"Туған тілім-тұғырым"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Туған тілім-тұғырым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың түйіні – жас ұрпақтың бойына ана тілі мен ұлттық болмысты мектепке дейінгі кезеңнен бастап сіңірудің маңыздылығын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған тілім – тұғырым»

Карашева Алтын Отызбековна

81«Әсемгүл» балабақшасы МКҚК



Аңдатпа

Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы балаларға мемлекеттік тіл – қазақ тілінің маңызын түсіндіру, тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру жолдары қарастырылады. «Туған тілім – тұғырым» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы балалардың сөздік қоры молайып, тіл туралы танымы кеңейеді. Оқу қызметі барысында өлеңдер, тақпақтар, мақал-мәтелдер мен дидактикалық ойындар тиімді қолданылып, балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.



Түйін сөздер



Мемлекеттік тіл, қазақ тілі, тіл тәрбиесі, сөйлеуді дамыту, ұлттық құндылық, мектепке дейінгі білім, тіл мерекесі.



Негізгі бөлім



Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, ұлттық болмысы мен мәдениетінің негізі. Баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мектепке дейінгі жастан қалыптасады. Сондықтан балабақшада тілге құрметпен қарауға, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету – тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі.



Осы мақсатта «Туған тілім – тұғырым» тақырыбында сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Оқу қызметінің мақсаты – балаларға мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіру, қазақ тілінің бай мұрасын бойларына сіңіру, туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.



Сабақ шаттық шеңберімен басталып, балалар туған тіл туралы өлең жолдарын бірге айтып, жағымды көңіл күйге бөленді. Сұрақ-жауап әдісі арқылы жыл мезгілдері, күз айлары, Тіл мерекесі туралы білімдері пысықталды. Балалар Қазақстанда тұратынын, мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін мақтанышпен жеткізді.



Оқу қызметі барысында тіл туралы тақпақтар айтылып, мақал-мәтелдер арқылы тілдің қадір-қасиеті түсіндірілді. «Кім зерек?» дидактикалық ойыны арқылы балалар жануарлар мен олардың төлдерін атап, сөздік қорларын байытты. Мұндай ойын түрлері балалардың қызығушылығын арттырып, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытатыны байқалды.



Қорытынды



Қорыта айтқанда, «Туған тілім – тұғырым» тақырыбындағы оқу қызметі балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті. Балалар өз тілінде еркін сөйлеуге, тілдің ұлт үшін маңызын түсінуге дағдыланды. Осындай мазмұнды, тәрбиелік мәні зор оқу қызметтері жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсуіне негіз болары сөзсіз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі