева Мақпал

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Туған қаламның экологиясы»

Мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім беру. Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктердің маңызын ұғындыру. Экология мәселелеріне, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауғабаулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту. Қоршаған ортамен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай алатын, адамгершілігімол, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау арқылы сыныптан тыс жұмысын бастаймын.

Кіріспе.

«Қазақстан - 2030» бағдарламасында елбасы Н.Ә.Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйімізбен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», - деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – әрбір адамның міндеті.

Негізгі бөлім.

ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елеңдеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр, бірі – ядролық қарусыздандыру да, екіншісі – табиғаттағы болып жатқан дағдарыс. Қазіргі таңда республикамыз атмосфераның ластануы жөнінен бүкіл дүниежүзі бойынша алдыңғы орынға шығып отыр. Арал теңізі мен Балқаш көлі суларының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығымен табиғатына үлкен зиян келтіруде. Бүгінде Арал теңізі мен Балқаш көлінің тағдыры – бүкіл халқымыздың тағдырымен сабақтас болып отыр.

Елу жыл бойы Семей жерінде атом бомбасының жарылып, одан тараған әр түрлі зиянды радиактивті заттардың ауаны ластауы және ауа, су, тағамдар арқылы ішкі ағзаға өтіп, адам өміріне әлі де қауіп төндіруде. Ірі қалаларда ауаға әртүрлі улы газдар бөліп шығаратын әртүрлі өндіріс орындарының көбеюі.

Атмосфераға зиянды улы газдар мен олардың қоспаларын бөліп шығаратын жеңіл көліктер санының азаюы.

1.Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын – мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан таудағы түсті металла қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)

2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұгай – химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық – географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғары сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)

3. Су бармайтын жөнді

Көлге қауіп төнді

Ластанудан тағы

Қорғау керек көлді. Сұрақ: Қазақстан суларының бүйрегі мен жүрегі болып табылатын екі көлді атаңыз. (Арал мен Балқаш)


Қорытынды:

Экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау – әрбір адамның міндеті. Ендеше, табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек.



Тексерілді: _______________







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
1503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі