жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Туған тарихың - түп тамырың" қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.
|
Тексерілді: |
Күні: |
||||
|
Пәні: қазақ тілі |
Сыныбы 6 |
Мұғалім:.Г.С.Алгалиева |
|||
|
Қатысқаны: |
Қатыспағаны: 0 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: Туған тарихың – түп тамырың |
|||||
|
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқу мақсаты |
6.О5Мәтіннің негізгі және қосымша ақпаратты, көрсетілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6 ӘТН Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану. |
||||
|
Құндылықтарды игеру |
Тарих, жалпыхалықтық сипат,отарлау саясаты,батылдық, егемендік |
||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Тарих,география |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі негізгі ойды және ақпаратты түсінеді. Екпіннің түрлері мен анықтамасын біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып бойынша мәселені анықтауға бағытталған сұрақтарды құрастыра алады. Екпіннің түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды пайдалана алады Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыпқа байланысты өз ойларын жеткізеді қосымша дереккөздерін пайдалана отырып, талдайды, саралайды, |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Мәтінге қатысты негізгі ақпараттарға сұрақтар құра алады. Пәнге қатысты лексика және терминология: Тарих, шежіре, Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Мен білемін: Екпіннің анықтамасы.... Мен түсінемін: Сөз екпіні ....., Тіркес екпіні....., Логикалық екпін... Мен қолданамын: Өз елімнің тарихы туралы қосымша баспалардан, интернет ресурстарынан, дереккөздерден қосымша ақпарат жинақтаймын. |
||||
|
Крйтериалды бағалау |
Тақырып бойынша негізгі ақпаратты түсінеді, екпіннің анықтамасын пайдаланады Тақырып бойынша сұрақтар құрастырады Екпіннің анықтамасын сөз және сөйлем ішінде пайдаланады |
||||
|
Алдыңғы оқу сұрақтары немесе бастапқы білім |
Қазақстың салт-дәстүрі |
||||
|
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Кезеңдер/уақыты |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
Бағалау |
||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру Мақсаты: Психологиялық қолайлы ахуал туғызу Саян: «Ақерке сабақта алда бол» Рахмет Саян. Мағжан мен саған сәттілік тілеймін..т.с.с. Топқа бөлу тәттілер арқылы 3 топқа бөлу. сары түсті қызыл түсті жасыл түсті тәттілерге бөлінеді. «Таза тақта »әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. интербелсенді тақтада суреттер көрсетіледі оқушылар ол қандай салт-дәстүр екенін айтып беруі керек.
Мақсаты: тәрбиелік мәні мен тақырыппен ұштастыру. Сабақтың тақырыбын ашу: «Серпілген сауал» әдісі
Мақсаты: осы сурет арқылы оқушыларды болжамды жауаптары арқылы сабақ тақырыбын ашуға бағыттау. «Туған тарихың –түп тамырың» |
Шаттық шеңбері
Тұсау кесу., Сырға салу., Бесікке салу...
|
|
||
|
Сабақтың ортасы Түсіну Қолдану Сабақтың соңы Саралау әдісі Талдау Рефлексия Үйге тапсырма |
Топты жұпқа бөлу топ ішінде 1,2 сандарға бөлу арқылы 1-тапсырма «Жұппен айтып, жұппен бөліс» әдісі Дескриптор: Мәтіндегі негізгі ақпараттарды жазады. Сұрақтар құрастырады Саралау әдісі: Диалог және қолдау көрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында мұғалім тұрғысына бағыт-бағдар беріліп отырады. оқушыларды 3 топқа бөлу. Аттарының бас алфавиті бойынша «А»әріпіндегі Айбар. Айдос. Ақерке бір топ., «Ә»Әсем, Әлима, Әсел екінші топ.тағы сол сияқты. 2-Тапсырма:
Қазақ тілі екпіні тұрақты және екпін сөздің соңғы буынына түседі.Түбір сөздердің мына түрлерінде екпін бірінші буынға түседі: а) атап-атап санаумен байланысты айрықша интонациямен айтылған септік сан есімдерде (екі, алты, жеті, сегіз, отыз, алпыс, жетпіс, тоқсан т.б.), Тіркес екпіні Сөйлеуде мәтінде дауыстап оқығанда сөйлемдегі сөздер іркес-тіркес айтыла бермей, белгілі сөз тіркесі немесе сөз шумағы бір ғана екпінге ие болып келуі мүмкін. Осы тіркес екпіні деп атайды. Қазақ тілінде мына төмендегі сөз топтары ( тіркес екпінге)жатады: 1. Қос сөздер (бала-шаға, ит-құс, жол-жөнекей, шай-пай т.б. ) 2. Негізгі мағыналы сөз бен шылаулар (мен үшін, сен ғана, жүз қаралы, күн сайын т.б. ) 3 Күрделі сөздер түйдегі (ән салды, оқып отыр, жығылып қала жаздады, қол қойды т.б. ) 4. Анықтауыш пен анықталатын сөздер тізбегі (биік тау, күміс қасық, жүз сом т.б. ) 5. Пысықтауыш пен баяндауыш болған сөз тізбегі (бүгін келді, жақсы оқиды, қаладан келді, зорға тұр т.б.) Логикалық екпін (ой екпіні) Сөздің белгілі бір буынына, сондай-ақ, сөз тіркесіне екпін түсіп ерекше айтылатыны тәрізді, сөйлемдегі айтылатын ойдың мәніне қарай бір сөзді айрықша даралап айтамыз. Ол сөз ой екпініне ие болады да, ерекше әуенмен естіледі. Мұндай екпінді логикалық екпін дейді. Сөйлем ішіндегі көңіл аударуға қажетті бір сөзді бөлектеп, бөліп айту сол сөзге екпін түсіру болып табылады. Ой екпіні тұрақты болмайды, өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге арнайы көңіл аударылуы керек. Ертең оқушылар Астанаға саяхатқа барады. Астанаға барады саяхатқа барады оқушылар барады ертең барады Логикалық екпін белгілі жағдаймен байланысты болады. а) белгілі жағдайды қарама-қарсы қою ( Біз онда ертең барамыз, бүгін емес.) ә) күшейткіш мәні бар сөздер ( тап-таза, өте, тым , тіпті,мүлде т.б.) және өз есімдігі б) белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері в) сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің ( санамаланып келетін) әрқайсысына екпін түседі. г) бастауыш та , баяндауыш та зат есімне болса, екпін баяндауышқа түседі. Абай- ақын. ғ ) қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, логикалық екпінмен ерекшеленеді. Дескрипторы: Сөз екпіні анықтамасын біледі, мысалдар келтіре алады Тіркес екпіні анықтамасын біледі, мысалдар келтіреді логикалық екпін анықтамасын біледі, мысалдар келтіреді «Бір минуттағы ой » тәсілі талдау әдісі. Мақсаты: оқушылар сабақ соңында тақырып бойынша білім-білік деңгейлерін анықтау. Мұғалім тақырып бойынша бір түйінді сөз айтады. Оқушылар сол бойынша не біледі соны қысқа да нақты жазып талдауы керек. (жеке жұмыс) Тарих..... Түп тамыр.... Тіркес екпіні.... Сөз екпіні... Логикалық екпін ..... Саралау әдісі: Қарқын –себебі кейбір оқушылар сыныптастарына қарағанда жылдам орындайды, кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. А-деңгей:. Тарихи оқиғалар суреттерін жылдарымен сәйкестендіріп сол туралы сұхбат құрыңдар. В-деңгей: Мәтіннен сөз екпіні, тіркес екпінді тауып екі қатарға жазыңдар. С-деңгей: «Туған тарихты білу әркімнің парызы»атты тақырыпта ой толғау жазу Саралау әдісі: тапсырмалар. Білім деңгейі әртүрлі оқушылар өз деңгейіне қарай орындайды. Дескриптор Тарихи оқиғаларды суреттерімен сәйкестендіреді, сұхбат құрады, сөз екпіні анықтамасын біледі тіркес екпін анықтамасын біледі ойын жеткізеді жүйелі жеткізеді қосымша дереккөздерін пайдаланады Кері байланыс:«Ақ желкен» Егер сабақ ұнаса барлық тапсырмаларды сәтті орындасаң желкеннің түсін жасыл түске боя Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, тапсырмаларды орындау барысында түсінбегендерің болса желкенді сары түске боя. Егер саған сабақтағы тапсырмаларды орындау барысында қиналып мұғалімнің көмегіне жүгінсең желкенді қызық түске боя. « Тарих -шежіре»атты тақырыпта эссе жазып келу. Бағалау 10-9 ұпай -10 балл 8-6 ұпай - 7 балл 5- 3 ұпай -4 ұпай бағалау смайликтері арқылы бағалау нәтиже шығару. |
Үлестірмелі карточка.
3
29 бет Арман ПВ
|
Арман ПВ оқулығы 29 бет. Жарайсың! Керемет! Тамаша! Толықтыру керек!(ауызша бағалау)
Смайлик арқылы бағалау |
||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген