400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тыңдау әдебі" 10-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге қажет. Мектеп бітірушілерге дайындалған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Өтетінкүні: 25 мамыр 2019 жыл
Өтетінуақыты: Сағат 09.00
Өтетінорны: Акт залы

Сценарий – 2 кезеңнен тұрады: 1 кезең 20 -25 минут Салтанатты жиын
2 кезең 30 минут концерттік бағдарлама

Музыка орындалады.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметтіұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалытұр.

2-жүргізуші

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағбан – ұстаз, баулыған құстары – бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.


Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы жыл түлектерін ал, қанеки,

Құрметпен қол соғып, қарсы алайық!-

1-жүргізуші

Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған 2018-2019 оқу жылының мектеп бітіруші жас түлектері

(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

1-жүргізуші: 11А сынып жетекшісі - Ескалиева Жанар Сайлаубайқызы-жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

1. Қолөнер сайыстарының жүлделі орын иегері,білімді,өнерлі-Сиражева Жанарым.

2.Мәдени шараларға белсене қатысқан,сахна серісі –Аманбаев Еркебұлан

3.Сынып басшысы, қазақ тіл мен әдебиетінен қалалық, облыстық пәндік олипиаданың бірнеше рет жеңімпазы –Саматова Данагүл.

4. Ұшқыр ойлы, шахмат ойындарының жеңімпазы- Есимов Нұрасыл

5.Сегіз қырлы,бір сырлы -Тимиржанова Тұрсынай.

6.Орыс тіл шебері,ақылды, байсалды,жауапкершілігі мол –Жұмабай Ұлмекен.

7.Сымбатты да сабырлы,ағылшын тілі пәні сайысының жүлдегері-Ықылас Салтанат.

8. Салауатты өмір салтын жақтаушы, мол адамгершілік иесі-Айдакешов Жеңіс

9. Математика пәнінің жүйрігі,ибалы да, инабатты -Ильясова Айдана.

10. Тарих пәнінен қалалық олимпиада жеңімпазы,алғыр-Жұбанова Сәуле.

11. Білім мен спортты қатар ала білген-Утюген Гүлнар.

12.Сыныптың компьютер,техника білгірі-Жәңгірхан Қуаныш.

13.Спорт ойындарының жеңімпазы, әнші әрі биші -Жарылқасын Эльвира.

14. Байсалды да,байыпты,бар жақсы минезді бойына жиған -Танауов Рамазан

15. Ақылы көркіне сай, тәлім мен тәрбиені бойында ұштастыра білген-Саламат Гүлсұлу.

16. Сынып қамқоршысы,өнерпаз,әнші-Бексеитова Дамелі.

17. Дизайнерлік сайыстардың жүлделі орын иегері -Рахмет Әсел.

18.Білімді, ұқыпты,бойында азаматтық қасиеттерді ұштастыра білген-Байарыстанов Мадияр.

19.Сабырлы, биология пәнінен қалалық пәндік олимпиада жүлдегері-Тұрғанбаева Толғанай

20. Сурет байқауларының жүлдегері,дарынды да, дара-Тұрманов Джанибек.

2-жүргізуші МУЗЫКА

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.

Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,

Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!

1-ж

«Болашақ –жастардікі,«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Тұңғыш президентіміз Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында өткізіліп отырған «Сыңғырла,соңғы қоңырау » салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз. (Гимн орындалады)



2- жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:

  1. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары: Бегендиков Дастан Маратұлы

2. Ақтау қаласы білім беруді дамыту орталығының тәрбие жөніндегі әдіскері: Құрмашова Камшат

1 - жүргізуші:

Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
 2 - жүргізуші:

Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ.

Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген

мектебіміздің директорының міндетін атқарушы Рахова Гүлмира Зейноллақызына сөз береміз.

1- жүргізуші:

Көпшілік қауым сүйетін,

Ұйытсын елді мұратқа.

Жастарға айтып ниетін,

Сөз алсын сыйлы қонақта.

Сөз кезегі құрметті қонақтарымызға беріледі.

Хор: «Ұстазым» түлектердің орындауында

2-жүргізуші:

Мектеп ана дәл бүгін мақтанып ал

Ілікті өмір жолда баққа бұлар

Енді бүгін 50 жылдық аясында

50 жылдық сағыныш артта қалар.

1- жүргізуші:

Кешегі ұл-қыз кешегі бала бүгін

Толқиды қайта көріп дала гүлін

Өмір сыны есейткен ұрпақ еді

Сағынышпен еске алар бала күнін.

Осынау алтын ұя мектебінен аттанғанына 50-жыл болған қонақтарымызға сөз кезегін береміз

2-ж

Қазақ елі құрметке мәңгі лайық,
Тез өркендеп әлемді таң қылайық.
Рухани жаңғыруды шын түсініп,
Бәрімізде дәл бүгін жаңғырайық.

2- жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

1-оқушы

Құрметті мектеп бітіруші ағалар мен апалар сіздерге мектептен кейінгі баспалдағыңызға ақ жол тілейміз. Жақсы мамандық иесі болып, дүниенің бір кірпіші болып қалануыңызға тілектеспіз.

2-оқушы Graduaate ,Icongratulate

Bring in your life

And heartily wish you

I’m the best of all

3- оқушы

Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Жаңа буын оқулығын тамадап

Құттықтауға келіп тұрмыз сіздерді

4- оқушы

На последний ваш урок
Прозвенит сейчас звонок.
Вам желает первый класс:
«В добрый путь! Ивдобрыйчас
!»

5-оқушы You today congratulations

You are now graduates

We are waiting for you in life changes

Let dreams came ture

6-оқушы Сіздерді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазына көзіңді ашқан.

Тәуелсіз мемлекет ұландары,

Қастерлеп бейікке ұстаңдар нышандарды.

7-оқушы А ещё звонок последний

Он заботы вам несёт.

Следующий шаг известен

Винститутонприведёт.

Ән «Ақ тілек» орындайтын 1- сынып бүлдіршіні Гүйбайдулла Муслим

1- жүргізуші

Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,

Ұстаздың еңбегі деп ұғынамын.

Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,

Бұл күнде шарпай алсақ білім бағын

Бүлдіршін тәрбиесі - табысыңыз,

Бүгін де қарыздармыз бәрі үшін біз.

Шәкірттен алғыс алып қашанда да,

Жемсіті бола берсін әр ісіңіз –

түлектердің алғашқы ұстазы Нұрғалиева Шара Байрамқызына сөз беріледі

2 - жүргізуші
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына -

келесі сөз кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі

Ескалиева Жанар Сайлаубайқызына беріледі.

2 - жүргізуші:

Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жандарды көреді. Ол – ата-ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да ата–ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол, сабақты жақсы оқы деп тілейтін де- ата–ана. Олардың бүгін ортамызда болғаны қандай қуанышты

1-жүргізуші:

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата – аналарымызға беріледі.

(Ән «Қос бәйтерек» Орындайтын Данагүл,Жанарым,Айдана)

2 - жүргізуші

Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11-дің «Алтын кілтін»

Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің алтын кілтін тапсырушы 11 сынып оқушысы - Ықылас Салтанат

Кілт тапсырушы 11 сынып:

Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті

(Музыка)

Кілт қабылдаушы 10 сынып: Измайлов Нұрсұлтан

Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті

Гүлдерге толды қолдарың.

Шаттықтан тіпті ес кетті ,

Сәт-сапар болсын жолдарың.






II бөлім

2- жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында –

жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған, жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз.

(Данагүл, Еркебұлан ұзтаздарға арнау) музыка школа ,школа

Пән мұғалімдерге алғыс тілек1. Дәмелі

(Ән «Соңғы қоңырау » орындайтын Бексейтова Дәмелі)

2- жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулитын тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,

«Мектеп вальсін» билеп тұрып. (Вальс)
2 - жүргізуші:

Қоңырау үні. Бұл үн білім кемесі – мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үні – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Соңғы қоңырау –осындай қимас қоштасу әуені сәтімен ыстық.

1-жүргізуші:

Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін

(музыка : Соңғы қоңырау)

1ж

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Ақ жол

2--жүргізуші: Қымбатты жас түлек! Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, бойыңызға білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз.Енді өз өміріңіздің келешегіне өзің жауаптысың. Сіздердің алдағы ең басты жауапкершілік міндеттерің- мамандық таңдау. Осы таңдаған мамандықтарыңыз өз біліміңе, талабыңа, қабілетіңе сай етіп қалағаның жөн. Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуіне өз үлесіңді қосатыныңа сенеміз және үлкен сенім артамыз. Өмірдің үлкен жолыңда жолың болсын, ардақты жас түлек!

1-жүргізуші. Аттанарда ұрпағың бақ жолына , МУЗЫКА

Түссін деп тура жүрер нақ жолына .

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым қып түлектердің ақ жолына.

2– жүргізуші:

Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.

(Музыка) Оқушылар ақжолмен жүріп кетеді

Ақ жол сіздерге жас түлектер!

IІ– жүргізуші:

Құрметті жас түлектер!
Ұлттық біріңғай тестіде жоғарғы көрсеткішке ие болып, жоғарғы оқу орнына түсулеріңізге тілектеспіз.

Сәт-сапар! Ақ жол!Қош сау болыңыздар!

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.



10


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 маусым
891
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі