жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тығыздық 7 сынып физика
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тығыздық |
|
|||||||
|
Күні: |
|
|||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.12. Әр түрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Мензурканы қолданып пішіні әр түрлі қатты денелердің, судың көлемін анықтау әдісін сипаттау Көпшілігі: Дұрыс пішінді және пішіні күрделі(құрамдас) қатты денелердің көлемін анықтау әдісін сипаттау Кейбірі: Мензуркаға сыймайтын денелердің (үлкен қасық, шанышқы) көлемін өлшеу тәсілін табу |
|||||||
|
Бағалау критерийі |
1.Судың және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін мензурканың көмегімен өлшейді 2.Қатты денелердің көлемін формулалар арқылы есептейді, пішіні күрделі денелердің көлемін есептейді 3. Пішіні күрделі денелердің көлемін есептеуде денені бөліктерге бөлу тәсілдерін қолданады 4. Мензуркаға сыймайтын денелердің көлемін өлшеудің әдісін ойластырады және жоспарлай алады |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Сөз тіркестері: Мензурка, пішіні дұрыс денелердің көлемі, пішіні дұрыс емес денелердің көлемі, пішіні күрделі денелердің көлемін өлшеу, аспаптың бөлік құны, аспаптың өлшеу қателігі. Диалог жүргізу үшін осы сөз тіркестерді қолданады. |
|||||||
|
Құндылықтарға баулу
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтары (эксперимент жүргізу арқылы) |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика (есептеу кезінде қолданады. Формулаларды қолданып дененің көлемін есептейді, өлшем бірліктерін өрнектейді ) |
|||||||
|
Алдыңғы білім
|
Аспаптың бөлік құнын анықтай алады. Өлшеу нәтижесін аспаптың қателігін есептеп жаза алады. Кубтың және тік параллелепипедтің көлемін есептеу формулаларын, көлемнің өлшем бірлігін еске түсіру, мензуркалардың түрлерін көрсету |
|||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. (W)Қызығушылықты ояту.Сұрақ қою тәсілі «Жауабын тап». Сұрақтардың жауаптарын стикерге жазып, сынып бөлмесінде іліп қою. Оқушыларға сұрақтың жауабын іздеуге уақыт беріледі
М - Мензурканың бөлік құнын қалай анықтайды? - Аспаптың өлшеу қателігін қалай есептейді? - Ағаш білеушенің көлемін қалай өлшеуге болады? (формулаларды еске түсіреді) V= abc, V= a3 - Көлемнің өлшем бірліктері қалай жазылады? Оқушылар жауабын тапқаннан кейін шеңберге тұрып оқиды. Содан соң мұғалім жағдаяттық сұрақ қояды: кілттің, сақинаның көлемін қалай анықтауға болады? Оқушылар осы сұраққа жауап беріп, сабақтың мақсатын анықтайды. |
Стикерлер |
||||||
|
Сабақтың ортасы |
( E) (Ғ) Бағалау критерийлері:
1-тапсырма Судың және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін мензурканың көмегімен өлшеу
Дескриптор: - мензурканың бөлік құнын анықтайды - аспаптың қателігін есептейді - дұрыс емес пішінді денелердің көлемін Vд =V2- V1 формуласын қолдану арқылы есептейді Vд – дененің көлемі, V1- судың бастапқы көлемі, V2- судың соңғы көлемі - әр жағдай үшін өлшеу нәтижелерін аспаптың қателігін есепке ала отырып жазады Өзара бағалау тәсілі. Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар дәптерлерін ауыстырып жауаптарын смайликтермен бағалайды. Мұғалім бақылайды.
Бағалау критерийлері:
2-тапсырма Эксперименттік тапсырма Куб пішінді,тік параллелепипед тәрізді денелердің және пішіні күрделі(құрамдас) денелердің көлемін өлшеу
Дескриптор
V= abc, V= a3 формулаларын қолданып есептейді
«Бағдаршам» тәсілімен бағалау.Кубтың көлемі-қызыл түспен, тік параллепипед көлемі-сары түспен, күрделі дененің көлемі- жасыл түспен көрсетеді. Тапсырмалардың дұрыс жауаптары көрсетіледі.(оқушыларға бірдей өлшемдегі денелер беріледі) Жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі.Оқушылар өздерін бағалайды.
Бағалау критерийлері
3 –тапсырма. Эксперименттік тапсырма Мензуркаға сыймайтын денелердің (үлкен қасық, шанышқы) көлемін өлшеу тәсілін табу
Дескриптор - ыдыстағы судың деңгейін өлшейді(тік параллепипед пішінді кең ыдыс пайдаланады) - қасықты салып судың деңгейін тағы өлшейді - су деңгейінің айрмашылығын есептейді - қасықтың көлемін V= abc формуласын қолдану арқылы есептейді - шанышқының көлемін осы тәсілмен анықтайды Тапсырманы мұғалім кері
байланыс арқылы бағалайды. |
мензуркалар, шүмегі бар ыдыстар, суы бар шыны ыдыстар, пішіні әр түрлі денелер слайд
Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова Физика 7 сынып
формулалар сызғыш, кубиктер, ағаш білеушелер
тік параллепипед пішінді кең ыдыс |
||||||
|
Сабақтың соңы |
Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: Рефлексия пирамидасы
Е Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе Сіз бұрыннан білетінүш нәрсе Сіз үйренген төрт нәрсе Үйге тапсырма: Интернет көздерінен немесе математика анықтамаларынан призма, пирамида, конустың, цилиндрдің көлемін есптейтін формулаларды тауып, жазып келу |
Рефлексия пирамидасы |
||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
||||||
|
Сабақтың мақсаты бойынша сараланады ( барлығы, көпшілігі, кейбірі) Сабақтың тапсырмалары бойынша және нәтижелері бойынша сараланады. |
Сұрақ қою тәсілі «Жауабын тап». Жағдаяттық сұрақ қою тәсілі. Өзара бағалау тәсілі.Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар дәптерлерін ауыстырып жауаптарын смайликтермен бағалайды. «Бағдаршам» тәсілімен бағалау. Өздерін бағалау тәсілі. Мұғалім кері байланыс арқылы бағалайды. «Рефлексия пирамидасы» тәсілімен |
Оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Сынып бөлмесін желдету, сынып бөлмесін таза ұстау
|
||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
. |
|||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||
ензуркаларды қолданып қандай шаманы өлшеуге
болады?




ск

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген