400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тыныс алу үдерісі" ҚМЖ химия 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәнінен 7 сыныпқа арналған ҚМЖ, химия пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

7.4.A. Адам ағзасындағы химиялық элементтер

Сабақ тақырыбы: Тыныс алу үдерісі. №11 зертханалық тәжірибе «Тыныс алу үдерісін зерттеу»

Мектеп: Жалпы білім беретін В.И.Шубин атындағы орта мектеп


КҮНІ: 28.04.2019

Мұғалім:Ихсанова Р.В.


СЫНЫП: 7

Қатысқандар

саны:11


Осы сабақта қол жеткізетін оқыту мақсаты

7.5.1.4. - тыныс алу процесін түсіндіру;



Сабақ мақсаты

Тыныс алу мен фотосинтез процестерін, қайда орын алатынын таныстыру;

Тыныс алу мен фотосинтез процестерінің маңызын түсіндіру, химиялық реакция арқылы көрсету;

Тыныс алу мен фотосинтез процестері арасындағы айырмашылықты көрсету


Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар: Тыныс алу мен фотосинтез процестерінің анықтамасын біледі, қайда орын алатынын түсіндіре алады;

Көпшілік оқушылар: Тыныс алу мен фотосинтез процестерінің маңызын түсінеді, химиялық реакция арқылы көрсетеді;

Кейбір оқушылар: Тыныс алу мен фотосинтез процестерін салыстырады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану


Тілдік мақсаттар

Тыныс алу процесін фотосинтез процесімен салыстыра отырып сипаттайды


Жахандық азаматтықты

дамыту

Тыныс алу процесінің адам денсаулығы үшін маңызы жахандық азаматтықпен байланыстыру.


Құндылықтарды дарыту


Оқушылармен жахандық азаматтық, ашықтық құндылығы бойынша талқылау.


Пәнаралық байланыстар

Биология


АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Bilim.Land арқылы видеолар, тапсырмалар, тест


Алдыңғы білім

Жаратылыстану 5 сынып. Оттек, су және көмірқышқыл газының өмір үшін маңызы






Жоспар


Жоспарланғанмерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 минут


3 минут


















15 минут

І. Сыныпты ұйымдастыру

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

Адам ағзасы қандай элементтерден тұрады?

Адам ағзасы осы элементтерсіз түзілуі мүмкін бе?

Адам ағзасы өзіне қажетті элементтерді қайдан алады?

Адам ағзасына қажетті элементтер жетіспегенде қандай өзгерістер жүзеге асуы мүмкін?

Іс-әрекет: сұрақ-жауап

Бағалау: мұғалімнің ауызша бағалауы

ІІІ. Ой қозғау: Видео көрсетіледі «Тыныс алу» (24 сек)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлермен таныстыру. Кілтті сөздерді ендіру.

Тапсырма №1. Оқулықпен жұмыс §19 107-бет

«Шын-Жалған» әдісі


№

тұжырым

Ш/Ж

1

Адам қоршаған ортадан оттекті жұтып, тыныс алу процесі кезінде көмірқышқыл газын бөледі


2

Адам күніне өкпесі арқылы орташа есеппен 50 грамм суды бөледі


3

Адам күніне жүрегі арқылы орташа есеппен 18-20 литр көмірқышқыл газын түзеді


4

Адам күніне жүрегі арқылы орташа есеппен 5-18 литр көмірқышқыл газын түзеді


5

Тыныс алу процесі барлық тірі ағзаларда жүреді


6

Адам қоршаған ортадан көмір қышқылы мен энергияны алады


7

Адам күніне өкпесі арқылы орташа есеппен 150 грамм суды бөледі


8

Тыныс алу процесі тек адам жасушаларында жүреді


9

Тыныс алу процесі үздіксіз жүреді


10

Күніне бір рет 5 минут уақытқа дем алмауға болады


Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. 10 балл max

Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс

Бағалау: өзін-өзі бағалау





Презентация

















https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/adam-ahzasyndahy-ximiyalyq-ehlementter-tynys-alu-proczesi?mid=00b266e4-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

тапсырма парағы, презентация (дұрыс жауаптары)

10 минут







№11 зертханалық жұмыс «Тыныс алу поцесін зерттеу»

Видео көрсетіледі «Тыныс алу» (50 сек)

Мақсаты:Зертханалық тәжірибе нұсқауын пайдалана отырып, тыныс алу өнімдерін анықта.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: ізбес суы – 50 мл; химиялық стақан 100 мл – 1 дана; шыны таяқша – 1 дана; айна – 1 дана.



Қауіпсіздік техника ережесін сақта.



Ізбес суында сілтілік орта болғандықтан, тәжірибені сақтықпен орында және қорғаныш көзілдірік қолдан.

Нұсқаулық

Стақанға 10-15 мл ізбес суын құй. Баяу тыныс алып, деміңді шыны таяқша арқылы шығар.

Сақ бол! Ізбес суын деміңмен тартпа!

Ізбес суының лайлануын байқамайынша ауамен тыныс алып, демінді шығара бер. Ізбес суында қандай өзгеріс болады?

Тыныс алғанда қандай газды бөліп шығарасың?

Неліктен сен дем шығарған ауа құрамында нақты осы газ бар деп ойлайсың?

  1. Айнаны қолыңа алып, айнаның бетіне деміңді шығар.

Не байқадың? Қалай ойлайсың, тыныс алу процесінде қандай зат бөлінеді?

Қорытынды жазыңыз.

№

дескриптор

балл

1

барлық сезім мүшелері және тиісті жабдық арқылы бақылау жүргізеді;


2

жүргізілген тәжірибелердің өзара байланысын анықтайды;


3

тыныс алу мен фотосинтез арасындағы ұқсастықпен айырмашылықтарды келтіреді


Дифференциация:

Барынша ұғымтал оқушылар тапсырманы жеке орындайды немесе қосымша тапсырма парағын беруге болады;

Үлгерімі орташа, төмен оқушыларға қолдау көрсетуге болады.

Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс Бағалау: оқушылардың бір-біріне кері байланысы



https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/okpedegi-zhane-ulpadahy-gaz-almasu



Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, қосылыстар



5 минут





























1 минут

3 минут













Тапсырма №2 Bilim.Land сайты арқылы осы тақырып бойынша жұмыс парағын толтырады

№

дескриптор

балл

1

Тыныс алу процесінің теңдеуін блоктар арқылы құрастырады


2

Фотосинтез процесінің теңдеуін блоктар арқылы құрастырады




Тапсырма №3 Bilim.Land сайты арқылы осы тақырып бойынша жұмыс парағын толтырады

№

дескриптор

балл

1

Тыныс алу процесінің белгілерін жазады


2

Заттың жану процесінің белгілерін жазады


3

Реакция өнімдерін жазады


Қорытындылау: Оқушылар ауызша жоспарланған іс пен алынған нәтижелерді салыстырады.

Кері байланыс: Bilim.Land сайты арқылы осы тақырып бойынша жаттығуды орындап, тестілеуден өтеді

Тапсырма №4 Тест

1. Тыныс алу дегеніміз - ...

А) Барлық тірі ағзаларда жүретін үздіксіз физиологиялық процесс

В) Өкпеге ауаны толтыру үдерісі

С) Тек өсімдік жасушаларында жүретін биологиялық реакция

Д) Тек жануарлардың жасушаларында жүретін биологиялық реакция

Е) Өкпеден көмірқышқыл газын шығару процесі

2. Адам белсенді қозғалыста болса, нені көбірек пайдаланатын көрсет

А) оттек

В) глюкоза мен оттек

С) су

Д) көмірқышқыл газы

Е) қант

3. Тірі ағзалардағы қалыпты зат пен энергияның алмасуын қамтамасыз ететін процесті көрсет

А) тыныс алу

В) қозғалыс

С) дене температурасы

Д) ұйқы

Е) шаршамау

Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс Бағалау: өзін-өзі бағалау

Адам%20ағзасындағы%20химиялық%20элементтер.%20Тыныс%20алу%20процесі__Жұмыс%20парағы%20(1).pdf

Тапсырма парағы










Адам%20ағзасындағы%20химиялық%20элементтер.%20Тыныс%20алу%20процесі__Жұмыс%20парағы%20(1).pdf


Тапсырма парағы











https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/adam-ahzasyndahy-ximiyalyq-ehlementter-tynys-alu-proczesi?mid=00b266ea-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051


Тапсырма парағы





1 минут



Бағалау: Орындалған тапсырмалардың дұрыс жауаптарының жиынтығы бойынша бағалау

0-10 балл – орташа,

11-16 балл – жақсы

17-21 балл – өте жақсы




1 минут

Үй тапсырмасы: §19. Тыныс алу мен фотосинтезге Венн диаграммасын құру


















































Қосымша ақпарат



Дифференциация – Барынша ұғымтал оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлап отырсың?

Бағалау - Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлайсың?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АТ-сілтемелер

Шамаларға сілтемелер



Барлық оқушылар: Тыныс алу мен фотосинтез процестерінің анықтамасын біледі, қайда орын алатынын түсіндіре алады;

Көпшілік оқушылар: Тыныс алу мен фотосинтез процестерінің маңызын түсінеді, химиялық реакция арқылы көрсетеді

Кейбір оқушылар: Тыныс алу мен фотосинтез процестерін салыстырады

Сұрақ-жауап, бағалау дескрипторлары, кері байланыс арқылы.

Бірегейлік және сындарлық оқушылардың тәжірибеден алған деректерді өңдеу кезінде қолданатын әдіс-тәсілдері арқылы байқалады. Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау басқалар пікірін құрметтеуді және бір-бірімен және мұғаліммен тиісті үлгіде араласу қасиетін дамытуы керек. Құралдарды пайдалану, химикаттармен жұмыс істеу және нұсқаулықты дәл сақтау оқушының сау және қоршаған ортаға назар аудару туралы сезімін дамытып басқалармен жұмыс істеген жағдайда кейбір шамада қауіпсіздік шараларын сақтауда жауаптылығын көрсетеді.



Дифференциация

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Мерзімге сидыра білдім бе? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.



Тақырыпты ашуда «Ой қозғау» бөлімінде қойылған сұрақтар орынды болды. Видеодан кейінгі кері байланыс арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы оқу мақсатына жетуіне оң әсерін тигізді. Өйткені келесі сурет-схема бойынша тапсырманы орындауда оқушылардың көпшілігі жақсы орындап шықты.

Дегенмен, үлгерімі төмен оқушылар практикалық жұмыстағы тапсырманы толық орындамады, бағалау дескрипторын оқымай жұмысты жасаған. Сондықтан тапсырманы бере алдын, бағалау дескрипторларымен таныстыру керек.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
4468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі