400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тура және кері ретпен санау 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме қажет болып қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сандар мен цифрлар

Мектеп: № 265

Мұғалім: Косанова Самал

Сыныбы 1

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

    1. Натурал сандар және 0 саны.Бөлшектер. Тура және кері ретпен санау.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

1.1.1.1.Санау барысында натурал сандардың реттік нөмері анықталатындығын түсіну. 10 көлеміндегі тура және кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

1.1.1.2.Бір таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.

1.4.3.1.10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

*10 көлемінде тура және кері санап, натурал санның қатарын анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

*Натурал санның реттілігін анықтап, жаза алады.

Кейбір оқушылар:

*Натурал санның құрамын анықтап, мәнін табады.

20 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды.

Бағалау критерийлері

* 1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды.

*Сандар ретін анықтап,жазады.Сандар құрамын біледі,есептейді.

*Бір таңбалы сандарды оқиды,жазады және салыстырады.

*10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастырады.

Тілдік мақсаттар













Оқушылар:

* Тура және кері ретпен санау дағдыларын қалыптастырып,10 көлеміндегі сандардың реттік қатарын біледі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

* тура ретпен санау,кері ретпен санау

Талқылау:

* Аспанда неше жұлдыз бар?

* Кемпірқосақтың түстері нешеу?

Жазылым:

*Түсіп қалған сандарды анықта.


Құндылықтарға баулу

Жауапкершілікті сезіне алатын, өз бетімен білім алуға ұмтылысы бар жеке тұлға қалыптастыру


Пәнаралық байланыс

Дүниетану - бұлттарды,жұлдыздарды санау

Сауат ашу - санамақ айту

Алдыңғы оқу

Натурал сандардың реттілігі туралы ұғым бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет жаттығулары

Ресурстар

Сабақ барысы

5мин2мин


1мин










2мин

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Ширату:«Санамақ білеміз бе?» 10көлеміндегі сандарға байланысты санамақ айту,заттың санын анықтау.

Кері байланыс: « Еркін микрофон » әдісі

*Санамақ айту арқылы не білдік?

* Айналадағы заттардың барлығын санауға бола ма?

* Қалай ойлайсыңдар?Қай заттарды санауға болады?Айналадағы қандай заттар санауға келмейді?

* Кемпірқосақтың неше түсі бар?

*Аспанда неше бұлт бар?Осы сұрақтарға жауап беру мүмкін бе?

*Санамақ айту арқылы санаудың қандай реттілігін анықтадық?

Топқа бөліну: «Көршілер достығы» әдісі

Санаудың тура және кері реттілігіне байланысты «Көршілер достығы» әдісімен 4 топқа бөлемін.

..2..4.. , ..7..9.. , 10..8.. ,..3..1..(1,3,5; 6,8,10; 9,7; 4,2;) ретпен топқа бөлу.

I -топ, II –топ, III – топ, IV-топ

















Сабақтың ортасы

27 мин


3мин














1мин






1мин




3мин














1мин






1мин






2мин















1мин





1мин






1 мин









2 мин





1 мин










1 мин





2 мин





1 мин








2 мин












1 мин

















2 мин














Сабақтың соңы


3 мин



Оқу мақсатымен таныстыру

Тура және кері ретпен санауды үйренеміз.


М.К.Ұ.Ж.

Миға шабуыл: «Орныңды тап» ойыны.

10 цифр бейнеленген суретті қима қағаз ұстаған он оқушы сандар реттілігімен тұрады, оқушылар санау арқылы тура ретпен (өсу р) санайды,10-нан 1-ге дейін 2-қатарға тұрғызу,санау арқылы кері (кему р) санату,кері санау екенін анықтайды.

1-ден 10-ға дейін тура санау (өсу реті).

10-нан 1-ге дейін кері санау (кему реті)




Кері байланыс: «Сиқырлы қалпақ» әдісі

Сандарды қандай ретпен орналастырдың?

1-ден 10-ға дейінгі сандарды қандай ретпен санадық?

Заттарды өсу ретімен санап шықшы?

Заттарды кему ретпен санап шықшы?


Бағалау: -Жарайсыңдар!


Т.Ж. ( топ басшысы, спикер, бақылаушы тағайындалады.) «Топтас,ойлас,бөліс» әдісі арқылы орындалады.Топ мүшелері өз рөлдерін бөліп алады.

I -топ II -топ

2,10,8,7,4,3,1 5,2,6,9,10

III – топ.IV-топ

1,5,8,10,3 10,6,2,4,8



Осы сандарды тура ретпен қой және жоқ парақшаларды жазып,сандар қатарын толықтыр.


Кері байланыс:«Серпілген доп» әдісі

- Парақшаларда қандай сандар берілген?

- Оларды қандай ретпен орналастырдық?

- Жоқ сандарды атай аласың ба?



Б ағалау:Топ бірін-бірі «Бағдаршам» әдісімен бағалайды

Өте жақсы

Жақсы

Орташа



Ж.Т. «Шыңға жет» әдісі бойынша жұптаса отырып орындайды.

Сандарды өсу және кему реті бойынша атап,баспалдақпен көтеріл және төмен түс.

Сен қандай ретпен санадың?Өмірде тау шыңына жетудің қаншалықты қиын екнін,ол үшін қажырлы еңбекпен күш қажет екнін ұғындыру.

Екі оқушы орнын ауыстырып, көтерілу мен төмен түсуді баспалдақтың басқа жағынан бастайды. Осылайша, жұптағы әрбір оқушы 1-ден 20-ға дейін тура және кері ретпен санайды.

Кері байланыс: «Серпілген доп» әдісі

1- жұптан шыңға қандай ретпен көтерілдің?(тура ретпен)

2 –жұптан шыңнан қандай ретпен түстің? (кері ретпен)

Балалар сендер қандай ретпен көтерілдіңдер,қандай ретпен түстіңдер?.


Б ағалау: Жұптар бірін-бірі «Бағдаршам» әдісімен бағалайды

Өте жақсы

Жақсы

Орташа


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Парталас көршісімен бірге «Бірге санаймыз!» ойынын ойнату. Мысалы,

1-ден 10-ға дейін тура ретпен санау:

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Бұл жерде сандар өсу реті бойынша саналды.

10-нан 1-ге дейін кері ретпен санау:

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

Бұл жерде сандар кему реті бойынша саналды.


Т.Ж. «Ізінен анықта» ойыны

5-мысық ізі,7-тауық ізі, 9-түйе ізі,6-қой

ізі,8-аю ізі деп алып,осы іздердің қай есікке кіретінін анықтату. Сол есікке тиісті аңның қимылы арқылы сонша қадам жасау арқылы кіру.

Кері байланыс: «Серпілген сауал» әдісі

-Іздерді тура және кері ретпен сана.Қандай сандар түсіп қалған?

-Есіктерді тура және кері ретпен сана.Қандай сандар түсіп қалған?


Б ағалау: Топтар бірін-бірі «Бағдаршам» әдісімен бағалайды

Өте жақсы

Жақсы

Орташа


Ұ.Ж. Әдісі: «Тапқырлығыңмен таныл» әдісі

А)4-тен бастап,10-ға дейін сана.

Б)8-ден бастап,1-ге дейін сана.

-3-тен 9-ға дейін сана,9-дан 1-ге дейін сана.


Кері байланыс: «Бақыт құсы» әдісі

- 4-тен бастап 10-ға дейін қандай ретпен санадық?

-4-тен 10-ға дейін сандар өсті ме ,әлде кеміді ме?

-8-ден бастап 1-ге дейін қандай ретпен санадық?

-8-ден 1-ге дейін сандар өсті ме,әлде кеміді ме?


Б ағалау: -Жарайсыңдар!


Ө.ж. Д. Ж.

« Кім жүйрік?» ойыны барысында түсіп қалған сандарды қою,оларды өз орнына жазу.


Экрандағы дұрыс жауаппен сейкестендіру.Өзін-өзі тексеру.

Кері байланыс: «Сиқырлы қалпақ» әдісі

*Тізбекте қандай сандар түсіп қалған?

*Түсіп қалған санды қалай анықтадың?

*Сызғыш бойында қандай сандар түсіп қалған?

*Түсіп қалған санды қалай анықтадың?

*Кір жайғыш жіпте қандай сандар түсіп қалған?

*Түсіп қалған санды қалай анықтадың?


«Жетістік баспалдағымен» өзін-өзі бағалау

Сараланған жұмыс

Қадамдар санын анықта,түсіп қалған сандарды жапырақтарға жаз.Бос тор көздерге сандарды кері ретпен жаз.

2)Түсіп қалған сандарды жаз.Оқушылар сандар қатарынан қай санның түсіп қалғанын табу үшін санау ретін анықтайды да,бос торкөздегі санды көрші сандар арқылы анықтап жазуы керек.


Қалыптастырушы бағалау парағы:

Тапсырма

Моншақтағы сандар тізбегін толтырыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

- тізбекті санай отырып,белгісіз санды жазады.

Кері байланыс жазбаша түрде беріледі.


Р ефлексия: «Санамақ »

Санамақ реттілігін АКТ-дан көрсетіп,еске түсіру арқылы кері айту. Мысалы:10-торпақ,9-тауық,8-саулық ... 1-бесік.Мінекей,біз сабақ басында санамақты сандық жүйеде тура ретпен айтсақ, ал енді кері ретпен айттық.Сонымен біз бүгінгі сабағымызда тура және кері ретпен санап үйрендік.

10 –түсіндім 5 - жартылай түсіндім 1–түсінбедім

Цифрларды бояу арқылы кері байланыс жасалады.






































доп


















Қима қағазда бейнеленген баспалдақ суреті






























































АКТ

























Саралау


Сабақ барысында топтық, жұптық, ұжымдық, жеке жұмыстар жүргізілді.Барлық оқушылар 10 көлемінде тура және кері санап,натурал санның реттілігін анықтап,жазды.Қабілетті оқушыларға түсіп қалған сандарды орнына қойып сандар реттілігін сақтауда қолдау көрсеттім.

Бағалау


Кері байланыс:

«Еркін микрофон»

«Сиқырлы қалпақ»

«Серпілген доп»

Бағалау:

«Бағдаршам» әдісімен


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сыныптағы қозғалыс кезінде парта ұшынан, қаламсаптан сақтану. АКТ-ны қолдану кезінде электр тогынан сақтану.






Сабақбойынша рефлексия


1.Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттары дұрыс

қойылған ба?


2.Оқушылардың

барлығы ОМ қолжеткізді

ме?


3.Жеткізбесе, неліктен?


4.Сабақтасаралаудұрыс

жүргізілдіме?


5.Сабақтың уақыттық

кезеңдерісақталдыма?


6.Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды,

неліктен?


Сабақ мақсаты нақты, қолжетімді, өлшемді, шындыққа негізделген.

Сабақтағы оқу мақсатымды құжаттарға негіздеп жасадым.





Натурал санның реттілігін анықтап, тура және кері санай отырып,өсу ретін,кему ретін анықтады.






Дағдыларын дамытуға бағытталған белсенді топтық, жұптық тапсырмалар ұтымды болды.


Сабақта уақытты тиімді пайдаландым.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Ұжымдық жұмыс,топтық жұмыс «Ізінен анықта» әдісі

2. Кері байланыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Жеке жұмыс барысында белсенді оқушы қалыптастыра алдым.

2.Ұжыммен жұмыс: «Орныңды тап» ойыны


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белсенді тапсырмалар арқылы белсенді орта құру. Оқушыға қабілетіне қарай тиімді тәсілдермен дағдыларды қалыптастыру үшін қосымша сараланған тапсырмалар әзірлеу керектігін білдім.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1982
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі