400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В Тыныс алу

Мектеп: Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абилова Мерей Беибитовна

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау (зертханалық жұмыс)

Оқу мақсаты:

8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

Бағалау критерийі:

Тыныс алудың минуттық көлемі ұғымын түсіндіреді;

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

тыныс алудың минуттық көлемін анықтай білудің маңызы мен тыныс алу жиілігі физикалық жаттығудың әсерін түсіндіру үшін айтылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын қолдана алады. тыныс алу тақырыбындағы биологиялық терминдерді үштілде бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, спирометр, никотин, тыныс алу көлемі,қосымша көлем

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік

бірліктер:

Белсенді физикалық жаттығу жасаған кезде тыныс алу жиілігі ….... болады. Өйткені....

Егер физикалық жаттығулар саны ұлғайса, онда … ... Терең дем алудың… ... ... болатынын байқадық.
Мен физикалық жаттығу жасаған кезде тыныс алу жиілігі … артық болады деп санаймын. Бұның себебі …
Егер
физикалық жаттығулар саны артса, онда …
Физикалық жаттығулар ұзақтығы ұлғайған кезде, біз … байқадық.

Құндылықтарға баулу

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау үшін математикалық формуланы қолдану

Алдыңғы білім

Алдыңғы білімді еске түсіру үшін оқушыларға ӨТС туралы «дұрыс» «бұрыс» тапсырмасын орындау сұралады.

Оқушылармен адамның тыныс алу жиілігі өзгере ме, оған қандай факторлар әсер етеді, тыныс алу жиілігінің өзгеруінің себебі неде сұрақтарын талқылау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. Бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған сабақтың түрлері

Ресурстар

Cабақтың басы















Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал

«Мозаика» әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлемін.

 Оқушылар қиылған қағаздарды алып,сәйкес келген сурет қиындыларын жинау арқылы топ құрады.




Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Дәстүрлі емес сәлем»

Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар. Маңдаймен, шынтақпен,

арқамен, аяқтың ұшымен.



Сабақтың ортасы

































1-тапсырма

«Миға шабуыл» әдісі

Тыныс алу туралы бейнефильм көрсету

Бейнефильм бойынша сұрақ- жауап алу.

  1. Тыныс алу мүшелерін ата?

  2. Тыныс алудың маңызы қандай?

  3. Мұрын қуысының құрылысы және қызметі қандай?

  4. Дыбыстың сіңірлері қайда орналасқан?

Дескриптор:

- тыныс алу мүшелерін атайды;

-тыныс алудың маңызын болжамдайды;

-Мұрын қуысының құрылысы мен қызметін байланыстырады;

-дыбыс сіңірлерінің орналасуын біледі;


2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

« Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіздер:

І топ. Тыныс алудың маңызы

ІІ топ. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы.

ІІІ топ. Өкпенің құрылысы


Дескриптор:

- Тыныс алудың маңызын мазмұндайды;

- тыныс алу құрылысын жіктейді;

-Өкпенің құрылысын талдайды;

Сергіту сәті. «Тыныс жаттығулары»

«Қуғындар» – тік тұру, аяқты қосу, қолды жоғарыға көтеріп; бұлғау; демдерін тез шығару.

«Итбалық» – отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып терең тыныс алу, кеудесін төмен түсіріп, ауаны сыртқа шығару.

«Басын бұру» – түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен тынысын ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен сыртқа шығару.

Рефлексия.

Интербелсенді тақта,бейнефильм
















Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы


















Зертханалық жұмыс.

Жұмыс алгоритмі:

Нұсқаумен танысу.

Зерттеу жұмысы.

Қорытынды жазу.

Саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына баға беру

Дескрипторлар:

зертханалық жұмыс қорытындысын жазады, дәлелдейді;

саламатты өмір салтының маңыздылығына баға береді.

Сабақ соңында оқушыларды «Plickers»

ойыны арқылы қорытындыладым

«Менің көңіл күйім баспалдағы» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.Оқушылар стикерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады.

Баспалдақтар:

Керемет!

Өзіме сенімдімін!

Жақсы!

Жаман емес!



















Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туралы білесіңдер. Қазір осы ұйым темекіге қарсы күресті барынша қолдап жүр. Не себепті деп ойлайсыңдар?

Қабілеті жоғары оқушы:

«Темекі тартқаның – өзіңді-өзің құртқаның» тақырыбына ойтолғау жазу.


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақта жеткен нәтижем: қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауға негізделген сабақтың өз деңгейінде өтуі,білім алушылардың тапсырмаларды орындай білуі;

Сыныптың түгел жұмысқа тартылуы,барлық оқушылардың ой –пікірлерінің тыңдалуы;

Топтық жұптық тапсырмаларды орындауда ынтымақтасқан,бірлескен жұмыстың жүзеге асуы;

Оқушылардың уақытпен санасуы белгіленген уақытта тапсырманы аяқтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1492
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі