Білім беру
саласы: Таным
Бөлімі: Экология
негіздері
Тақырыбы: «Су – өмір нәрі»
Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін
тереңдету.
Білімділік: Су –тіршілік көзі
екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін
кеңейту.
Дамытушылық: тәжірибе жасау
барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын
жетілдіру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны
қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері,
шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, мұз,
бу.
Қолданылатын
әдістер: түсіндіру,слайд, сұрақ – жауап, ойын,
көрсету,
тәжірибелер.
Билингвальды
компонент:Су-вода-water,мұз-лед-ice, бу-пар-
steam
Өтетін
орны: Топта
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық шеңбер
Самал
жел бізді желдетші,
Күн
нұры бізді жарқырат.
Таза
ауа дем берші,
Мөлдір
су бізді салқындат.
Тәрбиешінің кіріспе
сөзі: Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең
алдымен не елестейді? (балалардың
жауаптары тыңдалады)
-Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?
Жануарлар
мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады).
Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте
дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ
жасырайын.
Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға
іледі)
1
Дәміде жоқ, түсі
жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
(Су)
2
Моншағым
көктің,
Тестім
түбін шөптін. (Тамшы)
3
Көз жасын төгіп
елжіреп,
Жүреді
көкте көлбіреп,
Жел
қуса кетер селдіреп. (Бұлт)
Ал
сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер
билесіңдер?
Нұрислам: Судыңда сұрауы бар.
Айлана: Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы
— құлақ.
Алуа: Сумен ойнама — батарсың,
Отпен
ойнама — жанарсың.
Әлішер: Су бергеннің сауабы бар,
Су төкеннің жауабы
бар.
Тәрбиеші: — Міне осылардың барлығы сумен
байланысты. Балалар ал сендер білесіңдер ме
су қайдан, қалай пайда болатынын?
(балалардың жауаптары
тыңдалады)
Слайд
көрсетіледі
Су өмір бойы айналымда
болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып,
өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып
аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады.
Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен
теңіз құрайды.
(Балалардан сызбаны қайтадан
қайталатқызып сұрау)
Дұрыс
айтасыңдар. Балалар! Судың сиқырлы
қасиеттері бар: онымен ойнауға, түрлі іс тәжірибиелермен сиқырлар
көрсетуге болады. Ол үшін біз зертханаға барып зертханалық жұмыс
жүргіземіз.
Балалар! Қараңдаршы біздің
столымыздың үстінде судың үш қасиеті тұр
екен–сұйық, қатты,бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз, және
қайнаған суды көрсету 3 тілде айту)
Стақандағы суды тоңазытқышқа
қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол
еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу
шығады, яғни бу болып ұшады.
Ал, енді сендермен бірігіп
бірнеше тәжірибелер жүргізіп
көрейік.
I
Тәжірибе «Су — мөлдір»
● Балалардың алдына екі шыны
ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт
құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан
көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан
қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді.
Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».
● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге
болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.
II
Тәжірибе «Суда дәм жоқ»
● Балалар түтікше арқылы су ішіп
көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін
шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде
өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі
өзгергендігін.
III
Тәжірибе «Судың иісі жоқ»
● Балалар суды иіскеп көреді,
судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету
керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин
араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі
ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.
Сергіту сәті
Ал,
балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап,
Қане,
жүзіп алайық,
Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана
біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер
жасадық. Ал енди мен сендерге сыйқыр
көрсетейін….
I Сыйқыр (фокус)
көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап
тұрады)
Керек заттар:шикі жұмыртқа,
стақан, бірнеше шай қасық тұз).
1.Стақанға таза су құйып, суға шикі
2.Жұмыртқаны стаканнан
шығарып
жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа
қоя
тұрып, стақандағы суға тұзды
су
түбіне батып кетеді Жақсылап
ерітемін.
3.Енді
жұмыртқаны қайтадан
♦Тұз
судың тұздылығын арттырады. судағы
осы
суға саламын.
Жұмыртқа
тұздың
мөлшері көбейген сайын оның
суға
батқан жоқ!
тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен
кез
келген
зат батып кетпей су бетінде қалқып
жүреді.
Ойын:
Балалар ал енді «Күн мен
жаңбыр» деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде
сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың
астына тығыласыңдар жақсы
ма?
Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды
ойнайды.
Өте жақсы балалар, ал енді
барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы
көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап
беріңдерші:
Судың иісі, дәмі, түсі бар
ма?
Судың қандай қасиеттері
бар?
Қандай тәжірибе
жасадық?
Сусыз өмір сүруге бола
ма?
Балалар
хормен
Білсін мұны балалар,
Сусыз құрғақ далалар.
Сусыз қараң қалалар,
Ескертеміз бар ұлға,
Ескертеміз бар қызға
Суды
босқа ағызба.
Жарайсыңдар балалар бүгінгі
оқу-қызметімізде белсене қатысқандарың үшін
мына әдемі су тамшыларын сендерге сыйлаймын.
Ал енді келген қонақтармен
қоштасайық!
МКҚК №6 «Нұрай» бала бақшасы
Тақырыбы: «Су – өмір нәрі»
Тәрбиеші: Билялова Б.Т