15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тылсым дүние ғажаптары
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Есір Айшуакқұлы атындағы орта мектеп Мерзiм 10.03.2018 жыл
Мұғалiм Алхамова Ж.А.
Сынып10 Оқушылар саны 18 Тақырып Тылсым дүние ғажаптары
Құндылық Ақиқат Қасиеттер: шынайылық, зеректік, әділдік
Мақсаты: Оқушыларға «Әлем», «Адамзат», «Тылсым» ұғымдарын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділігі: Оқушыларға адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы жан-жақты айтып, шынайылық туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Оқушыларды өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, зеректікке баулу. Тәрбиелілігі: Оқушыларды шынайылыққа, зеректікке, әділдікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Белсендіргіш тақта, ақ қағаз. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. 5Т ережесі
Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Ақселеу Сейдімбектің көшпелілердің сенімі туралы ой-толғамын оқып келу -Көшпелілердің сенімін қалай түсінесіз? -Олардың табиғат құбылыстарын сезімталдықпен дәл байқап, бағалай алуының сыры неде? - Өзің табиғаттың құпияларын зерттеп, ой түйген сәттерің болды ма?
|
Ескерту |
«Адамның су мен жертуралыойлағаны- өзітуралыойлағаны.» Ш. Айтманов
|
|
Данагөй туралы аңыз Аңыз әңгіме Өткен заманда бір топ адам сабырлы, ақылды данагөй адамды жамандайды екен. Данагөй бәрін естиді, бірақ оларға күліп, жақсылық тілеп кетеді екен. Осыны сырттан бақылап жүрген бір адам данагөйден сұрайды.
Сонда данагөй асықпай ойланып тұрып, сабырлықпен былай деп жауап беріпті:
1.Данагөйдің асыл қасиеттерінің сыры неде? 2.Оның бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады? 3.Барлық адамзат баласын сүю дегенді қалай түсінесіңдер? 4.Өзің қандай риясыз қызмет атқара алдың? Мысал келтір.
|
|
Қораптан жұлдыз, ай, күн бейнесін суыру арқылы топқа бөліну 1-топ«Мәлім дүиенің беймәлім қырлары » тақырыбына эссе жазу 2-топ «Таңқаларлық жағдай» тақырыбына әңгіме жазу 3-топ «Менің тылсым дүние туралы естіген бір әңгімем» тақырыбына әңгіме жазу |
|
М.Өрісбаев «Өмір сыры»
1)Өмір деген – Жанымның шуағындай жарқырайды. Көңіл деген – Бар кезде шарықтап шалқымайды. Арман деген – Жүректің жұбанышы үзілмейтін. Үміттің серігің ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың.
Қ/ы Бұл дүниені Жарығым қайта оянып көрер болсам Өмірге қайта айналып келер болсам Сезер – ек бақыттың шын бағасын
2)Бақыт деген – Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы Уақыт деген – Өзгермес сұрапыл соқса тағы Ақымақ деген – Жүректің жұбанышын көз ілмейтін Үмітің серігім ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың Қ/ы Жүректің жұбанышы үзілмейтін. Үміттің серігің ғой көз ілмейтін. Өмір ғой несіне таң қаласың.
|
|
7. Үй тапсырмасы. Т.Сабырханұлының «Шексіз әлем» өлеңін оқу
|
|
Оқушылар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
|
|
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Алхамова Жемісгүл
Мектеп директоры: Саудабаева Ақкүміс

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген