400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған тілім, бабам тілім, өз тілім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы













Туған тілім, бабам тілім, өз тілім!

Күншуақ ортаңғы тобы.



Тәрбиеші: Боксариева К









Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбері

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз 
тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

— Балалар жылдың неше мезгілі бар?

— Жылдың төрт мезгілі бар.

— Жаз,күз көктем,қыс

— Қазір жылдың қай мезгілі.
— Қазір жылдың күз мезгілі.
— Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?
— Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.
— Балалар бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
— Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.

— Балалар біздер қай елде тұрамыз?

— Біздің елбасымыздың аты кім?

— Біз қай тілде сөйлейміз?

— Біздер қазақша тілде сөйлейміз.Біздің ұлтымыздың тілі ол-қазақ тілі.

— Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Бала 1: Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте

Бала 2: Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым

Бала 3: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

Бала 4: Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

Бала 5: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді

Бала 6: Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем

Бала 7: Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің

- Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.

Ендеше бәріміз бірігіп ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Кім зерек?»
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
Бала 1: Өнер алды қызыл-тіл.
Бала 2: Тіл қылыштан өткір.
Бала 3: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
Бала 4: Басқа пәле тілден.

Балалар осы айтқан мақал-мәтелдеріңді естеіңнен шығармай үнемі жаттап жүріңдер.Жарайсыңдар балалар.

Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу қызметіміз  өз мәресіне жетті.Оқу қызметіне жақсы атсалысып қатыстыңыздар.Сұрақ-жауап арқылы оқу қыхметін қорытындылау.
Бағалау және мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 сәуір
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі