Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тыныс алу құпиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3Б

Жанды табиғат. Адам

Мектеп:№25

Мұғалім:Елеусизова Ж.

Қатысқандар саны:25

Қатыспаған оқушылар:0

Күні:



Тақырыбы:


Тыныс алу құпиялары

Оқу мақсаты:

3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

адамның қалай тыныс алатынын біледі;

өкпедегі ауаның көлемін зерттейді.

Бағалау критерийі

Өкпенің көлемін анықтап үйренеді;

Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда адам денесінде болатын өзгерістерді сипаттайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Тыныс алу мүшелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді;

Мәтінмен жұмыс жасау арқылы сөздік қорларын дамытады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

көкет

Құндылықтар

тазалықты сақтау

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

АКТ қолдану

дағдылары


Алдыңғы меңгерілген білім

Тыныс алу мүшелерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру.

«Иә, жоқ»
Белсенді оқушыларды анықтау. Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызу.
1. Ауасыз өмір сүре аламыз. (жоқ)
2. Ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше-мұрын. (иә)
3. Ауа тек қана далада болады. (жоқ)
4. Оттегі таза ауа. (иә)
5. Асқорыту мүшесі – өкпе. (жоқ)
6. Ауамен тек қана адамдар демалады. (жоқ)
7. Таза ауа өкпеге кеңірдек арқылы енеді. (иә)
8. Күн сайын таза ауада серуендеу зиян. (жоқ)
9. Дені сау адам аурушаң. (жоқ)

10. Өз денсаулығың өз қолыңда. (иә)


Пазлдар

Мозайканы жинап, сұрақтарға жауап беру.

Тыныс алу жүйесін қандай мүшелер құрайды?

Ағзада ауа қандай жолдардан өтеді?


Сабақтың ортасы






  1. Ауаның саяхаты. Сурттермен жұмыс.

  • Ауаны жұтқанда бірінші қайда барады?

Мұрынның суретін тақтаға ілу.

  • Мұрын қандай қызмет атқарады?

  • Мұрыннан кейін қайда түседі?

Кеңірдектің суретін ілу.

  • Ауа өкпеге не арқылы жетеді?

  • Тыныс алу жүйесінің басты мүшесі не?

Тыныс алу мүшелерінің суреттерін ретімен ілу.

  1. Тыныс алуды бақылау.

  1. 5-10 рет отырып тұру.

- Тыныс алу қалай өзгерді?

2) 1 мин демалу

- Тыныс алу қалай өзгерді?

- Қандай қорытынды шығаруға болады?

Қорытынды: қозғалыс жасағанда тыныс алу жиілейді, тыныштанғанда ақырындайды.

  1. Салыстыру.

Қолдарын кеуделеріне қойып терең тыныс алу және қалыпты тыныс алу.

Терең тыныс шығару мен қалыпты тыныс шығару көлемін салыстыру.

  1. Жұппен шар үрлеуден жарыс ұйымдастыру.

  1. Қалыпты дем алып, шарды үрлеу. Шарларды салыстыру.

  2. Терең дем алып шарды үрлеу. Не өзгергенін сұрау. Жұптасып диаграмманы түсіндіру.

Диаграмма.













  1. Зертте

Терең тыныс шығарудың көлемі қандай болады?

Эксперимент жасау.

Экспериментке қажетті құралдар:

1. Су құйылған ыдыс

2. Су құйылған 1,5 л пластик бөтелке

3. Пластик түтікше

Эксперимент барысы: Су құйылған ыдысқа су құйылған бөтелкені басын төмен қаратып, алақанмен жауып, су бар ыдысқа батырып төңкеру. Бөтелкенің ернеуі суға батып тұратындай етіп ұстау. Пластик түтікшені су құйылған 1,5 л пластик бөтелкенің аузына тығу.

Ауамен терең дем алып, демді пластик түтікше арқылы бөтелкеге үрлеу. Бөтелкеден қанша су шыққанын анықтау. Соған байланысты өкпедегі ауаның көлемін білуге болатынын түсіндіру.

Барлық топтан мәліметтерді жинақтап, қорытындысын шығару.

Қорытынды:түтікше арқылы бөтелкеге кірген ауа суды итеріп шығарды. Шыққан судың деңгейін өлшеу арқылы ауаның да көлемін өлшеуге болады. Әрбір адамның дем шығару көлемі әртүрлі болады.

  1. Өкпе күтімі. Мәтінмен жұмыс.

«Жоқ сөздерді толықтыр»

Демді ішке тартқанда өкпе ....................толады, оттек ............. өтеді. Ал демді шығарғанда өкпе қысылып, .................................. газды сыртқа шығарады. Өте терең дем шығарғанда да өкпеде аздаған ................... қалады. Бұл ауа .......................... қатыспайды. Тыныс алуға ...................... көмектеседі. Тыныс алғанда көкет ..................., тыныс шығарғанда .................................... .

  1. Сен білесің бе? Адам өкпесінің көлемі туралы ақпарат беру.

  2. Ойлан!

Адам неліктен түшкіреді және жөтеледі сұрағына болжам жасау.

  1. Қосымша тапсырма Жұмыс дәптері 37, 38-жұмыс парағы (39, 40 б.)

Суреттер:


































Сабақтың соңы


Рефлексия:

Егер мен сиқыршы болсам...

  • Мен бүгін .......................істеуші едім,

............................. өзгертуші едім.





Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Тыныс алу гигиенасы тақырыбында кітапша жасау

Мәтін бойынша білімдерін бағалау

Зерттеу жұмысында қауіпсіздік ережелерін сақтау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
2973
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12