Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тура және кері ретпен санау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып математика пәнінен өткізілген ашық сабағым. Тақырып мұғалімдерге бастауыш сынып .Тура және кері ретпен санау 1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау Оқушыларға 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санау дағдыларын қалыптастыру, заттардың санын анықтау дағдысын бекіту 1-ден 10-ға дейін тура және кері санай алады Тірек сөздерді үш тілде айту Тура ретпен санау-прямой порядок Кері ретпен санау-обратный порядок
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A бөлім: Сандар туралы ұғым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тилекешова Г

Сынып: 1А

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақ тақырыбы

Тура және кері ретпен санау

 

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санау дағдыларын қалыптастыру, заттардың санын анықтау дағдысын бекіту

Жетістік критерийлері

1-ден 10-ға дейін тура және кері санай алады

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздерді үш тілде айту

Тура ретпен санау-прямой порядок

Кері ретпен санау-обратный порядок

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды ұқыптылыққа жинақылыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі орыс тілі пәнінімен тірек сөздерді қодану арқылы байланыс орнату

АКТ қолдану дағдылары

Кері ретпен санауға байланысты бейнежазба көрсету

Бастапқы білім

Оқушылар 10 көлеміндегі заттарды санауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

(Ұ)Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік, 
Күлкіменен түлейік! 
Қабақ түйген не керек, 
Көңілді боп жүрейік! 
Кел, балалар, күлейік! 
Күлкіменен түлейік! 
Күлкі көңіл ашады, 
Күліп өмір сүрейік! 

ОМ таныстыру

Бүгін сабақта  тура және кері санауды үйренесің.

Ойын. «Көршілер».Берілген сандардың көршілерін табу

...2...  ,  ...7... ,....8..., ...10...

 

 

 

10, 20..... 100-ге дейінгісандарқатары бар карточкалар

Сабақтың ортасы

 

(Ұ) Оқушылардың санау туралы білім деңгейін анықтау үшін санамақ айту.

Кел санайық санамақ, 
Саусақтарды даралап. 
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы. 
Ортан терек - кезекші, 
Шылдыр шүмек - көмекші. 
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан. 
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен. 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз.

(Ұ) Айналадағы заттардың барлығын санауға бола ма? Қалай ойлайсыңдар? Қай заттарды санауға болады? Айналадағы қандай заттар санауға келмейді? - Аспанда неше бұлт бар?

-Сабынның неше көпіршігі бар?

-Неше су тамшысы тамды?

Осы сұрақтарға жауап беру мүмкін бе?

Қолмен ұстауға келмейтін заттарды санауды зерттеу : дыбыстар, бұлттар, көпіршіктер, көлеңкелер:

  • Санауға болатын заттарды атаңдар

Мысал келтіріңдер.

Оқушыларға 1-10-ға дейін санауға тапсырма беру

Сан тузуінде сандарды ретімен орналастыру.

Тақтаға 10 оқушыны шақырып олардың қолына 1-10-ға дейінгі сандар жазылған кеспе қағаздар үлестіру және ретімен тұруын тапсыру. Ретімен тұра алмаған жағдайда санау жұмысын ұйымдастыру.

Осылайша санау тура санау деп аталатындығына көз жеткізу. Келесі он оқушыны шақырып 10 санынан бастап 1-ге дейін ретімен тұруын өтіну. Енді санауды үлкен саннан бастап санап көруін өтіну. Санаудың бұл түрі кері санау екендігін оқушыларға түсіндіру.

Кері санауды бұрын байқадыңдар ма?

Таймер, зымыранды ұшырудағы уақыт т.с.с

Мысал келтіріңдерші.Кері ретпен санауға байланысты бейнежазба ұсыну.

Оқулықпен жұмыс (8-бет)

1-10-ға дейін тура ретпен санау.

10-нан 1-ге дейін кері ретпен санау

Тірек сөздермен жұмыс.

Тура ретпенсанау-прямой порядок

Кері ретпен санау-обратный порядок

Көрнекіліктерді қолдана отырып заттарды санау

Сан тізбегіне поезд суретін іліп тура ретпен санау.

Поездбен кері санату, санау барысында тірек сөздерді қолдануға баса назар аудару.

Сергіту сәті (Қимылмен көрсету)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

(Қ) Оқушыларға қарындаштар, таяқшалар ұсынып тура санауын бағалау.

10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен  санау

Оқулықпен жұмыс (9-бет)

Тура және кері ретпен санау

(Ж)Баспалдақтар . Әр басқышқа басқан сайын сандарды атап баспалдақпен көтерілу және төмен түсу. Сен қандай ретпен санадың?

Іздер. Жұмысты топпен орындату. іздер мен есіктердегі түсіп қалған сандар орнын анықтау.

(ОТ)

4 тен бастап10 ға дейін санау

1 ден бастап8-ге дейін санау

Дидактикалық материалдармен жұмыс

Тірек сөздерді үш тілде есте сақтау үшін ойын ұйымдастыру

Шарты:

Бір оқушы тура ретпен санау тірек сөзін бір тілде айтады,қалғандары ретімен тұрған үш санды тура санайды. Санды бірінші атаған оқушы санды екінші тілде айтады.Қалған оқушылар басқа үш санды айтады.Осылайша тірек сөзді үш тілде айтқызу

Дәптермен жұмыс (6-бет)

Тура ретпен санап түсіп қалған сандарды жаз.

Түсіп қалған сандарды қой.

2

 

4

Бағалау

 

Сабақтың соңы

Тура санау дегеніміз не?

Кері санау дегеніміз не?

Ұстай алмайтын заттарды санай аламыз ба?

 




Түсіп қалған сандарды тап.

1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10.

10, 9, 8, 7, 5, 4, 3, 2, 1

Оқушылардың тура және кері санау дағдысын бақылау арқылы бағалау

Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы қарастырылады














































МАТЕМАТИКА 1 СЫНЫП ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР ҚМЖ

1-сыныпқа «Математика» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат, оқу жылында 132 сағатты құрайды.  1-тоқсан 36 сағат 

Сабақ тақырыбы:

1 Сандар және цифрлар

Заттарды санау

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

                        натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқша-лармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

            он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары;

заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша;

интерактивті тақта.

Тірек сөздер

қанша? (неше?); cанау;

сан;

саны.

Сабақтың мақсаты:

Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шегараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Сабақ заттарды санау тәжірибелік дағдыcын дамытуға бағытталады. Сабақта сандарды санау ұғымы қандай да бір жиын нысандарының санын анықтау үшін қолданылатын іс-әрекет түрінде енгізіледі. Санағанда есептік сан есімдер қолда-нылады. Есептік сан есімдер — “Қанша?” “Неше?” сұрақтарына жауап беретін сан есімдер. Заттарды санау бір санынан басталады. Заттарды санауға жетелейтін сұрақтар беру арқылы оқушылардың бір-бірімен және мектеппен алғашқы таныстығы туралы сөйлесіңіз. Ол үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

Терезенің жанында қанша бала отыр?

Сенің алдыңда қанша бала отыр?

 

Сенің артыңда қанша бала отыр?

 

Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?

 

Ал мұғаліммен бірге ше?

 

Оқушылармен сөйлесу кезінде әрқайсысының санау дағдысын анықтап, 10-ға дейін санау дағдыcын бекітіңіз.

 

Сыныптағы барлық қыздардың бір қатарға тұ-руын ұсыныңыз. Ұлдардан сыныптағы қыздарды санауды сұраңыз. Содан соң ұлдардың қыздарға қарама-қарсы бір қатарға тұруын ұсыныңыз (бұл жағдайда оқушыларды жұптарға бөлу жеңіл болады). Қыздарға сыныптағы ұлдарды санауды ұсыныңыз.

 

Оқушылардан мыналарды сұраңыз:

 

Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, неге?

 

Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді? Айта аласыңдар ма? (Оқушылар “көп” деп жауап беру мүмкін.)

 

Бұл сұрақтар арқылы сыныптағы қай оқушының оннан артық санай алатынын білуге болады. Содан соң қолмен ұстауға болатын деректі заттарды са-натыңыз. Мынадай сұрақтар қоюыңызға болады:

 

Сыныпта қанша қызыл түсті (немесе басқа түсті) мектеп сөмкесі бар?

 

Бұл сұраққа жауап беру үшін осы түстес сөмке-сі бар оқушылар оларды бір қатарға қояды, ал басқалары хормен санайды: “Бір, екі, үш…” т.с.с.

 

Ақ түсті гүл саны қанша?

 

Сыныпта қанша парта бар?

 

Сынып бөлмесінде қанша орындық бар?

 

Оқушыларға заттың санын анықтау үшін оларды санау керектігін түсіндіріңіз. Олардың назарын заттарды санау кезінде айтылатын сандарға аударыңыз: “бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”.

 

Оқушылардан кез келген заттарды санағанда барлығына ортақ қандай ерекшеліктер болатынын ойлап, жауап беруін сұраңыз. Заттарды санау әрқашан “бір” санынан басталатынын және сандарды рет-ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға әкеліңіз.

 

Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындатыңыз:

 

Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы: алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушылар сізден кейін берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ соғуы тиіс.)

 

Алақандарыңды төрт рет соғыңдар.

 

Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар.

 

— “Алақай!” деп бес рет айтыңдар т.с.с.Суретке қара, сана. Тапсырманы жалпы сынып-қа орындатыңыз.

Оқушылардан әр топтағы заттар санын санауды сұраңыз.

Жауабы:

екі ит; төрт мысық; жеті гүл; тоғыз шар.

Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушыларға оқу құралдарын санауды ұсыныңыз. Оларға бір-біріне алма-кезек сұрақ қойып, суреттегі заттарды санатыңыз. Жауаптарды жұпта талқылауды қадағалаңыз.

Жауабы:

дәптер — 3 дана, альбом — 1 дана, кітап — 5 дана, түрлі түсті қарындаш — 10 дана.

Біздің сыныбымызда. Оқушыларға төрт адам-нан топтарға бөлініп, өздері сұрақ ойлап тауып және оны топта бір-біріне қоюды ұсыныңыз.

 

Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындау-ды ұйымдастырыңыз. Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санауы тиіс. Тапсырма оқушылардың санау дағды-cын бекітеді. Егер қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда (оқушылар 10 көлемінде ғана санай алатын болса), онда ол өзінің жұбын көмек-ке шақырады немесе оның қарындашының саны 10-нан артық екенін айтады.

 

     Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Тірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады.

 

Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.

Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушылар суреттің

астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды.

Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа-рап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек.

Жауабы:

5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді.

Бағалау

 

Оқушылар сабақ соңында:

 

он көлемінде санауды;

заттардың саны мен сандар арасындағы сәй-кестікті табуды меңгереді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін

 

мынадай сұрақтарды қойыңыз:

Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)

Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар парақ-шаларды көрсетіңіз.)

 

Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.





















Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Заттарды санау. Қанша? Неше? Нешеу? Тура және кері санау

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру.Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1.Математика оқулығымен таныстыру. 2.Заттар туралы мағлұмат беру.

Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Сандарды тиісті ретпен орналастыру.  2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

Санап үйрену.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?

Үйге тапсырма

Санап  үйрену

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



 















 

1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау

Жарияланды 11-10-2016, 16:58 Категориясы: Мектепалды дайындық 

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бағдарлама тараулары: қызықты математика
Тақырыбы: 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
Мақсаты: 10 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура және кері тәртібімен. Қызықты математикадан өткен білімдерін қайталату. Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: суреттер, теледидар, қарындаштар, ақ парақ, карточкалар, смайликтер, сандар

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.

Іздену ұйымдастырушылық
- Балалар, бізге бүгінгі оқу іс - әрекетімізге қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді байқамақшы. Олай болса, сабаққа белсене қатысайық.
Бізде қазір қызықты математика оқу іс - әрекеті.
- Математика сабағынан біз не үйренеміз, балалар?
(Балалар жауаптары)
- Дұрыс айтасыңдар балалар, математика сабағында біз сандармен пішіндермен, пішіндер көлемімен, түстермен танысады екенбіз және есеп шығарып үйренеміз.
- Балалар, тақтада Айман қуыршағымыздың суреті тұр, қуыршағымыздың моншағы үзіліп қалыпты.
(Балалар жауаптары)
Тақтада әдемі салынған қуыршақ суреті ілініп тұрады
- Сәлеметсіздер ме, балалар, менің атым Айман, сендерге көмек сұрап келдім. Менің әдемі моншағым үзіліп қалды, егерде сендер менің тапсырмаларымды орындап берсеңдер, моншақтар заңдылық тәртібімен тізіледі. Моншағымның заңдылық тәртібі жоғарыда суретте көрсетілген. Тапсырма орындайсыңдар ма балалар?
(Балалар жауаптары)
Қуыршақтың тапсырмаларын хаттан алу.
№1 тапсырма.
- Балалар, сендер 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санай аласыңдар ма?
- Айман қуыршақ біздің балалар санап қана қоймайды, санау әнін де әндетіп айта алады.
Слайд көрсету.
1. 1 - ден 10 - ға дейін тура санау.
2. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
3. 1 - ден 10 - ға дейін реттік санау.
4. 10 - нан 0 - ге дейін кері санау.
- Тамаша, олай болса 1 тапсырма орындалды, Айман қуыршағымыздың бірінші моншағын тізуге көмектесейік. Қәнекей, жіпке тізуді бастайық. Заңдылық бойынша, Бірінші қандай түсті моншақ тізіледі?
Моншақты ілу.
Келесі тапсырманы алайық.
№2 тапсырма
«Кім мықты?» деп аталады, бізге сурет берілген, қанекей қарайық.
Суретте түрлі - түсті шарлар беріліпті. шарларда есептер және сандар берілген. Әр шардың түсін атап, есепті шығарып, шешіміне қарындашпен сызып көрсету керек.
(Балалар есептерді шығарып, бір - бірлеп келіп қарындашпен сызып, шешімін табады)
Айман қуыршағымызға моншағын тізейік, заңдылық бойынша, қандай моншақ тізіледі?
Түстерді дұрыс айтқандарың үшін және есептің шешімін дұрыс тапқандарың үшін моншақты тізейік.
№3 тапсырма.
«Кім жылдам?» ауызша есеп. Бізге теледидардан есептер беріліпті. Соларды ауызша шығарайық.
Теледидардан слайд көрсету.
Айман қуыршағымызға кезекті моншағын заңдылық бойынша тізейік.
№4 тапсырма. «Көрші санды тап» карточкамен жұмыс.
Алдарыңда карточкалар берілген, онда сандар көрсетілген. Жанындағы тор көзге, алдарыңдағы жатқан сандар ішінен көрші санды тауып қоясыңдар. Мұқият қараңдар алдыңғы немесе келесі көрші санды тауып қоюларың керек.
Балалар жұмыстары.
Айман қуыршаққа келесі моншақты тізу.
№5 тапсырма.
«Суретпен есеп» Алдарыңда суретпен 2 тапсырма берілген.
- 1 - інші суреттегі тапсырма. Сандарды суреттердің санына қарай сәйкес сызықпен қос.

Балапандардың түсін, санын, қажетті санға апарып сызасыңдар.

Дұрыс, балапандардың түсі сары, саны 4 - еу.
2 суреттегі тапсырма. Әр шаршы ішінде қанша сурет бар? Егер олардың екеуин сызып тастаса, қанша сурет қалады? Керекті санды айналдыра сыз.

Айман қуыршаққа моншақ заңдылық бойынша ілейік.
- Қанекей балалар бір сергіп алайық.
№6 тапсырма. «Сиқырлы пішіндер»
- Қандай пішіндерді білесіңдер?
Алдарыңдағы пішіндерден әртүрлі суреттер құрастырып, жасайсыңдар.
Балалар жауаптары.
Балалар жұмыстары.
Моншақ тізу.
- Әмина пішіндердің көмегімен қандай сурет құрастырдың?
Енді осы пішіндерге арналған сергіту сәтін жасап, сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Слайдпен.
Моншақ ілу.
№7 тапсырма. Есеп - жұмбақ
А)- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?
(төрт)
ә)- Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?
(2)
б)- Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті үшеуі.
Ілініп тұр әлі
Жапырақтың нешеуі?
(3)

в)- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?
Моншақ тізу.
№8 тапсырма. Графикалық диктант. Айман қуыршақтың құрбысының шағын орталыққа келетін жолын жаса.
Балалар жұмыстары.
Моншақ ілу.
№9 тапсырма. Дидактикалық ойын «Келісемін - келіспеймін»
Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы мұғалімнің айтуы бойынша барлық балалар бірге жауап береді.

Келісемін – келіспеймін.
1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды.
2. Қарбыздар талдың басында өседі.
3. Жазда шанамен сырғанаймыз
4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.
5. Лимон тәтті болады.
6. Шыршаның түсі қызыл.
7. Алма шаршыға ұқсайды.
8. Балықтар талда өседі.
9. Сиырдың 4 аяғы болады.
10. Керіктің бойы аласа.
11. Балмұздақ ыстық болады.
12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.
13. Қоян балды жақсы көреді.
14. Пілдің тұмсығы қысқа.
15. Кітап – білім береді.
Айман қуыршаққа моншағын заңдылық бойынша ілу.
- Ал, енді балалар Айман қуыршағымыздың моншақтары әдемі болып тізілді, кәне санайықшы неше моншақ бар екен?
Заңдылық бойынша балалар моншақтарды санайды.

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы
№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейдің
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Тұрсынбекова Айжан Тұрсынбекқызы

ақырыбы: «1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау»
Мақсаты: 10 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. 10 санынан бастап бір - бірден шегеріп отырып, кері қарай 0 - ге дейін, 0 - ден 10 - ға дейін ауышша, жазбаша тура санай білуге үйрету. Ақыл - ой белсенділігін күшейту, шапшандыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, доп, 1 - 10 - ға дейн сандар.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, санау, теңестіру ойын.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
І. Мен ақылдымын,
Қиындықтан қорықпаймын
Мен жаспын, қандай әдемімін,
Мен ұзақ өмір сүремін.
ІІ. Сұрақтар қою арқылы сабақты бастаймын.
- Қазір жылдың қай мерзімі?
- Қандай ай?
- Апта деген ағайдың, жеті бірдей ұлы бар (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
- Бүгін аптаның қай күні?
II Қайталау.
1. Тура және кері санау.
2. 10 санның құрамы.
3. 10 көлеміндегі сандарды салыстыру.
ІІІ. Ойын: « Көршісін тап».
Керекті материалдар: 1 - ден – 10 - ға дейінгі сандар жазылған карточкалар.
Бір санды атаймын, мысалы, « Жеті» деймін. Омырауына жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады.
Айтамын: Бұл санның көршілері, 6 ж/е 8 – ды. Карточкалар тұрып, 6, 7, 8 сандарын құрайды.
IV. Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Екі қолды қосқанда,
Тең болады он саусақ.
V. Дәптермен жұмыс.
1. Мысалдар шығару.
2.
1 + 1 = 2
2 + 1 = 3
4 + 1 = 5
3 + 1 = 4
5 + 1 = 6
6 + 1 = 7
VI. Таяқшалармен жұмыс.
1. 5 таяқшадан 2 бірдей үшбұрыш жасау.
7 таяқшадан 2 бірдей шаршы жасаймыз.
10 таяқшадан 2 квадрат, 1 үлкен, 1 кішкене жасаймыз.
VII. Ойын: «Қалт етпей қағып ал, Жауабын тауып ал».
Шарты: Балалар дөңгелене турады. Ортада турған мұғалім: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал», «5 + 1» - деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала «5 + 1» тең болады, алты деп, допты мұғалімге қайтарады.
VIII. Логикалық есептер.
1. Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды. (Төрт бұрышты доп болмайды).
2. Төменде үш қаз ұшады
Үшеуі бұлтты құшады
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтындаршы, қаз нешеу екенін?
IX. Қорытынды. Балаларды мақтау, мадақтау. Сонымен балалар біз нешеге дейін санау білеміз. – Ал енді, балалар, бәріміз зейінімізді тақтадағы мына сандарға аударайықшы, сандар ретімен қойылған ба? /2, 1, 4, 7, 10,.../





























































1-10-ға дейін тура және кері санау"

базарбаева 22-11-2014, 19:00 2 080 Математика


Сабақтың тақырыбы: «1 – 10 -ға дейін тура және кері санау»
Мақсаты: Сан таңбаларын пайдаланып, тура және кері санауға үйретуді жалғастыру. « Балықтан» көмек сұрап алтын балық тапсырмасын орындай білу. Қанша? Нешінші? алдында, артында, оң солын айыра білу, салыстыру..

Әдіс – тәсілдері:
1. Балық пішіндерін айыру.
2. «Кім жаңылыспайды» 1 - 10ға тура және кері санау.
3. «Қандай сандар жетіспейді»
4. Шортан мен алабұғаны салыстыру. Санау Жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.
5. Сергіту жұмысы.
6. Маржан моншақтарын санау.
7. Сурет ішіндегі балықтару. Оңға 5 балық, солға 5 балық.
8. Алдында 3 балық, артында 2 балық. Балықтар бірінен соң бірі келе жатыр.
9 .Сұрақ –жауап.
Көрнекілігі. Пішіндер, сан таңбалары, балықтардың суреттері
Қиыршық ішіндегі моншақтар, су және «Алтын Балық» кеме.

І.Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері .
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Бір - бірімізге қарап күлімдейміз.
Мұғалім: Жарайсыңдар, барлықтарыңның жүздерің күлімдеп, жайнап кеттіңдер. Олай болса бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Апта күндерін сұрау.
Бір аптада неше күн бар?
Балалар: 1 аптада 7 күн бар.
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
Күн жылынады, күн ұзарады. Ағаштар бүршік атып жатыр, құстар жылы жаққа келіп жатыр. Адамдар жеңіл киіне бастады.
ІІ.Негізгі бөлім.
-Балықтар қайда тіршілік етеді?
-Балықтар суда тіршілік етеді, сусыз тіршілік ете алмайды.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді бәріміз кемеге отырып, теңізге барып, су асты балықтарын тамашалайық. Балалар кемеге отырады, кеме гуілдейді ы - ы - ы - ы. Балалар кемеге отырып келе жатқанда музыка әуенімен: Қатты толқын соғып, кеме суға кетеді. Балалар жүзіп су жағасына шығады. Бір бала су астындағы торға түсіп оралып қалады.
-: Су астындағы «Алтын балықты» көмекке шақырады. Алтын балық – деп айқайлайды.
Алтын балық: Саламатсыздар ма балалар! Мені неге шақырдыңдар?
Балалар: Алтын балық бізге көмектес.
Мұғалім: Біздің бір баламыз су астындағы торға оратылып қалды.
Алтын балық: Достарыңды құтқарамын, бірақ менің сендерге қоятын тапсырмаларым көп соны орындайсыңдар.
Балалар: Уәде етеді.
Алтын балық: Баланы тордан босатады.
Алтын балыққа балалар рахмет айтады.
- Ендеше балалар алтын балықтың тапсырмасын орындайық. Қандай тапсырмаларыңыз бар?
Алтын балық: балалар сендер су астына түстіңдер онда не көрдіңдер?
Балалар: Әр түрлі пішіндегі балықтарды, ұсақ шөптерді, қайышық тастарды, сегіз аяқтарды, жұлдыз құрттарын.
Алтын балық: Олай болса
1 - тапсырма. Балықтардың пішінін айыру.
2 - тапсырма. «Кім жаңылыспайды» 1 - 10 ға дейін тура және кері санау.
3 - тапсырма. «Қандай сандар жетіспейді?»
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа.. 2.. 5.. 8.. 10
4 - тапсырма. Шортан мен алабұғаны рет санымен қоя отырып санау, салыстыру, жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.

ІІІ. Сергіту сәті . «Жүзуді үйренеміз».
Сылдырлайды теңіз суы (қояды төмен сермелеу)
Теңіз суға денеңді жуу (денеңді жуу)
Қояды артқа сермейіп (қояды артқа сермеу)
Балық болып жүзейік (ирелеңдеп жүзу)

3бөлім. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Барлық бала қиыршық тастарды су жағасынан жинап алады.
5 - тапсырма. Қиыршық ішіндегі Маржан моншақтарын санай отырып қанша моншақ болса сонша санды қою.
4 бөлім. Суретті карточка бойынша жұмыс.
6 - тапсырма. Сурет ішіндегі балықтардың қай бағытқа жүзіп бара жатқанын сұрау.
Оң жаққа Сол жаққа
5балық 5балық
Барлығы 10 балық.
7 - тапсырма.
Алабұға Шортан
1, 2, 3, 4, 5 алдында 3 балық, артында 1 балық
Бірінің артынан бірі кетіп бара жатыр.
Алтын балық: Рахмет балалар. Тапсырмамды жақсы орындадыңдар, мынау менің сендерге сыйлығым. Алтыннан жасалған тәттілерімді ала келдім. Сау болыңыздар. Мен теңізіме қайтып оралайын.
Бала тілегі: «Жаратқаның жар болсын, алтын балық жүре берші теңізде, асыр салып» деп тілек айтады.
Мұғалімі: Балалар көрдіңдер ме алтын балық тек қана жақсы тілектерді ғана орындаған. Сендерге риза болып кетті.
ІҮ. бөлім. Қорытындылау. Су астындағы балықтарды қайталап сұрау.

ІІ.Негізгі бөлім.
-Балықтар қайда тіршілік етеді?
-Балықтар суда тіршілік етеді, сусыз тіршілік ете алмайды.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді бәріміз кемеге отырып, теңізге барып, су асты балықтарын тамашалайық. Балалар кемеге отырады, кеме гуілдейді ы - ы - ы - ы. Балалар кемеге отырып келе жатқанда музыка әуенімен: Қатты толқын соғып, кеме суға кетеді. Балалар жүзіп су жағасына шығады. Бір бала су астындағы торға түсіп оралып қалады.
-: Су астындағы «Алтын балықты» көмекке шақырады. Алтын балық – деп айқайлайды.
Алтын балық: Саламатсыздар ма балалар! Мені неге шақырдыңдар?
Балалар: Алтын балық бізге көмектес.
Мұғалім: Біздің бір баламыз су астындағы торға оратылып қалды.
Алтын балық: Достарыңды құтқарамын, бірақ менің сендерге қоятын тапсырмаларым көп соны орындайсыңдар.
Балалар: Уәде етеді.
Алтын балық: Баланы тордан босатады.
Алтын балыққа балалар рахмет айтады.
- Ендеше балалар алтын балықтың тапсырмасын орындайық. Қандай тапсырмаларыңыз бар?
Алтын балық: балалар сендер су астына түстіңдер онда не көрдіңдер?
Балалар: Әр түрлі пішіндегі балықтарды, ұсақ шөптерді, қайышық тастарды, сегіз аяқтарды, жұлдыз құрттарын.
Алтын балық: Олай болса
1 - тапсырма. Балықтардың пішінін айыру.
2 - тапсырма. «Кім жаңылыспайды» 1 - 10 ға дейін тура және кері санау.
3 - тапсырма. «Қандай сандар жетіспейді?»
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа.. 2.. 5.. 8.. 10
4 - тапсырма. Шортан мен алабұғаны рет санымен қоя отырып санау, салыстыру, жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.

ІІІ. Сергіту сәті . «Жүзуді үйренеміз».
Сылдырлайды теңіз суы (қояды төмен сермелеу)
Теңіз суға денеңді жуу (денеңді жуу)
Қояды артқа сермейіп (қояды артқа сермеу)
Балық болып жүзейік (ирелеңдеп жүзу)















Тура және кері ретпен санау

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A бөлім: Сандар туралы ұғым

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З


Сынып: 1А

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақ тақырыбы

Тура және кері ретпен санау

 

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме)

1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау


Сабақ мақсаттары

Оқушыларға 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санау дағдыларын қалыптастыру, заттардың санын анықтау дағдысын бекіту


Жетістік критерийлері

1-ден 10-ға дейін тура және кері санай алады


Тілдік мақсаттар

Тірек сөздерді үш тілде айту

Тура ретпен санау-прямой порядок

Кері ретпен санау-обратный порядок


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды ұқыптылыққа жинақылыққа баулу


Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі орыс тілі пәнінімен тірек сөздерді қодану арқылы байланыс орнату


АКТ қолдану дағдылары

Кері ретпен санауға байланысты бейнежазба көрсету


Бастапқы білім

Оқушылар 10 көлеміндегі заттарды санауды біледі.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




Сабақтың басы

 

(Ұ)Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік, 
Күлкіменен түлейік! 
Қабақ түйген не керек, 
Көңілді боп жүрейік! 
Кел, балалар, күлейік! 
Күлкіменен түлейік! 
Күлкі көңіл ашады, 
Күліп өмір сүрейік! 

ОМ таныстыру

Бүгін сабақта  тура және кері санауды үйренесің.

Ойын. «Көршілер».Берілген сандардың көршілерін табу

...2...  ,  ...7... ,....8..., ...10...

 

 

 

10, 20..... 100-ге дейінгісандарқатары бар карточкалар




Сабақтың ортасы

 

(Ұ) Оқушылардың санау туралы білім деңгейін анықтау үшін санамақ айту.

Кел санайық санамақ, 
Саусақтарды даралап. 
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы. 
Ортан терек - кезекші, 
Шылдыр шүмек - көмекші. 
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан. 
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен. 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз.

(Ұ) Айналадағы заттардың барлығын санауға бола ма? Қалай ойлайсыңдар? Қай заттарды санауға болады? Айналадағы қандай заттар санауға келмейді? - Аспанда неше бұлт бар?

-Кеспірқосақтың неше түсі бар?

-Сабынның неше көпіршігі бар?

-Неше су тамшысы тамды?

Осы сұрақтарға жауап беру мүмкін бе?

Қолмен ұстауға келмейтін заттарды санауды зерттеу : дыбыстар, бұлттар, көпіршіктер, көлеңкелер:

  • Санауға болатын заттарды атаңдар

Мысал келтіріңдер.

Оқушыларға 1-10-ға дейін санауға тапсырма беру

Сан тузуінде сандарды ретімен орналастыру.

Тақтаға 10 оқушыны шақырып олардың қолына 1-10-ға дейінгі сандар жазылған кеспе қағаздар үлестіру және ретімен тұруын тапсыру. Ретімен тұра алмаған жағдайда санау жұмысын ұйымдастыру.

Осылайша санау тура санау деп аталатындығына көз жеткізу. Келесі он оқушыны шақырып 10 санынан бастап 1-ге дейін ретімен тұруын өтіну. Енді санауды үлкен саннан бастап санап көруін өтіну. Санаудың бұл түрі кері санау екендігін оқушыларға түсіндіру.

Кері санауды бұрын байқадыңдар ма?

Таймер, зымыранды ұшырудағы уақыт т.с.с

Мысал келтіріңдерші.Кері ретпен санауға байланысты бейнежазба ұсыну.

Оқулықпен жұмыс (8-бет)

1-10-ға дейін тура ретпен санау.

10-нан 1-ге дейін кері ретпен санау

Тірек сөздермен жұмыс.

Тура ретпенсанау-прямой порядок

Кері ретпен санау-обратный порядок

Көрнекіліктерді қолдана отырып заттарды санау

Сан тізбегіне алманың суретін іліп тура ретпен санау.

Алмаларды кері санату, санау барысында тірек сөздерді қолдануға баса назар аудару.

Сергіту сәті (Қимылмен көрсету)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

(Қ) Оқушыларға қарындаштар, таяқшалар ұсынып тура санауын бағалау.

10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен  санау

Оқулықпен жұмыс (9-бет)

Тура және кері ретпен санау

(Ж) Әр басқышқа басқан сайын сандарды атап баспалдақпен көтерілу және төмен түсу. Сен қандай ретпен санадың?

«Тура және кері ретпен сана»тапсырмасы:іздер мен есіктердегі түсіп қалған сандар орнын анықтау.

(ОТ)

4 тен бастап10 ға дейін санау

1 ден бастап8-ге дейін санау

Дидактикалық материалдармен жұмыс

Тірек сөздерді үш тілде есте сақтау үшін ойын ұйымдастыру

Шарты:

Бір оқушы тура ретпен санау тірек сөзін бір тілде айтады,қалғандары ретімен тұрған үш санды тура санайды. Санды бірінші атаған оқушы санды екінші тілде айтады.Қалған оқушылар басқа үш санды айтады.Осылайша тірек сөзді үш тілде айтқызу

Дәптермен жұмыс (6-бет)

Тура ретпен санап түсіп қалған сандарды жаз.

Түсіп қалған сандарды қой.

2

 

4

Бағалау

 







Сабақтың соңы

Тура санау дегеніміз не?

Кері санау дегеніміз не?

Ұстай алмайтын заттарды санай аламыз ба?

 







Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп сіздік техникасының сақталуы.



Түсіп қалған сандарды тап.

1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10.

10, 9, 8, 7, 5, 4, 3, 2, 1

Оқушылардың тура және кері санау дағдысын бақылау арқылы бағалау

Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы қарастырылады







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3816
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі