400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тыныс алу мүшелері. Адамның тыныс алу жолдарының құрылысы мен газ алмасу мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның тыныс алу жолдарының құрылысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

«Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Кунанбаева Гаухар Жанатовна

Сынып 7

Барлығы - 20 Қатысқандар – Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тыныс алу

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу мүшелері. Адамның тыныс алу жолдарының құрылысы мен газ алмасу мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.4.5 адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін

танып білу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Адамның тыныс алу мүшелерін атау.

Оқушылардың басым бөлігі: Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылысын сипаттау.

Кейбір оқушылар: Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін ажырату

Бағалау критерийі

Адамның тыныс алу мүшесінің құрылысын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылысы туралы оқулықтан оқып, бейнематериал көріп, құрылысы мен қызметтерін атай алады.

Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылысын қиынды суреттерден құрап, орналасу ретін анықтай алады.

Адамның тыныс алу мүшелерінінің құрылысы мен қызметін сәйкестендіріп жаза алады.

Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметіне қатысты терминдерді жаза алады.

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

Ауа өтетін жол, мұрын қуысы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар, бронхиолалар, диафрагма

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметін білу маңызды, өйткені...

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Оң жақ өкпе мен сол жақ өкпенің көлемі әр-түрлі. Неліктен?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Тыныс алу - тіршіліктің негізі, себебі ...

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығын басшылыққа ала отырып, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, белсенді болу, жауапкершілікті сезіне білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығын басшылыққа ала отырып, үнемі білімін шыңдауға, бірлесе жұмыс жасап, шығармашылыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Физика. 7 сынып. «Диффузия».

Алдыңғы білім

6.4.2.7. Тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу

7.1.4.4. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алуы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.

Жағымды психологиялық ақуал қалыптастыру: «Мен елімді сүйемін»

Егер сіздің досыңыз болса, көршіңіздің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз иттерді жақсы көрсеңіз, оң жақтағы көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар.

Шағын топтарға топтастыру . «Мозайка» әдісі арқылы құрылымдалған топқа топтастыру.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Тапсырма 1.

Әр топтан үш оқушы тақтаға шығып, ағаштағы алмаларда жазылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Диффузды тыныс алу деген не?

2.Диффузды тыныс алу қандай ағзаларға тән?

3.Аралар ұшқан кезде тынысалу жиілігі 120-ға дейін жетеді. Себебі?

4.Желбезек арқылы тыныс алу қандай жануарларға тән?

5.Судан шығарылған балық тұншығып өліп қалады. Себебі?

6.Омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшесі?

7.Қай омыртқалы жануарда ең қуатты тыныс алу мүшесі жетілген?

8.Демтүтік (трахея) арқылы тыныс алатын жануарларды атаңыз.

9.Қосмекенділердің тыныс алуының қосымша мүшесі- тері. Себебі?

10.Құстардың тыныс алу жүйесінің ерекшелігі?

11. Ауа қапшықтарының қосымша қызметі?

12.Сүтқоректілердің диафрагма қызметі?

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Білім ағашы»

Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтау, қолпаштау» топтық бағалау, үш шапалақ -дұрыс жауап, екі шапалақ – толық емес жауап, бір шапалақ – дұрыс емес жауап














Оқушының аты жазылған денсаулыққа байланысты суреттерінің қима қағаздары


Ағаштың бейнесі салынған плакат, алма формасындағы стикерлер


Сабақтың ортасы

25-30 минут

«Ой қозғау». «6 сурет 1 сөз» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Берілген суреттерді бір сөзбен қалай атауға болады?

Тапсырма 2.

«Адамның тыныс алу жүйесі» бейнематериалын мұқият көріп шығыңыздар. Тыныс алу мүшесінің құрылымдарын атап, жазыңыздар.

Дескриптор

Білім алушы

- сыртқы тыныс алу мүшелерінің құрылымдарын атайды;

- ішкі тыныс алу мүшелерінің құрылымдарын атайды.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «Мылқау сурет», «Стоп кадр» әдісі

Қалыптастырушы бағалау: «+, -» әдісі, жұптық бағалау


Тапсырма 3.

Мәтінді «INSERT» әдісі арқылы оқып шығыңыздар. Қиынды суреттерді құрастырып, А4 қағазға жапсырып, тақтаға іліп, суреттегі мүшелерді сипаттаңыздар, орналасу ретін анықтаңыздар. Әр топқа өз тақырыбыңыз бойынша бір сұрақ дайындаңыздар.

1 – топ мұрын қуысы, ауыз қуысы

2 – топ жұтқыншақ, көмей

3 – топ кеңірдек, бронхылар

4 – топ өкпе

Дескриптор

Білім алушы

  • тыныс алу мүшелерінің құрылысын меңгереді;

  • тыныс алу мүшелерінің қызметін ажырата алады;

  • тыныс алу мүшелерінің орналасу ретін түсінеді.

Қолданылатын әдіс-тәсіл: «INSERT» , «Мозайка»

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам»

Толықтай түсінсе-жасыл, түсінуге жақын болса- сары

Түсінбей қалса – қызыл түс


Тапсырма 4.

(А). Тыныс алу мүшелері мен олардың атқаратын қызметтері арасындағы сәйкестікті анықтаңыздар.














Қызметі

Мүшелер

A.Шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады.

B.Ауа жылытады, зарарсы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі