Тобы:
«Сұңқар»
Тақырыбы:
Туған тілім - айбыным
Мақсаты:
1. Оқушыларды
өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп,
өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз
құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі
маңызын ұғынуға үйрету.
2.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын,
шешендігін көрсететін нақыл сөздер,
мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын,
ой өрісін дамыту.
3.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу,
шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре
отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін
қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін
көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі:
нақылдар жазылған плакат, карточкалар.
Сабақтың
барысы
-
Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
-
Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Дұрыс - ақ. Ана
тілі атаңның, анаңның тілі, туған
халқыңнның тілі.
Кіріспе
Қазақ
халқы сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап
сөйлейтін халық. Кез
келген дауды атақты билеріміз бір ауыз
сөзбен шеше білген. Тіл ұлттың жаны, тіл
ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны
жоғалтуға болмайды. Құрметті оқушылар!
Ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру
болашақ сіздердің еншілеріңізде.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ
тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері
мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет
үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында
«Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани,
мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа
жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен
болатын.
Қазақ
тілінің мәртебесін өсіру үшін және
мемлекеттік тілімізді қастерлеуге,
құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде
көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді.
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен,
бұл барша елге ортақ жалпы халықтық
мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген
құрмет.
Қазақстанда
100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір
ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған
тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір
ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің
қарашығындай көретін қазынасы, асыл
мұрасы.
Еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 –
шілдеде Қазақстан Республикасының
Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын
қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы»
деп жарияланды.
Сондай
- ақ бұл шара қыркүйек айында атап өтілген
Тіл мерекесіне орайластырып отырмыз..
«Ана
тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ
адам секілді» Ғ. Мұстафин
«Ана
тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен
де, болашағынан да қол үзеді» Ғ.
Мүсірепов
«Анамыздың
ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды
ұмыту» Б. Момышұлы
«Әрбір
саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі
мен ана тіліндегі әдебиеттің қадірін
білмеу - мәдениетсіздік» М. Әуезов
Тәрбиеші:
Жастайыңнан қиялыңды - қиялға өрлеткен
ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл
аңыз - әңгімелер, ерлікті, елдікті
дәріптеген батырлар жырлары, береке
бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең
шешендік сөздер, халық даналығы – мақал
- мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп,
әрбір адамға сол ана тілінде жетіп
отырады.
«Ойлан,
тап!»
Берілген сөздерден мақал
құрастыру.
( ата, бала, жақсы, еңбек,
Отан, батыр, ел, ана)..
Қорытынды:
Тәрбиеші:
Адамды жұбататын да, ақыл беретін де,
күш - қуат беретін де, ой - сана беретін
де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз
өткенін де, болашағынан да қол үзеді.
Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл
арқылы жетті емес пе?!
Олай болса,
біздің тілге деген құрметіміз
шексіз.
Оқушылар хормен: Туған
тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім
барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен
мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен
де бірге өшемін.
«Үміт»
мектеп-интернаты
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
Туған
тілім - айбыным
Тәрбиеші:
А.Ж Жазықбай