Тыныс алу

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Тыныс алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыныс алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2С Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері

8.2С Тынысалу түрлері: анаэробты және аэробты.


Мектеп:

Күні: 02.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жәндіктердің, балықтардың және адамның тыныс алу тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Жәндіктердің, балықтардың және адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктерін зерттеу

  • анаэробты және аэробты тынысалу түрлерін ажырату

Кәсіби даму мақсатым

Сараланған тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың талдау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары

Оқушы біледі:

  • Жәндіктердің, балықтардың және адамның тыныс алу мүшесінің құрылысын

  • Анаэробты және аэробты тыныс алу түрлерін, олардың ерекшеліктерін

Оқушы түсінеді:

  • Әр ағзаның тыныс алу мүшелерінің атқаратын қызметін;

  • Тыныс алу мүшесінің ерекшеліктері мекен ету ортасына байланысты екенін

  • Физиологиялық ерекшеліктеріне сай тыныс алу түрлерін

Оқушы жасай алады:

  • Әр ағзаның тыныс алу мүшелерін салыстырады;

  • Тыныс алу мүшелерінің атқаратын қызметін атайды

  • Аэробты және анаэробты тыныс алатын ағзаларды ажырата алады

Бағалау критерийлері

Әр ағзаның тыныс алу мүшелерінің ерекшеліктері мен атқаратын қызметін зерттейді. Жинақталған ақпаратты талдап, тыныс алу мүшелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Ағзалардың тыныс алу тәсілі олардың құрылысы мен мекен ету ортасымен байланысты екенін түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Жәндіктер, балықтар мен адамдардың тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін зерттей алады. Анаэробты және аэробты тынысалу түрлерін ажырата алады.


Оқытудың тілдік мақсатты:

Алдымен жазбалар жасай алады (оқылым және жазылым дағдылары),

Содан соң тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін жазып алады (жазылым дағдылары)


Пәнге тән лексика мен терминология:

Бөліп шығару, кеңірдек, ауатамыр, өкпе, альвеола, тынысалу беткейі, қантамыр, оттегі, көмірқышқыл газы, демтүтік, желбезек, балық, анаэробты, аэробты, нитратты/сульфатты тыныс алу, АТФ, жасушалық тыныс алу,


Диалог құруға қажетті сөздер топтамасы:

Трахеялар – бұл … …, денеден өтетін және оның үстінде арнайы тесіктер арқылы ашылатын ...

Желбезектер – жануардарлың тыныс алу ... . Тіндерде қан ... қанығады. Көкірек қуысы демін шығару кезінде ... . Диафрагма ... күмбез тәріздес болады.

Жасушалық тыныс алу – бұл ……..қарапайым бейорганикалық қосылыстарға….. .

Жасушалық тыныс алу кезеңдері…… жасушалық тыныс алудың екінші кезеңі… .



Құндылықтарды дарыту


Топпен/жұппен жұмыс істеу ынтымақтастық, ашықтық, академиялық әділдік, өмір бойы оқу, академиялық әділдік


Пәнаралық байланыстар

Химия, физика пәнімен байланысты

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар ғаламтор желісімен, компьютермен, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды

Бастапқы білім


Тыныс алу түсінігі (7 сынып)


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

5 мин







5 мин









Ұйымдастыру кезеңі.

Жағымды психологиялық ахуал орнату

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсыну.


Ой толғау: Бұл үрдіс барлық тірі ағзаларға тән. Адам ағзасында бұл үрдіс 1 тәулікте 23 мың рет қайталанады. Бірақ бұл үрдіссіз адам максимум 19 минут өмір сүреді алады. (Гиннес кітабында тіркелген).

Бұл үрдіске байланысты халқымыз «Ауадай қажет» мақал – мәтелін жиі қолданады.

Қандай үрдіс жайлы айтылған?


Жер бетінде тіршілік ететін барлық ағзалардың тыныс алу жүйесі бірдей ме?

«Ойлаң! Жұптас стратегиясы»

Жаңа тақырыпқа шығу

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау

Оқу мақсаттарына жету үшін жетістік критерийлерін ұсыну

Оқушылар 3 рет терең тыныс алып, тыныс шығарады





Оқушылар қойылған сұрақтың жауабын жұппен талқылап ұсынады: Тыныс алу үрдісі













Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын анықтайды

ИТ, слайд 1-5






5 мин

Тақырыптың мағынасын ашу. Визуалдандыру әдісі - тыныс алу жүйесі туралы

слайд № 6 Адам бірнеше күн сусыз, 30 күндей ассыз тіршілік ете алады. Алайда ауасыз бес минутта тіршілік ете алмайды. Тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі қандай?






Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін естеріне түсіре отырып жауап береді

ИТ,слайд 6-8

20 мин

Оқушыларды орындықтарына алдын – ала нөмірленген стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.



«Маршруттық парақ» Әр топқа көмекші құрал ретінде бағыттаушы сұрақтар берілген жұмыс парақтарын таратып беру


Жұмысты бағалау үшін бағалау критерийлерін талдау. Мысалы,

  • Зерттеліп жатқан ағзаның тыныс алу мүшесінің құрылысы толық анықталды;

  • Зерттеліп жатқан ағзаның тыныс алу мүшелерінің атқаратын қызметі анықталды;

  • Тыныс алу мүшесінің ерекшеліктері мекен ету ортасына тәуелділігі анықталды;

-Топ мүшесінің барлығы қатысты;

- Жұмыс регламенті сақталды (12 минут);


Әр топ топ басшысын, тайм – менеджерін, хатшысын тағайындайды


І топ – Жәндіктердің;

ІІ топ – Балықтардың;

ІІІ топ – Адамның тыныс алу жүйесін зерттейді. Жұмыс нәтижесін тыныс алу жүйесінің барельфті модельдері мен адамның кеуде мүсінін қолдана отырып ұсынады



ИТ, презентация,

Маршруттық парақтар,7, 8 сынып оқулығы, Грин, Стаут, Тейлор оқулығы 1 том 361-366 бет, ғаламтор желісі, жануарлар-

дың тыныс алу жүйесінің барельефті модельдері, адамның кеуде мүсіні


20 мин


Оқушылар берілген тапсырманың нәтижесімен таныстырады. Ал қалған топтар жұмысты бағалау критерийлері бойынша бағалайды


10 мин

Зерттеліп жатқан ағзалардың тыныс алу жүйесін салыстыруды ұсыну

Оқушылар әр топтан жиналған ақпарат көздерін талдай отырып, жәндіктердің, балықтарды және адамың тыныс алу мүшелерін салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды

Тапсырма парақшасы, маршруттық парақ

8 мин

«Модерация әдісі»

Бүгінгі сабақта алған білімдерін тексеру үшін оқушылар «Біліміңді тексер» тест сұрақтарына жауап беруін ұсыну


Оқушылар тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін жұмыс парақтарымен алмасып, өзара бағалайды

ИТ, слайд

тест парақшалары

2 мин

Рефлексия: «Бағдаршам»



Бүгінгі сабақта алған білім деңгейлерін анықтау үшін оқушылар жасыл, сары, қызыл түсті карточкаларды көтереді.

Жасыл – сабақ тақырыбын толық меңгердім;

Сары – тақырып түсінікті болды, алайда сұрақтарым бар;

Қызыл – бүгінгі сабақ мен үшін түсініксіз болды

Рефлексияға арналған түрлі – түсті карточкалар




Үй жұмысы: 1. Йогамен айланысатын үнді халқы асқорыту жүйесінің ауруларын емдеу үшін арнайы тыныс алу жаттығуларын жасайтыны бәрімізге мәлім. Арнайы тыныс алу жаттығулары құрсақ қуысының ауруларын қалай емдейді деп ойлайсыз?

2. Сәйкестендір тапсырмасын орындау


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар әртүрлі ағзалардың тыныс алу мүшесінің құрылысын біледі;

Оқушылардың көпшілігі әртүрлі ағзалардың тыныс алу мүшелерінің атқаратын қызметі мен тыныс алу ерекшеліктерінің мекен ету ортасына байланысты екенін түсінеді;

Кейбір оқушылар жиналған ақпарат көздерін талдап, тыныс алу мүшелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі




  1. Сұрақ – жауап стратегиясы бойынша;

  2. Берліген тапсырманы бағалау критерийлері бойынша бағалау

  3. Алған білімдерін тексеру үшін тест жұмысын орындау;

  4. Рефлексия «Бағдаршам» стратегиясы арқылы білімдерін тексеруге болады




Сабақты бастамас бұрын психологиялық ахуал туғыза отырып, оқушылар тыныс алу жаттығуларын жасайды

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2023
421
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі