400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған тілің болмаса , тірегің жоқ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған тілің болмаса , тірегің жоқ.

Мақсаты:

1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі.

Кіріспе сөз. Мұғалім:

Қадірменді оқушылар, ұстаздар!

Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы еске алуға қаншама.

Ауыр , әрі қасіретті болса да...

Төрт анаға жағдай жасай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған,

Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы – деп, М. Шаханов жырлағандай, халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше , тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

22 қыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстсн халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.Бұл мереке еліміздің жер – жерінде мәдени шараларға толы апталыққа ұласуда. Мұндай шара біздің мектебімізде де өтуде. Ал біздің сыныпта бұл шара «Туған тілің болмаса, тірегің жоқ» тақырыбында жарыс сабақ түрінде өтпекші. Жарысқа екі топ бүгін біз : «Тапқырлар», «Зеректер» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.

«Қайырлы таң» бекеті Екі топтың сәлемдесуі. Танысу.

Сөйлеп жүрген күнде мен, Ана тілім – әнім,

Керемет қой тіл деген. Дана тілім – сәнім.

Кенелтеміз білімге Көркейе бер, қазақ ұлтым,

Небір ойлар тілімде. Даңқты боп салтың.

Топ басшыларына сұрақ.

«Үміт» бекеті. Сөздердің білдіретін ұғымы.

1. 1.Қар – түсі ақ, салқын, еріп суға айналатын зат.

2.Жайылым – мал жайылатын шөбі шүйгін жер.

3.Парта – ағаштан жасалған оқушылардың мектептегі құралы, отыратын орны.

4.Егістік – бидай немесе басқа дәнді дақыл өсіп тұрған жер.

2. Жұмбақтың шешуін орыс және ағылшын тіліне аудар.

2. 1.Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың. (мектеп, школа, school)

2. Ойыңды жазасың,

Аласың мазасын.

Беттері біткен соң,

Бастайсың тазасын. (дәптер, тетрадь, note book)

3.Күндіз – түні сыртылдайды,

Жүрісінен бір тынбайды. (сағат, часы, watch)

4.Тышқанға қауіпті,

Иттерге жау мықты. (мысық, кошка, a cat)

5.Балдай тәтті,

Мұздай қатты. (балмұздақ, мороженное, ice cpeam)

6.Көп жазсаң, қолың талады.

Қағазға бәрін салады. (қалам, ручка,a pen)

«Қайрат» бекеті . Тақпақты жалғастыр.

1.Бір аллаға сыйынып,

Кел балалар оқылық........

2. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...........

3. Ғарыш кемесін басқарып,

Көк жүзіне самғасам. ...............

Жемістер де пісіпті..,

Жерге үзіліп түсіпті. ...................

5. .Көшу деген жақсы екен,

Басты құстар әніне. ......................

6.Құстар шіркін тоңды ма,

Оңтүстікке жол тартты.....................

Түзетіп оқы. 1. Жаттадым қақпақты, Жаппадым тақпақты.

1. Арық суын жұлдың, Арам шөпті бұрдың.

2. Балықты сайраттым, Бұлбұлды қайнаттым.

2.Оқыдым бұтақ, Сындырдым кітап.

3. Ауырды тас, Шағылды бас.

3. Кидім құлақ, Тостым тымақ.

4. «Ғалым» бекті. «Мен бастаймын, сен аяқта» сайысы.

1. Тіл тас жарады...., (тас жармаса бас жарады)

2. Сөз сүйектен өтеді..., (таяқ еттен өтеді)

3. Көз жетпеген жерге......( сөз жетеді)

4.Бал тамған тілден....., (у да тамады)

5. Көп сөз – күміс, ..... (аз сөз – алтын)

6. Ана тілін білмеген адам,......(бір қолы жоқ шолақ секілді)

Д) Әзіл сұрақтар:

Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?

Қорқақ неден қорқады?

Тауық түс көре ме?

Қарғыстың ең жаманы не?

Тастың жеңілі бола ма?

Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?

Қандай кілт аспанда болады?

Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?

«Арман» бекеті

Тіл туралы өлең шумақтарына кезек берейік.

6. «Дарын» бекеті . Өлең, әңгіме құрастыру.

«Ең қымбат қазына»

7. « Шешен» бекеті. Қарияның ақыл – кеңесі.

« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.

Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды».

Қорытынды: Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған!

Қазақ тілін мойындату әлемге –

Жастар үшін болса екен басты арман! – деп , құрметті оқушылар сендерге сенім арта отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
696
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі