400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Туған табиғат Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен беретін әріптестеріме қажеті болып қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім:Баймурзина Сандугаш Сабиевна

Сабақтың тақырыбы

Туған табиғат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін тереңдету және мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін ұғындыру
Оқушылардың бойына қоршаған ортаға деген мейірімділік, жанашырлық сезімдерін дамыту. 
Оқушыларды табиғатты жақсы көруге , аялауға тәрбиелеу. 

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, дүние тану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Көрнекіліктер

Жасыл алаңқай, көлдің, таудың макеттері,жануарлар, өсімдіктер,жапырақтар, гүлдер топқа бөлуге,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы






























































































ҚБ «Қолпаштау»

әдісі




Сабақтың ортасы














ҚБ «Басбармақ»

әдісі



















































ҚБ «Қолпаштау»



































Сабақтың соңы














Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

Сәлеметсіздерме балалар, Қайырлы күн!

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сейсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын-деп , бір-бірімізге сәттілік тілей отырып сабағымызды бастайық.


Бүгін біз сабағымызды орманға саяхат жасаудан бастаймыз.Келіп жасыл алаңқайға жайғаса қойыңдар .Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыздар


Тыныштық сәті: «ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН». (баяу музыка ойнап тұрады. )

Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға жеттік, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Сұрақтар:

- Кім айтқысы келеді?

- Қандай сезімде болдыңдар?

-Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар?

-Сіздерге орманға саяхат жасау ұнады ма?.

Олай болса балалар, осы нұрды жүрегімізге сақтап қалайық. 


Үй тапсырмасы

( Ағаштағы жапырақтарға жазылған сұрақтарды алып жауап береді)


Балалар ,жан-жағымызға назар аударайықшы.Иә, әдемі өсіп тұрған ағашты, өрмекшінің торын, әдемі жайқалып өсіп тұрған гүлдер т.б көріп тұрмыз.Олай болса «Өремекшінің торы» деген қызықты ойын ойнайықшы.

-Бұрын ойнап көріп пе едіңдер?

Ағашымыздың жапырақтарында сіздерге жасырған сұрақтары бар сияқты. Қане, біреуіміз алып көрейік.

1)Отан деген не? (Менің туған жерім. Менің елім.Менің-Отаным Қазақстан)

2)Отанымыз қандай ел? (Еліміз күшті, байтақ ел.Жеріміз кең байтақ.Еліміз басқа елдермен тереземіз тең)

3)Біздің Отанымыз қандай елдермен көрші? (Қытай,Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан,Өзбекстан)

4)Отанды сүю неден басталады? (Отанды сүю отбасыңнан басталады.)

5)Отан туралы мақал-мәтел білесіз бе?


Топқа бөлу (Сіздер бүгін орманға саяхаттадыңыздар.Орман сіздерді құр жібергісі келмей ,өзінің әдемі гүлдерін сыйға тартады)


Біздің саяхатымыз бұнымен аяқталмайды.Енді біз еліміздің әсем жерлері тауға, көлге саяхатқа барамыз.Көлге саяхатқа сары гүл алған, ал қызыл гүл алған балалар тауға саяхатқа шығады.

Жаңа сабақ

Дәйек сөз

Табиғат-әсемдік айнасы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?

-Табиғат өте көрікті, әсем, қарасаң көзтоймайды.Табиғаттың сұлулығына таңданамыз,тамсанамыз, қуанамыз және шабыт аламыз.

Z

Мұғалім сыйы «Табиғат деген не?»

Әкім Ысқақ ( 114 бет мәнерлеп оқу

«Сұрақтар жаңбыры» ойыны

1)Әңгімеде жан-жануарлар не жайында айтып дауласты?

2)Жан-жануарлар неліктен өз мекендерін мақтады?

3)Сонымен балалар табиғат дегеніміз не?

(Бізді қоршаған  дүние: аспан мен  жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. 

4)Қандай табиғат байлықтарын білеміз?

5)Табиғат байлықтарының ішіндегі ең маңыздысы, көзімізге көрінбейді, онсыз өмір сүре алмайтын не балалар?

(Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.)


6)Ішсең шөліңді қандыратын,мөп-мөлдір не деп ойлайсыңдар?

(Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.)


7)Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? (Ол –өсімдіктер. )


8)Табиғаттың сәні де, әні де бола білетін көркіне көз сүріндіретін,тамылжыта ән шырқайтын байлықтарының бірі не?

(Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді.)


9)Табиғаттың сұлу мүсінді , көрін келтіретін байлытарының бірі не?

(Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар.)

10)Неге біз табиғтты анаға теңейміз?


Түйін

Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі.Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

Бейнефильм «Табиғат –адамзатқа аманат!»

Сергіту сәті

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға ,солға бұрылып,

Табиғатты мен көрдім.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Топпен ән айту. «Ертегі әлемі»

(Айгерім Қалаубаева)
Ғажайып түс көрдім, 
Таң ата мен бүгін, 
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 
Нұрына шомылдым бүгін. 
Жұлдыз, айы көркем, 
Әдемі еді неткен, 
Құстары сөйлейді, 
Бұлттары тербейді, 
Мен оянып кеттім, әттең! 

Қ/сы: 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 

Гүл тердім бұлттардан, 
Әр гүлде бір арман, 
Таусылмайтын тәтті, 
Сыя келіп жатты 
Жан біткеннің бәрі маған. 

Қ/сы


Түйін: Өз көңіл күйімізді ән айту арқылы көтеріп, айналадағы адамдарға да қуаныш сыйлай білейік.

Үйге тапсырма. 115 беттегі

«Бұлақ көрсең көзін аш» мәтінін оқу және мазмұнын әңгімелеу.

Сабақтың қорытынды сәті.

Соңғы тыныштық сәті (баяу музыка)
-Тік отырып, денемізді босатып, терең тыныс алып, көзімізді жұмайық. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Көздеріңді ашуға болады.

Сабағымыз аяқталды, үзіліске шығып, демалайық

Кері байланыс «Әсем гүлдер»

Ақ түс түсіндім.Сары түс жартылай түсіндім.Қызыл түс түсінбедім.

Бүгінгі сабақтан алған әсірімізді, көңіл – күйімізді көрсетейік






Презентация,

Алаңқай гүлге толған материалдан жасалған












Музыка


















































Ағаштың макеті,

Өрмекші торы,

Жапырақтарта сұрақтар
























Себеттегі қызыл,сары гүлдер











Презентация















Бұлт ,жаңбыр тамшылары сұрақтарымен


























































Видео









Көлддің,таудың макеті, жануалар, тастар,ағаштар,

гүлдер,құстар






Видео

































Музыка















Ақ,сары, қызыл түсті гүлдер, вазадағы гүлдер



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
544
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі