жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе.
|
Сынып/ мерзімі |
8 А 07.02.2017 ж |
|||||
|
Сабақ/тақырыбы |
Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, және негізгі бронхылар, олардың құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру. |
|||||
|
Күтілетін нәтиже |
Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы ұғымдары қалыптасады. Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі, тыныс алу орталығындағы газ алмасудың маңызы. |
|||||
|
Сабақтың әдісі |
Сұрақ-жауап, зерттеушілік әңгіме, миға шабуыл әдісі, джигсо әдісі, кубизм әдісі, ай әдісі, түсіндірмелі слайдтар, видео |
|||||
|
Уақыты |
Сабақ кезең/рі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
||
|
3 мин 3 мин |
Ұйымдас тыру |
Амандасу, оқушыларды түгелдеу Оқушыларды тыныс алу мүшелерінің атаулары бойынша 5 топқа бөлемін. «Миға шабуыл» әдісі «Лездеме» әдісі бойынша суреттер арқылы үй тапсырмасын сұраймын. |
Оқушылар мұғаліммен амандасып, түгелденеді. 1 топ «Мұрын» 2 топ «Жұтқыншақ» 3 топ «Көмекей» 4 топ «Кеңірдек» 5 топ «Өкпе» Сурет бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты естеріне алады және диалогтық қарым-қатынасқа түседі. |
Топ аттары жазылған түрлі-түсті қағаздар Оқулық, суреттер |
||
|
4 мин |
|
«Bilimland» сайтынан оқушыларға тыныс алу тақырыбына интерактивті тақтадан видео көрсетемін. |
Оқушылар тақырып бойынша интерактивті тақтадан видео көреді. |
Интерактивті тақта |
||
|
13 мин |
Негізгі бөлім |
Жаңа сабақ «Джигсо» әдісі арқылы әр топқа тапсырмалар таратамын. Мұрын, аңқа, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, және негізгі бронхылар, олардың құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу тақырыбына зерттеушілік әңгіме жүргіздіремінОқушылар слайд бойынша түсіндіреді Дәптермен жұмыс |
Берілген тақырып бойынша топтар өз нөмерлерін анықтайды. Берілген тапсырмалар бойынша дайындалады. Әр топтан бір оқушы келесі топтарға түсіндіру арқылы жаңа сабақты меңгереді. Әр топ өз тақырыптарына сәйкес зерттеушілік әңгіме жүргізеді. Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет. Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.
1-сурет. Тынысалу жүйесі:
Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше. Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толып жатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы (грекше «pleura» – бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады. 1-сурет. Тынысалу жолдары. Өкпе мен бронхылардың құрылысы: 1 – мұрын қуысы; 2 – кеңірдек; 3 – оң жақ және сол жақ өкпе; 4 – бронхылар; 5 – көмекей; 6 – бронхиолалар мен өкпе көпіршіктері; 7 – өкпе көпіршігінің құрылысы; 8 – қантамырлар; 9 – өкпе көпіршіктері; 10 – жарып көрсетілген өкпе көпіршіктері; 11 – көпіршіктердегі капиллярлар торы
Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Кеуде қуысының қозғалысына сай өкпенің де көлемі үлкейіп, ауаға толады. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі. Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу – тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% – азот, 21% – оттек, 0,03% – көмірқышқыл газы және т. б. болады. Тыныс шығарғанда оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%) көбейеді. Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді. Тыныс алуға және тыныс шығаруға қатысатын кеуде (көкірек) қуысындағы бұлшықеттердің қозғалысы: 1 – ауаның өкпеге енуі; 2 – төссүйек; 3 – тыныс алғанда көкеттің тегістелуі; 4 – көкет бұлшықетінің босаңсуы; 5 – тыныс шығарғанда көкеттің күмбезденуі; 6 – көкет бұлшықетінің жиырылуы.
|
Оқулық, слайд http://itest.kz/lekciya_ix_tarau_tynys_alu_mushelerining_qurylysy, http://itest.kz/lekciya_ix_tarau_okpening_qurylysy_men_qyzmeti, Дәптер |
||
|
10 мин 3 мин 4 мин |
Талдау Бекіту |
«Кубизм» әдісі арқылы әр топқа кубик беремін. 1, 2 жаттығуларды, тест орындау. Электронды оқулық арқылы интерактивті тапсырма орындау. ActivInspire арқылы тест тапсырмасын орындау Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
A Альвеолалар B Кірпікшелер C Бронхы ағашы D Бронхиола E Өсінділер
A Аңқаға B Кеңірдекке C Жұтқыншаққа D Өкпеге E Бронхыларға
A Бронхылар B Аңқа C Дыбыс саңылауы D Кеңірдек E Танау тесіктері
A Таңдай B Кірпікшелер C Көмей қапшығы D Жұтқыншақ E Сілемейлі қабық
A Тыныс алуға B Бронхылар құрылысына C Дыбыс сіңірлерінің ұзындығына D Барлығы дұрыс E Танау тесіктеріне
A Өңешке барады B Кеңсірікке барады C Кеңірдекке барады D Жұтқыншаққа барады E Өкпеге барады
A Көмекей B Өңеш C Бронхы D Кеңсірік E Альвеола
A Көмекей B Өңеш C Кеңірдек D Өкпе E Кеңсірік
A Дыбыс саңылауы B Бидайық (кадык) деп аталады C Кеңсірік D Кеңірдек E Көмекей
A Тоқ ішек B Бүйрек C Ұйқы безі D Асқазан E Кеңірдек |
Оқушылар кубик қырларында жазылған тапсырмаларды орындайды, сол арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы жаңа сабақты талдайды. Оқушылар жаттығулар, ActivInspire арқылы интерактивті тақтада тест тапсырмаларын орындайды. Өкпенің құрылысы мен қызметі
A Балаларға B Ер адамдарға C Әйел адамдарға D Дұрыс жауап жоқ E Қарт адамдарға
A 16-20 B 10-14 C 16-18 D 15-18 E 13-16
A Кеңірдек шеміршегі арасындағы бұлшықеттер B Қабырғааралық бұлшықеттер C Жауаптардың барлығы дұрыс D Бронхылар шеміршегі арасындағы бұлшықеттер E Көкет
A Қантамырлар B Өкпе сұйықтығы C Өкпе плеврасы D Өкпе қабықшасы E Көкет
A Бұлшықет ұлпасынан B Дәнекер ұлпасынан C Көп қабатты эпителий ұлпасынан D Бір қабатты эпителий ұлпасынан E Жүйке ұлпасынан
A 400 мл B 100 мл C 300 мл D 500 мл E 200 мл
A 1100 мл B 1200 мл C 1300 мл D 1500 мл E 1800 мл
A Сопақша ми B Орталық ми C Аралық ми D Алдыңғы ми E Жүйке жүйесі
A Аралық мида B Сопақша мида C Орталық мида D Алдыңғы мида E Мишықта
A Термометр B Гигрометр C Спирометр D Флюгер E Танометр |
Оқулық, кубик http://bilimland.kz/kk#lesson=12737 сайты ActivInspire интерактивті тақтасы http://itest.kz/exam_test?test_id=445563667, http://itest.kz/exam_test?test_id=485527073 |
||
|
1 мин |
Қорытын ды |
«Ай» әдісі арқылы оқушылардың жаңа сабақты түсінгендерін тексеремін. |
Оқушылар алдыларына таратылған айдың түрін түсінгендеріне қарай көтереді. |
Стикер |
||
|
3 мин |
Бағалау |
Оқушыларға бағалау парағын таратып, бағалау жүргіземін. Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау. |
Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалап шығады. |
Бағалау парақшасы |
||
|
1 мин |
Үйге тапсырма беру |
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, және негізгі бронхылар, олардың құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. |
Күнделікке жазады. |
Күнделік |
||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген