400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тылсым дүние ғажаптары 2-сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп Мерзiм 17.03.2018 жыл

Мұғалiм Алхамова Ж.А.

Сынып10 Оқушылар саны 18 Тақырып Тылсым дүние ғажаптары

Құндылық Ақиқат Қасиеттер: шынайылық, зеректік, әділдік


Мақсаты:

Оқушыларға «Әлем», «Адамзат», «Тылсым» ұғымдарын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі:

Оқушыларға адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы жан-жақты айтып, шынайылық туралы түсінік беру.

Дамытушылығы:

Оқушыларды өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, зеректікке баулу.

Тәрбиелілігі:

Оқушыларды шынайылыққа, зеректікке, әділдікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Белсендіргіш тақта, ақ қағаз.

Компьютер, телефон, глобус бейнесі шығатын карточкалар жинағы

Сабақ барысы:

Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

5Т ережесі

  1. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» (4 мин)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Т.Сабырхзанұлының «Шексіз әлем» өлеңін оқу

- Ақынның әлемді шексіздікке теңеуінің сыры неде?

- Тіршіліктің көз жасы мөлтеңдейді деп нені меңзеп тұр?

- Сіз үшін нелер шексіз?


Ескерту

  1. Дәйексөз.

«Ғаламныңғажайып сыры- адамда»

Ч. Дъюк


  1. Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)


Бүркіт пен оның балапандары  аңыз

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.


  • Әңгімеде бүркіттің даналығы неде?

  • Алдыңғы екі балапанының кемшілігі не?

  • Үшінші балапанның жауабы бүркітке ұнауының сыры неде?

  • Өзің ата-анаңның алдындағы перзенттік парызыңды қалай өтеймін деп ойлайсың?


  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Бейненің қиындыларын алу арқылы үш топқа бөлінеді.

Компьютер, телефон, глобус бейнелері шығу керек.

1-топ«Бір жақсылық жасасаң, ол өзіңе еселеп қайтады » деген ой-тұжырымға мысал ойлап табу

2-топ «Не ексең, соны орасың» деген ой-тұжырымға мысал ойлап табу

3-топ «Пісіп толған жеміс өзі өніп шыққан дәнге неге ұқсамайды?» деген ой-тұжырымға мысал ойлап табу



  1. Топпен ән айту.

«Арманға бірге барайық»

Сөзі М.Сақатовтікі

Әні М.Ильясовтікі

Ертеңге , қалқам, қарасаң,

Қол бұлғап армана тұрғандай.

Шақырып жарқын болашақ

Бақыттан отау құрғандай.


Қайырмасы:

Арманға бірге барайық,

Жүрекке сая табайық.

Махаббат әні әлдилеп,

Алысқа қанат қағайық.

Ол жақта бұлтсыз көк аспанғ

Тұнығы таза лағылдай.

Самалы жанмен сырласқан,

Көктемнің нұрлы таңындай




  1. Үй тапсырмасы.

Әзілхан Нұршайықовтың уақытты мәнді өткізу туралы ой-толғамын оқып келу



  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!






Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Алхамова Жемісгүл



Мектеп директоры: Саудабаева Ақкүміс



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі