жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тыныс алу жаттығулар кешені
Тыныс алу жаттығуы.
Кіріспе
Дұрыс тыныстау үшін, тыныс алу бұлшық еттерін басқара білуге және жан-жақты дамыту қажет. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тыныс алу бұлшық еттері нәзік болып келеді, сондықтан да арнайы тыныс алу жаттығуларын жасау қажет.
Мақсаты: Балаларға мұрынмен демалуды үйрету, күрделірек демалу жаттығуларына дайындау.
Тыныс алу жаттығулар кешенін құрастырғанда мына жағдайларды ескереміз:
-мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың дендерінің саулығы мен шынығудың әр балаға тиімділігі;
-бала жас ерекшелігіне сай жаттығулардың күрдлілігі;
-жаттығулардың тыныс алу бұлшық еттеріне, өкпенің барлық желдететін бөлімдеріне жоғарғы тыныс алу жолдарына тигізер әсері.
Тыныс алу жаттығуларының кешені.
Өз тынысымызды тындайық.
Мақсаты: балаларды өз тыныстарын тыңдай біліп, тыныстың қай түрге жататынын, оның теренңдңгін, жиілігін ажырата біліп, сол арқылы ақзаның қандай күйде екенін айта білу.
Бастапқы қалып-тұрып, отырып,жатып (қалай ыңғайлы). Дене бұлшық еттерін бос ұстау.
Тыныштықта балалар өз ты тыныстарына құлақ салып тыңдайды және оны ажыратады.
-ауа қайдан шығып, қайда (түседі) барады;
-тыныс алғанда және тынысты шығарғанда қандай дене мүшелері қозғалысқа келеді (қарын, кеуде сүегі, иық және барлық дене мүшелері-толқын тәріздес);
-қандай тыныс (жеңіл немесе терең)
-тыныс алудың жиілігі: тыныс алу мен шығару жиі-жиі немесе баппен белгілі бір ара қашықтықпен (автматтық үзіліспен)
-акырын, естілмейтін тыныс немесе сырылды.
Бұл жаттығулар физикалық жұктемелерге дейін немесе жүктемелерден кейін өткізілуі керек. Өйткене балалар тыныс алу арқылы бүкіл ақзақтарының қалпын ажыра білуге үйренеді.
Көкіректегі ауа шары (ортаңғы, қабырға тынысы)
Мақсаты: балаларды қабырға аралық бұлшық еттерін қатайта білеуге, бар назарын, солардың қозғалысына аудара отырып, өкпенің ортаңғы бөлімдерін ауамен қамтамасыз ете білуге үйрету.
Бастапқы қалып-жатып, отырып, тұрып. Қолды белдің төменгі жағына қойып, бар назарын соған салу. Көкірек қабырғаларын қолмен қатты қысып баяу, бір қалыпта тыныс шығару. Баяу баппен мұрын арқылы тыныстау.
Сабын көпіршіктерін шығарамыз
Мұрын бұлшық еттеріне салмақ түсіре, басты кеудеге таман еңкейте кеңсірік арқылы тыныстау.
Баппен басты жоғары көтеріп, тынысты мұрын арқылы сабын көпірігін шығарып жатқан секілді шығару.
Басты жоғары көтерген күйде, мұрын бұлшық еттерін қатайтып тыныс алу.
Басты төмен түсіріп, тыныш баппен тынысты шығару.
Ауа шары (қарынмен, төменгі тыныстау)
Мақсаты: балаларды шек-қарын бұлшық еттерін қатайта білуге, өкпенің төменгі бөлігін ауа мен қамтамасыз ете біліп бар назарын төменгі тыныс ауға сала білуге үйрету.
Бастапқы қалып-арқаға жатып, аяқты созып, денені бос ұстап, қөзді жұмып қою. Бұл жаттығуды тұрыпта орындауға болады.
Баппен баяу тыныс алу, іш баппен жоғары көтеріліп, дөңгелек шарша үріледі. Ішті баппен арқаға тартып-баяу баппен тынысты шығару (4-10 ретқайталау)
Бір мұрын куысымен тыныста.
Мақсты: балаларды тыныс алу бұлшық еттерін, жоғарғы және мұрын қуыстарындағы тыныс алу жолдарын шынықтыра білуге үйрету.
Бастапқы қалып – отырып, тұрып, денені тұзу, бос ұстау.
Оң қолдың сұқ саусағымен он мұрын куысын жауып, сол мұрын қуысымен ақырын ұзақ тыныс алу (төмен, орташа, жоғары тыныспен)
Тыныс алып болған соң, мұрынның оң қуысын ашып, сол қолдың сұқ саусағымен сол мұрын қуысын жауып, оң мұрын қуысымен ұзақ тынысты сыртқа шығару керек, қарында «шұқыр» болғанша. 3-4 рет. (осылайша келесі мұрын куысымен де)
Ескерту: бұл жаттығуларды орындағаннан кейін, бір мұрын қуысымен бірнеше рет тыныс алып, тынысты шығару керек (ең алдымен қай мұрын қуысы мен жеңіл сонымен, сонан соң басқасымен 6-10 ретке дейін әр мұрын қуысымен. Тыныс алуды баяу бастап, тереңдете түсу керек.
Тыныш, ақырын, баппен тыныс аламыз.
Мақсаты: балалрды физикалық жұктемеден, және қатты эмоциялық сезімнен кейін, өзін бос ұстап, ақзақты қалпына келтіре білуге, тыныс алуын реттей білуге үйрету.
Бастапқы қалып-тұрып, отырып, жатып (бұл алдында алған физиқалық жүктемеге байланысты). Егерде отырып жасаса, арқаны түзу ұстап, көзді жұмып қою керек.
Мұрын арқылы баппен тыныс алу. Кеуде сүйегі кеңейе бастағанда, тыныс алуды тоқтатып, үзіліс жасау керек, кім қанша жасай алғанша. Сонан соң баппен тынысты мұрын арқылы шығару 5-10 рет қайталау.
Жаттығу өте баяу, артық дыбыссыз орындалуы қажет. Тіпті мұрын алдында ұстаған алақан шыққан дыбысты сезбеуі керек.
Біртіндеп ояту.
-жалпылама жаттығулар (4 кезең) 1-сколиоз, 2-тепе-тендік, 3-тыныс алу, 4-жалпақ табындылық.
-1-15-ке дейін құрғақ ысқылау, 15-тен кейін құрғақ ыскқылау.
-Тұзды жолдан өтеді (2 рет)
-Нүктелі массаж.
-Тыныс алу жаттығулары.
Балаларды шынықтырудың тиімді тәсілдері.
Шынықтыру жұмысының топтамасын (комплексін) ұйымдастырып алып өткізуге керекті құралдар: тақтай, мата, жолакша қағаз. Балалардың санына қарай (1 литр суға 100 гр. тұз, 1 тамшы йод.
Қолға арналған уқалау
Мақсаты: Саусақтардағы биоктивтік нүктелер арқылы ішкі ақсақтарға тигізу, қуаныш, жеңіл-рахат сезім алу.
-Қол саусақтарын «Жуу». Алақанды бір-біріне, әбден жылуды сезінгенше бір-біріне уқалау.
-Әр саусақты басып-басып, сызғылау.
-Бір қолды тырнақтарын, екінші қолдың саусақтарымен уқалау (кір ысатын тақтайда кір ысқылап жатқандай).
Жөкемен қолды иыққа дейін ысқылау, күш түсіре иық еттерін басып-басып қою, сумен сабынды жуып жіберу: бір қолмен екінші қолды төменнен жоғары, жоғардан төмен жүргізу, сонан соң суды сілкілеп тастау.
Өз-өзіне уқалау жасау
Мақсаты: өз-өзіне аяқ, қол саусақтарына уқалау түрлерін жасай білуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: массаждық доптар.
Барысы: балалар түрікше отырады. Тәрбиеші балаларға қарсы қырыннан
шеңбердің ортасында қарап отырады.
-Алақанды, өкшені уқалау, езгілеу, шымшылау. (шетінен бастап ортасына қарай)
-Алақанды қатты-қатты уқалау. Әр саусақты дөңгелетіп, саусақтың басына дейін уқалау. Олармен қатты-қатты амандасу, қол жуу.
-Саусақты саусақтың үстіне салып құлыпқа жабамызда жылуды сақтап қаламыз. (саксақтарды құлыпқа жабамыз)
-Саусақтарды босатамын құлындарша жүгірсін.
Аяққа арналған уқылау.
Мақсаты: аяқта орналасқан белсенді биологиялық орталықтарға әсер ете отырып, буын сүйектерінің икемділігін қалыптастыру.
-Бала түріктерше отырып, сол аяғының өкшесін өзіне тартады, сонан соң саусақтарды уқалап, саусақ араларын сипалайды, саусақтарды қозғайды.
-Өкшені қатты-қатты басқылап, табанды уқалау, шымшылау, саусақтарын, өкшсін ұрғылау. Табанды дөңгелете қозғалту, аяқтың басын алға сызғылау сонансоң өкшені, табанды алақанмен ұрғылау (керек мезек оң, сол аяқты).
-Тізені, жамбасты сипалау, шымшылау. Әрбір аяққа кезек-мезек шұлықты киген, сонан соң шешіп, лақтырып тастағандай қимыл жасау.
-Ойын «Бөпені тербет».
Бала өкшелерін кеудесіне таман тартады (бөпені) оны тербетеді мандайын тізесіне тигізіп, бастан асыра өкшесін көтереді (бөпені көтеру) бетінің алдында дөңгелете қимыл жасайды.
Бетке арналған уқалау.
Мақсаты: Беттегі белсенді нүктелерге әсер ете отырып, тұмау ауруын алдын алу, бет әлпетін әсем ететін мимикалық жаттығулар жасай білуге үйрету.
-Бала маңдайын, бетін, мұрын қанатын шекесіне қарай сипалайды, баппен теріні ұрғылайды, кәдімгідей қатты болу үшін тығыздап басқандай.
-Саусақ ұшымен екі көздің ортасындағы мұрын сүйегін, екі қастың арасын, ең алдымен сағат тілінің бойымен, сонан соң сағат тіліне қарсы дөңгелету басу. (5-6 рет).
-Қатты-қатты басып қас қиығын салу шымшып-шымшып қою қабақ салу ( екі көз ортасынан бастап шекеге дейін).
-Жұмсақта «нәзік» қимылмен көздің бұрыштарын баса көзді мүсіндеу, ұзында, ұлпа кірпіктерді тарау.
-Мұрын қанаттарын баса отырып, саусақтарымен мұрын үстінен мұрын тесіктеріне қарай жүргізу, мұрынды жұлқылап-жұлқылап қою.
Өкшеге арналған уқалау.
Аяқ саусақтарын да қол саусақтары сияқты бәрін бір жерге жиып ап, адымдай бастаймыз (аяқ саусақтарын сипалау)
Әр саусақты уқалаймыз,
Әр саусақты йналдырамыз. (әр саусақты уқалау)
Алға артқа майыстыру,
Қолмен қысып-қысып аламыз. (аяқ саусақтарын қолмен алға, артқа тарту, созу) Сәлеметсіздерме саусақтар!
Майтабандылықты алдын алуға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Майтабандылықты алдын алуға үйрету, аяқтың моторикасын дамыту.
Қажетті құралдар: үлкен қалта орамалы, ұсақ ойыншықтар.
Жаттығудың барысы: балалар түрікше отырады. Тәрбиеші балаларға қарсы қарап, ортаға қырынынан отырады.
«Жылан»-аяқ саусақтарын бүгін жазу, тізені түзу ұстап, өкшені алға созу.
«Барабан таяқшалары»-аяқ саусақтарымен жерді ұрғылау.
«Ұрыссу»-аяқ саусақтарын бір-біріне жақындату, алыстату.
«Саусақтар ойнайды» толқындата аяқ саусақтарын ойнату.
Аяқ саусақтарын ұсақ ойыншықтарды ұстап көтеру, бір орыннан бір орынға қою.
«Қалта орамалымен ойнау»-аяқ саусақтарымен орамалдарды жинау және бұрыш бұрыштарын келтіріп қою.
Басқа арналған уқалау.
Мақсаты: Қан айналымен жақсарту мақсатында баста орналасқан нүктелерге белсенді жұмыс жасату.
-Саусақтардың ұшымен қатты-қатты басып, басып жуып жатқандай, төбеден мойынға қарай сипалау.
-Саусақтармен желкеден, шекеден, маңдайтын бастың ортасына қарай шөпті тырмамен шөмелеге жанағандай тырмалау.
-Шекеден бастап желкеге дейін саусақпенспираль тәрізді қимыл жасау.
-«Қуып жету»-қатты-қатты саусақтың бастармен клавиатураны басқандай бастың үстінде саусақтарды жүргіту, екі қолды саусақтары бірін-бірі қуандай, бір-бірінен қашқандай, бір-біріне қосылғандай қимыл жасау.
-Сондай сүйіспеншілік сезіммен басты тарақпен тарап жатқандай саусақтармен шашты тарау. Кәдімгідей сайысқа қатысып «Ең сәнді прическа-атағына ие болғандай.
Мойын омыртқаларына арналған уқалау.
Мақсаты: Мойын омыртқасына балқыта баяу жасаған қозғалыстан рахат сезім алу, ауада мұрынмен, салған суреттен алған әсерлерін көз алдарына елестетіп, әңгімелеп беру.
Ойын «Буратино»
Буратино өзінің ұзында ғажайып мұрынымен күннің кқзін, сәбізді ағашты салады.
-Басты алдымен баяу сағат тілі бойымен, сонан соң сағат тіліне қарсы айналдыра қозғалту.
-Басты жан-жаққа, төмен, жоғары қозғалту.
-Сурет салу барысында басты оңға, солға еңкейту.
«Құбыралы» тіл
«о» дыбысын дыбыстағандай құбыраға ұқсатып бүктеп, тілді көрсету.
Осы «құбыраға» ұқсатылып бүктелген ерін арқылы ауаны тартып, өкпені, көкірек қабырғаларын, ішті ауаға толтыру.
Тыныс алып болған соң, ауызды жабу. Иек көкірек сүйегіне тигенше баппен басты төмен түсіру. 3-5 секунд үзіліс жасау.
Басты кқтеріп баппен мұрын арқылы тынысты шығару. 4-8 рет қайталау.
Үрлегіш
Қолды көкірек тұсында айқастыра ұстау, саусақтар жұмырдыққа түйілген.
Алға-төмен еңкейіп, көлік дөңгелектерін үргішпен үрлеген кезіндегідей тез, пысылды үзік-үзік дыбыс шығару с-с-с-с. 5-7 рет еңкейу мен тыныстау.
Тыныс шығару қалау бойынша, 3-4 рет қайталау.
Ескерту: тыныс алғанда мұрын бұллшық еттерінің барлығын қатайту.
•Аяққа арналған жаттығулар
•Шөп үстімен жүреміз
•Сытыр,сытыр,сытыр,
•Тас үстімен жүреміз
•Сықыр ,сықыр ,сықыр.
•Су үстімен жүреміз
•Шолп,шолп,шолп,
•Тас үстімен жүреміз,
•Топ-топ-топ.
•1.Түймелі, кедергі жолмен, дәстүрден тыс затты құралдармен жүру.
•2.Дымқыл тұзды жолмен жүру.
•3. Бутылкаларды аяқ астына қойып домалату.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген