Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тың эпопеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.С.Пушкин атындағы

МДШО бар орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі Саркытова Б.С

Қазақстан тарихы 9 - сынып

Блум таксаномиясы негізінде «Тың эпопеясы» тақырыбына деңгейлік тапсырма құрастыру( жауабымен).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын тарих сабағында қолдана отырып Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарын құру және технология негізіндегі стратергияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылық жұмыстарын шыңдау.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының сыни тұрғысынан ойлай алу, өздігінен іздену, сенімділікпен жұмыс жасау, өз пікірін ашық айту, ғылыми тұжырым жасай алу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Қазіргі заман талабына сай білімді, тарихын білетін әрі құрметтейтін, иманды, адамгершілігі мол, жат іс-әрекеттен аулақ, өзіне сын көзбен қарай алатын, ұлтжанды, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.


Деңгейлер

Сұрақтары

Жауаптары

Білу

1.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы қандай болды?













2. Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды?


  1. Соғыстан кейінгіжылдарда Қазақ КСР-нің ауылшаруашылық деңгейі өте төмен жағдайда болды. Ол халықтың азыққа және өнеркәсіптік шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Астық өнімдерінің тапшылығы айқын көріне бастады. Мәселені шешудің жалғыз жолы – тың және тыңайған жерлерді игеру болды.

  2. 1954 жылы көктемде

« Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылданды.


Түсіну

Кластер стратегиясы бойынша

  1. Одақ бойынша жыртылған жерлер қай облыстарда?

  2. Қазақстандағы тың игерілген облыстарды атаңыз және ол облыстар қай экономикалық ауданда орналасқан?


  1. Солт. Кавказ, Орал,Оңтүстік Сібір,Еділ бойы, Қазақстан

  2. Тың игеру: Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. Бұл – Қазақстанның солтүстік экономикалық ауданы еді.


Қолдану

1.Құрастырмалы тест

1. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері .............................

2. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне ............... .

3. Қазақ мектептерінің саны ................

4. 1954-59 жж. Тың жерлерді игеруге ----------- жұмсалды.

5. ------ Қазақстанға 2млн адам келді.

6.Тың игеру жылдары Қазақстанда ----- жер жыртылды.

7.Қазақстанда ------ жүздеген шағын елді мекенде пайда болды.

8.-------- Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70%-ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде ол 15 %-ға ғана артты.

2. Картамен жұмыс:Тың игерілген облыстарды картаға түсіру


1. ескерілмеді




2. менсінбей қарау орын алды.


3. күрт кеміді


4. 20 млрд сом


5. 1954-62 жылдары


6. 25 млн гектар


7. 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке,

8. 1959-1965жж.




2. Оқушылар алдарындағы картаға тың игерілген облыстарды түсіреді

Талдау

1. Кесте толтыру

1.Тың игерудің күнгей тұстарын анықтаңыз.

2. Тың игерудің көлеңкелі жақтарын анықтаңыз
















2. Венн диаграммасы

Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан

Ортақ

белгілері

Тың игеру






1.Қазақстан Одақ бойынша астықты аймаққа айналды.

Қалалармен өнеркәсіп орындары салынды

Мәдени ошақтар пайда болды

Техниканы меңгеру басталды.

Халықтар арасында достық қарым – қатынас орнады.

2 . Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды.

Қазақ мектептері жабылды.

Демографиялық күйзеліс басталды.

Экстенсивті әдіспен жүргізілді

Мал шаруашылығының жайылымдық жерлері тарылды.

Топырақ эрозиясы күшейді.

Жердің құнарлы қабаты желге ұшты

Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды.

Пайдакүнемдер көбейді.

2 Диграмманы оқушылар толтырады

Жинақтау

Тақырыпқа байланысты тест

1. Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қанша адам қоныс аударды?

А) 132 мың

В) 640 мың

С) 2 млн-ға жуық.

2. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық:

А) Орыстар

В) Қазақтар

С) Поляктар.

3. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған санақ қай жылы жүргізілді?

А) 1958 жылы

В) 1959 жылы

С) 1960 жылы

4. Төмендегі облыстардың қатарында %-бен есептегендегі халық ең тығыз орналасқан облысты белгіле:

А) Ақмола

В) Қостанай

С) Солтүстік Қазақстан.

«Кубизм» әдісін қолдану

  1. Күріш өсіруден рекордты өнім алуға қол жеткізген Ыбырай Жақаев қайда дүниеге келді?

  2. Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке қашан қол жеткізді?

  3. 3. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы қанша адам келді?

  4. 1955 жылы жыртылған жер көлемі

  5. 1956 жылы Қазақстан тыңынан қанша астық жиналды ?

  6. Ақмола облысында жылдың жылы маусымындағы жауын-шашын мөлшері қанша?


Тест жауаптары

1. С

2. А

3. В

4. С
























«Кубизм» әдісінің

жауаптары

  1. (Қызылорда облысы Шиелі ауданында)


  1. (1956 жылы)



  1. (640 мың)



  1. 9,4 млн гектар


  1. 16 млн га



  1. (250-300 мм)

Бағалау

  1. Егер Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру шарасы жүргізілмесе Қазақстан бүгінде әлемдегі ең бағалы сортты қара және қатты бидай өсіретін астықты ауданға айнала алар ма еді?





2. «Тың игеру жылдары Қазақстан мың тілде сөйлейтін алып планетаға айналды » тақырыбына шағын пікіріңізді жазыңыз.

Иә, тың игерудің ең бір жағымды тұсы Қазақстанның бағалы да сапалы астықты аймаққа айналуында. Бірақ демографиялық, әлеуметтік, экономикалық зияны мен зардаптары зор болғандықтан біздің елімізде тың игеру мәселесі нақты ғылымдарға негізделіп еш зерттеулерсіз экстенсивті тұрғыда жүргізілді.

2. Оқушы осы тақырыптағы Қазақстанда қалыптасқан демографиялық ахуал жайлы өз көзқарасын жазады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12