Материалдар / Тығыздық ҚМЖ 7 сынып ашық сабақ

Тығыздық ҚМЖ 7 сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тығыздық
Авторы:
11 Наурыз 2025
93
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі


Білім беру ұйымының атауы

Шымкент қаласы, С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебі

Пәні

Физика

Бөлім:

Тығыздық

Педагогтің аты-жөні:

Өмірзақ Орынбасар

Күні:

11.11.2022ж

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.2.13 тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;

7.2.2.14 сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;

7.1.3.3 физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар : тығыздықтың анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: тығыздықтың формуласын түрлендіріп, есеп шығаруда қолдана алады

Кейбір оқушылар:Сынақ - тәжірибелік есептерді талдап, шығара алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушы

лықты ояту.

5 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу

КӨЛЕМ ТЫҒЫЗДЫҚ МАССА

Сәлемдесіп, топқа бөлініп отырады.




Кеспе қағаздар

Жаңа сабаққа кіріспе

7 мин

-Үй тапсырмасын сұрау (тексеру)
- Өтілген сабақты қайталау

 PowerPoint арқылы «Қызық екен» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында тест тапсырмасы арқылы жеке жұмыс болады.

Мақсатқа бағытталған жетектеуші сұрақтар: (Жеке жұмыс)

  1. Дененің инерттілігінің өлшемі?

  2. Массаны өлшейтін құрал?

  3. Массаның өлшем бірлігі (ХБЖ)?

  4. Бірлік көлеміндегі заттың массасын анықтайтын физикалық шама?

  5. Бұрыс пішінді дененің көлемін немен анықтауға болады?

  6. Масса қандай шама?

  7. Тығыздықтың өлшем бірлігі?


Өздігінен білім алуға бағыт- бағдар береді.

Оқушылар интерактивті тақта арқылы ұяшықтарды таңдап тест тапсырмаларына жауап береді


Оқушыларды дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



Дескриптор:


  1. Массаның мазмұнның толық ашады;

  2. Өлшем бірлігін біледі.



2 балл

Ауызша мадақтау сөздер

«Жарайсың»,

«керемет»

Интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

13 мин

Жаңа сабақ

«Ой қозғау» (Проблемалық жағдай)

Рисунок 24 Shape1

1 кг мақта ауырма, 1 кг темір ауырма?

Мұғалім ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ арқылы бейнеролик көрсетіп, оқушыларға жетелеу сұрақтарын қояды, оларға кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Мензуркаға таза су және тұзды су құйып ішіне кезек-кезек картоп(жұмыртқа) салып көрсетеді.

Стакандағы суға өсімдік майын құйып көрсетеді.

Осы құбылыстардан қандай тұжырым жасауға болады?

Бұл тәжірибелер әр түрлі дененің, заттың тығыздықтары түрлі болатынын дәлеледейді.


/Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады/

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі

Тақырып бойынша меңгерген білімдерін өмірдегі қолдану аймағын, қайда қолданылатындығы және дамытатындығы туралы түсіндіру арқылы еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығы қалыптасады



Оқушылар қойылған сұраққа өз ойларын айтады








Оқушылар жұпта талқылайды, тәжірибе нәтижесіне қорытынды жасайды.






Ауызша мадақтау сөздер

«Жарайсың»,

«керемет»,

«Жақсы»










Стакан,

су, тұз, жұмыртқа, картоп

Қолдану

10 мин

Жұптық жұмыс

Оқушыларға жылдамдыққа, еңбекқорлыққа баулу мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырмалар жаттығу және қосымша есептер

  1. Массасы 3 кг дененің көлемі . Оның тығыздығы қандай?

  2. Бензин құятын отын багының көлемі 0.2 , оған толтыра бензин құйылған болса, массасы қандай болар еді? Б710 кг/м3

  3. Трактордың отын багына толтыра құйғанда, 70 кг керосин сыяды. Бактың көлемін анықта.
    к 800 кг/м3.



ЕББҚ тапсырмасы

«MACBOOK» әдісі арқылы кестемен сұрақ беріледі



Оқушылар бекіту тапсырмаларын топ болып орындап, жаңа тақырыпты меңгереді.

.




Сұрақтарға Ия немесе Жоқ деп жауап береді


Дескриптор:

-Есептің шартын түзеді

-ХБЖ-ға келтіреді

-Есептің формуласын түрлендіріп

-Есептің жауабын табады


-Судың тығыздығын біледі;

-Массаның өлшем бірлігін біледі;

-Көлемнің өлшем бірлігін біледі;

3 балл

Интерактивті тақта, оқулық, дәптер









Кеспе қағаз




Түсіну:

Тәжірибе

5 мин

«Тәжірибе бекеті» әдісі арқылы сынақ-тәжірибелік есеп беріледі. Топтармен бірлесе тәжірибелік есептерді орындайды, жауабын түсіндіреді.

Виртуальды зертхана арқылы берілген денені анықтау қажет


Үш топқа интерактивті тақта арқылы белгісіз денелер беріледі. Олар дененің массасы мен көлемін анықтау арқылы оның тығыздығын тауып, сол арқылы белгісіз денені табады.


Оқушылар топпен тәжірибелерін жасап, есептеулер жүргізеді, қорытынды жасайды, жауаптарын қорғайды.


Дескриптор:

-Таразыны пайдаланып, заттың массасын табады;

-Есептің шартын түзеді;

-Тығыздықтың формуласын түрлендіріп, жауабын табады.

3 балл

Интерактивті тақта, оқулық, дәптер, таразы, сызғыш, цилиндр пішінді денелер, мензурка, су

А3 қағаз

Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс





Үй тапсырмасы

Қорытындылау

«Бізден сұрақ, сізден жауап» әдісі. (PowerPoint арқылы) Жасанды интеллектпен оқушыларға бейне сұрақтар қойылады


«Стикерлер» әдісімен тақтаға ТАЛ ілінеді


Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау



Жаттығу 2, 3 есептер

Өз бөлмелерінің ауа массаларын анықтау

Оқушылар ұяшық таңдап, бейне сұрақтарға жауап береді



Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтадағы

Дескриптор:

-Тығыздықты біледі

-Өлшем бірлігін біліді

Әр дұрыс жауапқа

2 балл

Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



Стикерлер

Интербелсенді тақта


Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жакашева Г.К.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі