жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тыныс алу жаттығулары.
Күні: 14.04.2020 жыл. Қашықтықтан оқыту.
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу жаттығулары.
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту.
ІІ. Түзете – дамытушылық. Сұрақ - жауап әдісі арқылы сөйлем құрастыруға дағдыландыру.Ұсақ қол моторикасын, диалогтық сөйлеуін дамыту. Көріп қабылдауын, естіп қабылдауын жетілдіру.Логикалық ойлауын, фонематикалық қабылдауын дамытып, дыбыстарды сөздерде, сөйлемдерде анық айтуға машықтандыру.
ІІІ.Тәрбиелік. Тыныс алу жаттығулар тәсілін дұрыс жасауға қалыптастыру.
Дидактикалық материалдар: тыныс алу жаттығуларына байланысты суреттері, аталған заттар бейнелері.
Қажетті құралдар: тақырапқа қатысты сюжетті суреттер, мақта
Сабақ түрі: топтық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалармен сәлемдесу.
-Қайырлы таң көңіл күйлерің жақсы ма?
-Жақсы
Балалардың назарын сабаққа аударту;
ІІІ. Жаңа сабақ
Балақай тыныс алу жаттығуларының мақсаты біздің тілдік тыныс алуымызды дамытады .Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөлеміз.
Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді.Осы жаттығулардың негізі – тыныс алуды реттеу, яғни дем жұтып, дем шығаруды дұрыс кезектестіре білу, ерікті түрде ақырын дем шығара білу.
Жаттығулардың артықшылығы
1. Жаттығу барлық оралымдық жаттығулармен үйлеседі: жүріс, жүгіріс, негізгісі – жүзу.
2. Ауру бар жерде, жаттығулар сырқат арқылы бұзылған функцияларды қалпына келтіреді.
3. Тыныс алу жаттығулары – аурулардың ең күшті, алдын алу емі болып табылады.
4. Жаттығу организмге тұтастай оң әсерін тигізеді.
5. Жаттығулар барлық адамдарға қолайлы.
6. Жаттығуларды жасау үшін ерекше жағдайлар – арнайы киім (спорттық киім, аяқ киім және т.б.), орындар және т.т. қажет етілмейді.
7. Жоғары нәтиже. Бірінші сабақтан кейін өкпе көлемі неғұрлым ұлғаяды.
8. Кеуде клеткасы және тыныстау аппаратының бұлшық ет жүйесінің машықтануына жағымды әсерін тигізеді.
9. Жаттығу ересектер мен балаларға көрсетілген.
1. «Күннің шуағы.
Мақсаты: Тыныс алу жолдарын дамыту.
Құрал – жабдықтар: түрлі – түсті қағаздар, сызғыш, қалам, жіңішке таяқша, қайшы, түтікше.
Әдістемелік нұсқау: Сары түсті қағазға күннің бейнесін салып, оны қиямыз. Күннің көзін, аузын бейнелейміз. Күннің бейнесін қатты қағазға жіңішке таяқшамен қыстырып, түтікшенің көмегімен урлеу арқылығ күннің шуағын айналдырамыз.
2. «Көпіршік» жаттығуы.
Мақсаты : Мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен тыныстауды үйрету.
Құрал – жабдықтар: Су, стақан, көпіршіткіш, түтікше.
Әдістемелік нұсқау. Стақанға суымызды құйып, оның үстіне көпіршіткішімзді қосамыз. Оны түтікшенің көмегімен сіға косылған көпіршіктің көлемін үлкейтеміз.
3. «Сиқырлы доп » жаттығуы.
Мақсаты: Терең тыныстауды дамыту.
Құрал - жабдықтар: Ермексаз, кишкентай көлемдегі доп, түтікше.
Әдістемелік нұсқау: Ермексаздарды қолмен жіңішке етіп жайып, одан ұхын лагмен тәрізді көлем шығарып аламыз. Оны домалақтап, допты арасына қойып. Түтікшенің көмегімен допты мәресіне жеткенше үрлейміз.
ІІІ.
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар,
балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Сабақты қорытындылау:
Біз сабақта қандай тыныс алу жаттығуларын орындадық?
Естерінде қандай жаттығулар қалды.
Соларды орындап көрсетіндерші.
Кері байланыс:
Ата – анамен бірлесе отырып, қашықтықтан аталған түзете – дамыту жұмыстары мен сабақтар видеоқоңырау арқылы жүргізіледі. Кейбір жаттығулар арнайы видеотүсірілім жасалып жолданады, үйде ата –анамен қайталау жұмыстары жүргізіледі.
Күні: 16.04.2020 жыл. Қашықтықтан оқыту.
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу жаттығулары.
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділік: Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту.
ІІ. Түзете – дамытушылық. Тыныс алу жолдарын қалыптастыру, сөйлеу аппаратын жетілдіру. Көріп қабылдауын, естіп қабылдауын жетілдіру.Логикалық ойлауын, фонематикалық қабылдауын дамытып, дыбыстарды сөздерде, сөйлемдерде анық айтуға машықтандыру.
ІІІ.Тәрбиелік. Тыныс алу жаттығулар тәсілін дұрыс жасауға қалыптастыру.
Дидактикалық материалдар: тыныс алу жаттығуларына байланысты суреттері, аталған заттар бейнелері.
Қажетті құралдар: тақырапқа қатысты сюжетті суреттер, мақта
Сабақ түрі: топтық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Балалармен сәлемдесу.
-Қайырлы таң көңіл күйлерің жақсы ма?
-Жақсы
Балалардың назарын сабаққа аударту;
ІІІ. Жаңа сабақ
Тыныс алу дегеніміз – мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі.Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты – онымен үзбей шұғылдану, осы аталған науқастардың алдын алады, ұзақ өмір сүрудың негізін қалайды.
Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы – ағзаның тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар.
1.«Бөтелке» жаттығуы.
Мақсаты: Тыныс алу жаттығуын дұрыс жасауға үйрету.
Құрал - жабықтар: Бөтелке, су, киілмеген шұлық, көпіршіткіш,кез – келген бөтелкенің аузы сыятындай ыдыс.
Әдістемелік нұсқау: Ыдысымызға суды құямыз. Оның үстіне көпіршіткішті құямыз. Оның үстіне шұлық киілген бөтелкемізді салып үрлейміз.
2.«Терең тыныс ал» жаттығуы.
Мақсаты: Терең тыныс алуға үйрету.
Құрал - жабдықтар: Қағаздан жасалған стақан және медицинадық қолғап, түтікше.
Әдістемелік гұсқау: Қағаз стақанға қолғабымыөзды кигіземіз. Стақанның түбін тесіп, оған түтікшемізді саламыз. Түтікшенің көмегімен қолғапты үрлеу арқылы шар тәрізді үрлейміз.
3. «Майшам» жаттығуы.
Мақсаты: Дұрыс тыныс алуға үйрету.
Құрал – жабдықтар: майшам және оттық.
Әдістемелік нұсқау: Кез – келген майшамды алып оны оттықтың көмегімен тұтатамыз. Оны мұрынмен терең тыныстап, ауызбен шығару арқылы өшіреміз.
ІІІ. Сергіту сәті:
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Сабақты
қорытындылау:
- Тыныс алу ойындары ұнады ма?
-Қандай
ойын түрлерін ойнадық
?
Жарайсыңдар!
Кері байланыс:
Ата – анамен бірлесе отырып, қашықтықтан аталған түзете – дамыту жұмыстары мен сабақтар видеоқоңырау арқылы жүргізіледі. Кейбір жаттығулар арнайы видеотүсірілім жасалып жолданады, үйде ата –анамен қайталау жұмыстары жүргізіледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген