400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тылсым дүние ғажаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өміріндегі әлем ғажайыптары туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Сүмбе орта мектебі

Мерзiм: 06.02.2017 ж

Мұғалiм: Д.Игембаева

Сынып: 10 «А»

Тақырып: Тылсым дүние ғажаптары

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: шындық, жақсыдан жаманды ажырата білу, ізгілік, жауапкершілік


Мақсаты: Адам өміріндегі әлем ғажайыптары туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

Білімділік: Әлемнің ғажайып құбылыстарын түсіндіре отырып, жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету


Дамытушылық: Адамның әлеммен үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейте отырып, шындықты айтуға дағдыландыру


Тәрбиелік: Ізгілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Топқа бөлу «Аспан», «Жер» «Адам»


5 Т ережесін (тыныштық, тазалық, тәртіп,талап, татулық)


Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.


Үй тапсырмасын тексеру

Ақселеу Сейдімбектің ғылыми танымдық шығармасынан үзінді

  1. Табиғат құбылыстарындағы өзгерістерді байқап, бағалай алудың сыры неде?


Ескерту
























































127 бет оқу

Дәйексөз.

«Дүниеде бар зат жоқ болмайды, ештеңе де жоқтан барға айналмайды, барға айналса оның да бір белгісіз заттардан қайта құрылып, дүниеге өзгеше түрмен келуі анық.» деген

И.Кант

- Дәйексөзді қалай түсінесіз?

- Дәптерге жазу.

- Топпен қайталау.










Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

Жаңбырдың кереметі

Найзағайдың тылсым қасиеттері


Сұрақтар

  1. Бейнефильмді көріп отырып не түсіндіңіздер?

  2. Әлемнің ғажайып құбылыстарын танып білуде қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыздар?

  3. Сіздер үшін ғажайып тылсым дүние?


Бейне ролик (интернет желііс)

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.


1 топ: Мен қалай тылсым дүниенің куәгері болдым?

(өздері куә болған ғажайып дүние)

2 топ: Мәлім дүниенің беймәлім қырлары (ай мен күн)

3 топ: Табиғат – құбылысының ғажайыптары (қар жауады, кемпірқосақтың шығуы)

Постер, маркер, қосымша материалдар

Топпен ән айту. «Өмір сыры» Б. Исаев Б.Сексенбаев



Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам,

Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.



Үй тапсырмасы.

Мәтінмен жұмыс. Шексіз әлем. Т.Сабырханұлы


Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақта қандай құндылықтар туралы еске түсіріп, сол құндылықтарды жүректе сақтайық!


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1301
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі