Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тығыздық формуласын есептер шығаруда қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2

Күні:

Сынып: 7

Мектеп:

Мұғалімнің аты - жөні:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тығыздықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар : тығыздықтың анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: тығыздықтың формуласын түрлендіріп, есеп шығаруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар:Сынақ - тәжірибелік есептерді талдап, шығара алады

Бағалау критерийі

1. Берілген заттардың тығыздығын көлемдері мен массаларын салыстыру арқылы анықтайды.

2. Тығыздық формуласын түрлендіріп, дененің массасын және көлемін табады, есептеулер жүргізеді.

3. Сынақ- тәжірибелік есептер арқылы сұйықтың көлемін тығыздықтың формуласын қолданып таба алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер ауызша және жазбаша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырамын

Заттың тығыздығы - сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама.

Заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек

Масса - денелердің инерттілігінің өлшемі

Құндылықтарға баулу

Заттардың тығыздығын анықтау барысында сынақ -тәжірибелік есептерді орындау арқылы индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсуіне жол ашу

Пәнаралық байланыс

Математика бағдарламасынан дене ауданы мен көлемін анықтай білу, өлшем бірліктерін білу, есептеулерде амалдарды дұрыс қолдана білу

Алдыңғы бөлім

Біледі: Тығыздық, көлем және масса ұғымдарын , ХБЖ өлшем бірліктерін.

Білу керек: дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемдерін сұйық арқылы табуды

Қосымша: теорияны тәжірибемен байланыстырады



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы: 3 мин






8 минут

(білу, түсіну) Оқылым, айтылым

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығына мән беру

Үй жұмысын сұрау

Оқушыларды санау реті бойынша 4 топқа біріктіремін.

"Суреттер сыр шертеді" әдісі арқылы әр топқа суреттер беріледі (топтық жұмыс)

І топ. Табақтары теңгерілген таразының үстінде текшелер орналастырылған. Текшелер істелген заттардың тығыздықтары бірдей ме?






І І топ . Таразы табақшасында көлемдері бірдей жез бен алюминий кесектері бар. Жез кесегі таразының қай табақшасында








ІІІ топ. Екі бірдей ыдыстың 1- белгісіз сұйық, 2 -не су құйылған. екеуінің де массалары бірдей. Сұйықтықтың қайсысының тығыздығы артық?







ІV топ . Таразының бір табағында бір кесек қорғасын, екіншісінде - қалайы кесегі бар. Қорғасын кесегі қай табақта?







Дескриптор:

- суреттерді сипаттайды.

- қатты денелердің тығыздықтарының кестесін пайдаланып, қорытынды жасайды.

- суреттердегі есептің шешімін түсіндіріп береді

Оқушылар өздерін " Бағдаршам" арқылы бағалайды

Shape1 Толық түсіндім


СShape2 ұрағым бар


Shape3 Түсінбедім






Оқу құрaлдaры, А3 форматта суреттер


















































Бағдаршам түстес дөңгелекшелер


Сабақтың ортасы:


14 мин

(білу, түсіну, қолдану)

Оқылым, айтылым, жазылым

"Айналмалы бекет" әдісі арқылы сынақ - тәжірибелік есеп беріледі. Есепті флипчартқа түсіреді .

1 - айналым тапсырманы орындайды

2- айналым қатесін табады

3- айналым түзету жасайды

4- айналым әр топ өз ойларын қосады.

Сынақ - тәжірибелік есеп:

М ензурканы ғана пайдаланып, шөлмектен стаканға 120г керосин құйыңдар.







Дескриптор:

- массаның өлшем бірлігін ХБЖ -не келтіреді

-керосиннің тығыздығы арқылы көлемін есептейді

-Мензурка арқылы стаканға құйылатын керосиннің қажетті мөлшерін мл өлшемімен есептейді

- тәжірибе нәтижесін сипаттайды











флипчарт, маркер, мензурка, керосин құйылған шөлмек, стакан

Сабақтың соңы:

15 минут

(білу, түсіну, қолдану)

"Хат келді" әдісі арқылы деңгейлік тапсырма беру. (жеке жұмыс)

І деңгей

1. 125л сұйықтықтың массасы 100кг. Оның тығыздығын табыңдар.

2.Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар.

ІІ деңгей

1 .Мензуркаға салынған заттың қандай металл екенін анықтаңдар. Массасы 2,28кг













2.Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.


ІІІ деңгей

1. Текшенің барлық жақтарының ауданы 150см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?

2. Темірден және алюминийден жасалған заттардың көлемдері бірдей. Егер темірдің массасы алюминйдің массасынан 12,75 г артық болса, осы заттардың массалары қандай?

(ρАлю=2700кг/м3, ρтемір=7900кг/м3)


Дескриптор:

- есептің шартына сай берілгенін жазады;

- өлшем бірліктерді ХБЖ келтіреді;

- тығыздықты есептей алады;

-тығыздық формуласы арқылы массаларын анықтайды

Тапсырма жазылған конверттер

Кері байланыс

Рефлексия

3 минут

Сабаққа оқушыSWOT талдау жасайды

Талдау парақшалары

Үйге тапсырма

2 минут

Тәжірибелік тапсырма.

Өз бөлмелеріңдегі ауа массасын табыңдар

Күнделік , жұмыс дәптер

Қосымша ақпарат

Саралау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік, АКТ - мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Сыныптағы оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптың қажеттілігіне қарай сабақ мақсатына жету үшін төменде көрсетілген әдістер арқылы тапсырмаларды таңдап алдым. Үй тапсырмасын тексеруде "Суреттер сыр шертеді" әдісі арқылы суреттермен берілген есептерді барлық оқушылар үшін топтық тапсырма етіп таңдадым. Себебі, топтық жұмыс арқылы ЖАДА аймағын ұйымдастырып,барлық оқушылармен кейбір қабілетті оқушылар арасында көпіршелер қалыптасып, алдыңғы сабақта өтілген материалдарды еске түсіріп, суреттер арқылы заттардың тығыздығын табуды түсініп, оқылым,тыңдалым, айтылым дағдылары қалыптасады. Ойлаудың білу, түсіну деңгейлерінде болады.

Сабақтың ортасы кезеңінде "Айналмалы бекет" әдісін сынақ - тәжірибелік есепті шешуге топтық жұмыс ретінде таңдадым. Бұл тапсырма арқылы сыныптағы кейбір оқушылар мен оқушылардың басым бөлігісынақ - тәжірибелік есептерді шығару барысында ойлаудың білу, түсіну, қолдану деңгейлерінде болып, сын тұрғысынан ойлаудың танымдық қабілеттері артады. Бұл тапсырма арқылы барлық оқушыларсабақ мақсатына тәжірибе жасау арқылы кейбір оқушылардың қарқындылығының көмегіне жүгіне отырып, жетеді.

Сабақтың соңы кезеңінде тығыздық бойынша білімдерін қорытындылау үшін "Хат келді" әдісі арқылы деңгейлік тапсырманы жеке орындауға ұсынамын. Тапсырмаларды әр оқушының деңгейіне сәйкес жасаймын. Сабақтың алдыңғы екі кезеңдерінде барлық оқушылар топтық жұмыс арқылы заттың тығыздығын табудың сурет арқылы ой қорытып, тәжірибе арқылы есептеуді түсінеді деөз деңгейіндегі тапсырманы жеке орындай алады. Сабақты мақсатын меңгергендіктерін саралау үшін деңгейлік тапсырманы жеке орындау ойлаудың білу, түсіну, қолдану деңгейлерін және оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырып, сабақ мақсатына жетеді.

Сабақ барысында оқушылардың сабақ мақсатына жетуіне қолдау көрсете отырып, қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолданамын. Сыныптағы топтық талқылауға араласа алмай отырған оқушыларға кері байланыс жасау арқылы сабақ мақсатына жету үшін оқудыңқай деңгейіне жеткенін білетіндей жағдай жасаймын. Топтық жұмыс кезіндеоқушылар өздерін бағалаудың "Бағдаршам" арқылы кері байланыс береді. Сынақ - тәжірибелік есептерді талқылауда топтағы тапсырманы орындауға өз ойын жеткізе алмай отырған оқушыларға ауызша бағалау жүргізіп,"Сенде аз да болса ілгерілеу бар, егер үздіктердің қатарында болғың келсе, саған анықтамаларды, формулаларды меңгеруге көңіл бөлуің керек", "Нақтылық жетпейді, сен мұны бұдан жақсы жасай аласың" деген сөз тіркестерін пайдаланып ,кері байланыс беремін . Деңгейлік тапсырма бойынша оқушылардың дәптерлеріне оқу мақсатына бағытталған жазбаша бағалау жүргіземін. Сабаққа кері байланысты барлық оқушыдан SWOT талдау жүргізу арқылы аламын. Оқушылар сабақтан алған білімдерінің күшті,әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп- қатерін атап көрсетеді

Тығыздықты есептеу барысында математика пәнімен байланыс, яғни амалдарды дұрыс орындау, есептеулерді дұрыс жүргізу, текшенің жақтарының ауданы арқылы көлемді табу қолданылады. Сынақ - тәжірибелік есептерді шешуде құралдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Тығыздықты есептеу барысында индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығына жол ашу

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
3387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12