400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Тығыздық"7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған "Тығыздық" тақырыбына ашық сабаққа қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:физика

Мектеп:Б.Момышұлы атындағы №22жалпы білім беретін мектеп

Күні:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Тығыздық

Мұғалімнің аты жөні:Ш.Байдрахманова

Сынып:7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. Тығыздықты есептеу.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.2.14 –сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;

7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:тығыздық анықтамасын білу, өлшем бірліктерін айту.

Көптеген оқушылар істей алады:тығыздықтың формуланы пайдаланып есептерді шығару, мысалдар келтіру.

Кейбір оқушылар істей алады:сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибеде қолдана алу, формуланы қолданып күрделі есептерді шығару

Бағалау критерийі

  1. Тығыздық анықтамасын біледі, өлшем бірліктерін айта алады;

  2. Тығыздықтың формуласын келтіріп, есептер шығарады, мысалдар айта алады;

  3. Тәжірибе жасайды, күрделі есептер шығарады;

Тілдік мақсаттар


Сабақ барысында оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын арттыру.

Арнайы пәндік лексика мен терминалогия:

Тығыздық – бұл ..скаляр шама ............. шама.

Тығыздық – .......заттың бір өлшем көлеміндегі массасы......... болып табылады.

Тығыздық ................ρ........ әрпімен белгіленеді.

Тығыздықтың өлшем бірлігі .....кг/м3....................

қазақша

орысша

ағылшынша

Тығыздық

Плотность

Density

Масса

Масса

Mass

Көлем

Объем

Volume


Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы –еңбекке, шығармашылық өсуіне, ортамен ынтымақтастық қатынас орнатып, өмір бойы білім алуына баулу.

Пән аралық байланыс

Математика – есептер шығару, формула түрлендіру (амалдар қолдану);

Химия – сұйық және қатты денелерге тәжірибе жасау;

Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау.

Алдыңғы білім

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


(7 мин)


I.Ұйымдастыру кезеңі

1.1 Сәлемдесу.

1.2 Ән ұран орындау

II. Үй тапсырмасын қайталау

1.Берілген мәндерді килограмм арқылы өрнектеңдер.

1т

1ц

1г

1мг


1000кг


100кг

0,001кг

0,000001кг

2. Қайталау тапсырмалары:

Дене массасы дегеніміз не?

Массаның қандай өлшем бірліктері бар?

Дене массасын анықтаудың әдістерін сипаттаңыз.

Дене көлемі дегеніміз не? ХБЖ өлшемі?

Көлемнің қандай өлшем бірліктері бар?

Дене көлемін анықтаудың әдістерін сипаттаңыз.






Шамаларды кг айналдырады



Сұрақтарға жауап береді






Интер белсенді экран


Сайд №2



Слайд№3



Сабақтың ортасы



(17 мин)

II. Жаңа сабақ

-Заттың тығыздығы нені көрсететінін білетін боласыңдар

-Заттың тығыдығын анықтады білеттін боласыңдар

1.Миға шабуыл

«Мағынаны тану»


100г мақта

100г ағаш

100г темір заттарды парта үстіне қойылады, оларды салыстырамыз неге көлемдері әр түлі, қалай ойлайсыздар ?


Төменде өлшемдері бірдей әртүрлі заттан жасалған шаршылар берілген

Олардың қайсысы ең ауыр? Қайсысы ең жеңіл?

Неге олай ойлайсыздар?


Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

2.Жаңа сабаққа бейне ролик

https://youtu.be/qBvN3xrLaNw

Заттың тығыздығы: затты құрайтын атомдардың массаларынан және затағы атомдармен молекулалардың өзара орналасуына тәуелді. Атомдардың массалары неғұрлым үлкен болса, соғұрлым заттың тығыздығы үлкен болады. Алюминий мен темірді, темір мен сынапты салыстыра отырып бұған көзіміз жетеді. Бірақ егер бір затты үш агрегаттық күйде қарастырсақ, осы үш түрде оның тығыздықтары әртүрлі болады.

Қатты күйі. Атомдар бір-біріне жақын орналасады және күшті байланыста болады, сондықтан қатты күйде заттың тығыздығы ең үлкен болады.

Сұйық күйі. Атомдар және молекулалары жақын орналасқан, бірақ өзара байланыстары қатты күйден төмендеу. Сондықтан сұйық күйде заттың тығыздықтары қатты күйден азырақ болады.

Газ күйі. Молекулалары бір бірінен алыс орналасады, өзара байланысы да өте нәшар. Сәйкесінше газ күйінде заттың тығыздығы өте аз болады. Әдетте қатты денелер өз ертінділерінде батады. Мысалы, сары майдың бір бөлігі ерітілген майға батады, темір шегесі балқытылған темірге батады. Себебі заттың қатты күйдегі тығыздығы сұйықтағы тығыздықтан үлкен болады.

Бұл қызық

Әдетте қатты денелер өздерінің ертінділерінде батады.

Бірақ! Қыстың күні су бетіндегі мұз батпайды, себебі мұздың тығыздығы аз суға қарағанда.

Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады. Тығыздық дененің массасының оның көлемінің қатынасына тең

Мұнда: (рο) – заттың тығыздығы, m – заттың массасы, V-заттың көлемі.

ХБЖ-де тығыздықтың өлшем бірлігі - 1 кг/м3 ; 1 м3 көлемдегі заттың массасы 1 кг болатын тығыздығы.

Егер заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда заттың массасын қалай анықтауға болады?

Егер заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, ол кезде заттың көлемін қалай анықтауға болады?

Белгілі бір массасы мен көлемі бар заттың тығыздықтарын есептеулер арқылы есептеп алынған мәндері бар. Біз заттың үш күйі болатынын білеміз. Олар: қатты, сұйық және газ. Осы заттың үш күйіне тән тығыздықтың мәндері кестеде берілген.


Стикерлердегі сұрақтар


Қалыптастырушы бағалау




Берілген заттарға қарап өз ойларын жеткізеді не үшін көлемдері әр түрлі заттардың массасы тең бола алады

Жаңа сабақты тыңдап керекті жерлерін дәптерге жазып отырады




Мақта,ағаш,темір






Слайд №4




https://youtu.be/qBvN3xrLaNw


Слайд №5

Су, стакан, тұз, жұмыртқа

мұз


(7мин)


III.«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Жұптық жұмыс

Қызығушылықты ояту, тәжірибе жасау

«Әр түрлі заттардан жасалған цилиндлердің және сұйықтық судың тығыздығын анықтау»

Алдын ала оқушылар партасында таразы, гір тастары, әр түрлі заттардащн жасалған цилиндрлер, мензурка, су дайындалып қойылады. Оқушылар дененің массасын өлшейді, мензуркаға салып дененің көлемін ашықтап алады. Осы нәтижелермен дененің тығыздығын есептеп оны 199 беттегі 6-кестедегі қатты денелердің тығыздықтарымен салыстырып, дене қандай заттан жасалғандығын анықтайды

«Судың тығыздығын анықтау»


Қалыптастырушы бағалау

Дескриптор

Белгі

Тығыздықтың физикалық мағынасын айта алады.

+

Тығыздықтың формуласына мысалдар келтіріп есептер шығара алады.

+

Тығыздықты табу жолдарына тәжірибе жасай алады.

+

Өлшем бірліктерді СИ-жүйесіне келтіре алады.

+



Ағаш, темір, кубиктер, сызғыш, таразы


Оқулықтар, тәжірибеге қажетті құралдар.




( 10мин)

І. Жеке жұмыс

«Сұрақ бізден, жауап сізден»

Әр оқушы өзінің сенсорлы телефонымен ссылка арқылы жұмыс жасайды

  • https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe39kydbyWneXaTgZkajJKUtl4YrR5FSuuEYq35Lzhk6ScHPw/alreadyresponded


ІІ.Кілт сөздермен жұмыс

Сабақ барысында оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым,оқылым дағдыларын арттыру.

Арнайы пәндік лексика мен терминалогия

Тығыздық – бұл ..скаляр шама ....... шама.

Тығыздық – .......заттың бір өлшем көлеміндегі массасы.... болып табылады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі