жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тыныс белгілер
Пән : Қазақ тілі |
Мектеп : «№4 ЖОББМ» ҚММ |
||
Күні : 25.10.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Самарханова Шырайлым |
||
Сынып: 4 б |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Тыныс белгілер |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Бірыңғай мүшелердің арасына тыныс белгісін дұрыс қоюды үйрету. Көбі: Тақырыптан алған білімдерін тілдесімде қолдана білуді қалыптастыру Кейбірі: Сөйлемде бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін қоюға,жаттығу жұмысы кезінде өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру |
||
Жетістік критерийлері |
Топпен жұмыс істей алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
|
||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу |
||
АКТ қолдану дағдылары |
|
||
Тілдік құзыреттілік |
ОҚУШЫ УЧЕНИК PUPIL |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 мин
5мин
|
Ертеңгілік шеңбері Амандасу. Балалармен танысу. Балаларды түгендеу. Кім жоқ екенін сұрау.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып “Жүректен жүрекке”деген әдіс арқылы,бүгінгі сабаққа оқушылар бір-біріне сәттілік,жылы лебіздерін айтады.
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы 5мин
5мин
3мин
7 мин
5мин
10мин
5мин |
Сабақтың тақырыбын ашу.
Тақтада тыныс белгілерінің суреттері ілініп тұрады. Оқушыларға тыныс белгілерін көрсетіу.
Т
Н
Сұрақ: Нүкте өлеңде өзі туралы не айтқан?
Тыныс белгілерінің бірінің атынан әңгіме немесе диалог құрастыру.
Мысалы: Тыныс белгілерінің айтысы. Бір күні нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі, үтір, сызықша, қос нүкте кездесіп қалыпты. әрқашан өзін тыныс белгілерінің ішінде біріншімін деп санайтын нүкте: Мен белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойыламын, дұрыс қойылмайтын болсам, сөйлем түсініксіз болып шығады, не екінші бір мағына туындайды. Мен дүниедегі бар сөйлемдерден кейін қойыламын, менен асқан кім бар? – деді. Керемет, керемет, - деді сұрақ белгісі, - не, жауап күту мақсатымен айтылған сұрау мәнді сөйлемге де сен қойыласың ба? Жоқ, мен сендерден де қажеттімін. Адамның әр түрлі көңіл-күйін: қуанышты, сүйінішті, өкінішті, ренішті, бұйрықты, зекіруді т.б. білдіретін, ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған сөйлемдерге сендер келесіңдер ме? Жоқ, ең кереметі менмін! - деді леп белгісі. Тоқтат, тоқтай тұрыңдар! - деді кенеттен үтір. – Біз де босқа жүргеніміз жоқ. Сендер ойдың аяқталуына байланысты болсын, белгілі мақсатпен болсын, адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты қойылсаңдар да мейлі. Енді бізге сөз кезегін беріңдер. Үтір, сызықша, қос нүкте сөз кезегін алды: Біз де тыныс белгілерінің ішінде жиі қолданамыз. Сөйлемнің құрылысына, мағынасына, интонацияға байланысты қойыламыз. Бос әңгіменің не керегі бар, -деді қос нүкте, - ерік беріп қойса мақтанады-ақ екенбіз. Әркім өз орнын біліп, қызметін атқара берсін, сонда ол мақтауға тұрады. Оқушылардың кез-келген тыныс белгісі жайлы не білгендерін, не білуге тырысқандықтары жайлы осы шығарма сияқты әңгіме жазуға дағдыландырып көруге болады.
Сергіту сәті. “Джунглидегі жаңбыр”
|
Тыныс белгілерінің суреті
Оқушылар шеңберге тұрады
|
|
Сабақтың соңы 5 минут
|
«Эмоционалдық көңіл-күйді анықтайтын тест» Ұсынылған сурет оқушыларға таратылады. Оқушыларға тапсырма: ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды? Өзіңе ұқсаған адамды қарындашпен белгілеңдер.
|
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК
Бекітемін______________
Әдіскер: Табилтайқызы С.
Келісемін_____________
Сынып жетешісі: Нуркенова Б.М
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «Тыныс белгілері»
Өтетін орны: «№4 ЖОББМ» ҚММ
Сыныбы: 4«б»
Мерзімі: 25.10.19
Тобы: 32
Машықкер: Әділбекова Шүғыла
Бағасы:
Семей 2019 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген