Тыңдалым дағдысын жетілдіру тапсырмалары Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тыңдалым дағдысын жетілдіру тапсырмалары Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдалым дағдысын жетілдіру бойынша жұмысты қалай өткізу туралы түсінік қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тыңдалым дағдысын жетілдіру тапсырмалары

Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»



Бөлімше: Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну.

Оқу мақсаты:

3.1.5.1 тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау

3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/ кесте толтыру/ мазмұндау

3.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау

Бағалау критерийі:

  • Оқиға желісі бойынша кейінгі оқиғаны болжай алады;

  • Сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар салып, мазмұнын айтып береді;

  • Мәтін желісі бойынша оқиғалар ретін анықтайды.


Мәтін

«Әке мен бала» мультфильмі https://youtu.be/VJ7xiIntJn4 (2 мин)


Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтты:

Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, сонан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты.

Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең — көптен де құры боласың, — деді.


Тыңдалым алды тапсырмасы



«Әке мен бала» мультфильмін 0.14 сек. Дейін көрсету, жалғасын болжауға ұсыну.

  1. Баласы ескі тағаны алады ма?

  2. Ескі тағаны алған болса оны не істейді?


Дескриптор:

  • Оқиға желісі бойынша болжам жасай алады;

  • Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.




Тыңдалым тапсырмасы


Тыңдаған сюжеттің даму желісі бойынша пленкаға сурет салып, иллюстрация бойынша тірек сөздерді орынды қолданып, мәтінді мазмұндау.

Тірек сөздер: ескі таға, өзі алды, қаланың шетінде, темірші -ұсталар, үш тиын, шие, шие жерге түседі, он шақты рет иіліп, соңында әкесі, иіліп көтеріп алуға еріндің, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің, азға қанағат ет.

Shape1








Дескриптор:

  • Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді;

  • Тыңдаған сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрация жасайды;

  • тірек сөздерді орынды қолданып, мәтінді мазмұндайды.



Тыңдалымнан кейінгі тапсыма

Мәтін желісі бойынша оқиғалар ретін анықтау

Анау тағаны, балам, ала жүр.

1

Тағаны ұсталарға үш тиынға сатты

3

Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.

5

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды

2

ол үш тиынға бірталай шие сатып алды

4


Дескриптор:

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды;

  • Мәтін желісі бойынша оқиғалар ретін анықтай алады;




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі