жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Туризм 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ортақ тақырып «Сәулет өнері» Бөлімше: Туризм
Сынып: 3 «Б»
|
Қатысқандар Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы |
Қала мен ауыл арасында қандай байланыс бар? |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.1.3.2 Қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру
|
||||
Сабақ мақсаттары (Күтілетін нәтиже) |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
||||
Бағалау критерийлері |
|
||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Мысаладар келтіре отырып, қала мен ауыл арасындағы байланыстарды көрсетеді. Қала мен ауылдың байланысы туралы әңгімелейді. Пәнге қатысты лексика мен терминалогия:
Талқылауға арналған сұрақтар: -адамдардың қандай қажеттіліктерін білесің? -экономика дегеніміз не? -Ел экономикасы үшін қайсысы маңыздырақ: қала немесе ауыл? Жазылым: Ата-аналарыңның мамандықтарын және олар экономиканың қай саласында жұмыс істейтіндерін жазу. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Патриотизмді дамыту Қазақстан Республикасының елді мекендеріндегі шаруашылық қызметі түрлерімен танысу, ел экономикасын дамытуда ауылдың рөлін түсіну арқылы көрініс табады. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі, әдебиет, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау. |
||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылар 1 сыныпта «Бізді қоршаған орта» және «Саяхат», 2 сыныпта «Қоршаған орта», «Саяхат» тарауларынан елді мекендердің түрін, еліміздің көрнекі жерлерін, туризмнің түрлерін, Қазақстанның көне қалалары мен ескерткіштерін біледі. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсілдер |
|||
Сабақтың басы. Ой қозғау
|
Сыныпқа атмосфералық ахуал орнату мақсатында «Кел ойнайық» әдісін пайдаланып ойын ойнатылады.Ойынның мақсаты ауыл мен қалада өндірілетін заттардың атаулары жұмбақ ретінде жасырып оқушылар шешеді.Жұмбақтың шешуін тапқан балаға құрт конфет үлестіріледі.Мысалы: Күрең қызыл түсі бар, Тағамдардың асылы. Қуат берер күші бар. (Таба нан) Ұрмай-соқпай жылатыды Әркім бірақ ұнатады. (Пияз) Аппақ ас, сызы бар Балалар қызығар (Балмұздақ) Әжем уыстап сығып, Далада кептірген Қатты әрі тәтті дәмін Кім бар екен жеп көрген? (Құрт) Шыр-шыр етеді Құлағыңнан өтеді. Ұстай алсаң Сөйлеп кетеді. (телефон) Бір мүйізді, бір көзді. (ине) Бұдан кір қоқады, Судан бұл қорқады. (сабын) Сырты жаз, Іші қыс. Бұл не? (тоңазытқыш) Жарайсыңдар балалар !Өте тамаша, рахмет. Енді балалар, киіз үйдің ішінен өзің қалаған суреттерді таңдап алыңдар деген тапсырма беріледі. -Балалар!Әрбір адамның үлкен болсын,кіші болсын,өз қажеттіліктері болады.Қажеттілік деген сөз нені білдіреді?Қажеттілік дегеніміз-адамның онсыз өмір сүре алмайтын керек нәрсесі және қалаған барлық нәрсесі.Аса қажетті, онсыз өмір сүре алмайтын ең басты қажеттіліктерді атаңдар.Оқушылар өз білетіндерін ортада жариялайды.Мысалы:Су, ауа, киім, тамақ, баспана.Осы аталған атаулар тақтаға жазылады.Су мен ауа-табиғаттың бізге берген сыйы.Ал қалғандарын қайдан алуға болады? Оларды қолмен жасау, өсіру және өндіру керек. Балалар, «экономика» сөзін естігендерің бар ма?Экономика дегеніміз-бұл адамдардың шаруашылық шаруашылық қызметі.Адамдар шаруашылық қызметпен айналыса отырып, тауарларды өндіреді.Тауар дегеніміз-сатуға арналған өнімдер.Тауарларды көзбен көруге қолмен ұстауға болады.Мысалы:қарындаш, ойыншық, ұялы телефон, кампютер.Сонымен қатар адамдар қызметті де қажет етеді. Қызметтер біздің өмірімізді жақсарта түседі.Мысалы шаштаразда ештеңе сатпайды, бірақ біздің шаштарымызды әр-түрлі шаш үлгісіне салып қияды.Сондай-ақ қызметтерді мұғалімдер, дәрігерлер, әртістер және басқа да көптеген мамандық иелері көрсетеді.Олар тауарды немесе затты өндіріп шығармайды, бірақ олардың еңбектері адамдарға үлкен пайдасын тигізеді.Осылайша экономикамен күнделікті кездесіп отырамыз.Мысалы сендер мектептерде,жоғарғы оқу орындарныда білім аласыңдар.Дүкендерге барып сауда жасайсыңдар.Демек экономика әрдайым қасымызда.Кейбір тауарлар қалада, кейбір тауарлар ауылда өндіріледі.Қала мен ауылдың арасында қандай байланыстың бар екенін бүгін білетін боламыз.Ал, ендеше бүгінгі тақырып қандай болмақ өз бетімізше болжап көрелік.Оқушылар сабақтың тақырыбын «қала мен ауыл арасындағы байланыс қандай?» деп анықтайды.Бүгінгі біздің мақсатымыз:қала мен ауыл арасындағы байланысты зерттеу,мысалдар келтіру. Бүгін біз экономиканың қандай салалары бар екенін анықтайтын боламыз. Алдын ала дайындалған ауыл мен қаланың арсаындағы байланыс туралы бейнебаянды интербелсенді тақтадан тамашалау тапсырылады.
* қала мен ауылдың шаруашылық қызмет түрлерін ажыратады. * Топ аттарына байланыстыра отырып тапсырмаларын ортада жариялайды. |
«Кел ойнайық» әдісі арқылы шеңбер жасап тұрып жұмбақ шешеді.
«Мен таңдаған сурет» әдісі арқылы таңдаған суреті бойынша топтарға бөлініп отырады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сыни тұрғыда сұрақтар қойылып жауаптар алынады.
«Ойлан, бөліс, бірік» әдісін пайдаланып оқушылар берілген тапсырманы топта орындап талқылайды. |
|||
Сабақ ортасы
Сабақтың соңы Қорытындылау.
Кері байланыс
|
«Ауылға барғым келеді» атты бейнебаянға сергіту жаттығуы жасатылады.
Жеке жұмыс. «Менің ойым» әдісі арқылы оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсыраманы орындайды. Жұптық жұмыс. «Көршіңді бағала» әдісін пайдаланып оқушылар өздерінің көршісінің жұмысын бағалайды. Егер дұрыс болса + деген таңба қойылады. Дескрипторлары:
|
Сергіту жаттығуы орындайды.
«Көршіңді бағала» әдісі бойынша жұппен жұмыс жасайды.
«Күн мен бұлт» әдісі арқылы өзін бағалайды.
«Галерияға саяхат» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысына саяхат жасайды.
Кері байланыс Жетістік баспалдағына өзін көрсетіп іледі.
|
|||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||
Қабілеті жоғары оқушылар үшін қала мен ауыл туралы 5 жағымды (плюс) және 5 жағымсыз (минус) жақтарын жазуды ұсыныңыз. Сондай-ақ, қала мен ауылдың мамандықтарының тізімін жасап, қандай заңдылық барын зерттеуді тапсыруға болады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға жеке тапсырмаларды орындауда сюжетті суреттер мен мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы қолдау көрсетілуі мүмкін. |
Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Зерттейміз» тапсырмасында оқушылардың жазба жауаптарын өзара тексеру арқылы бағалауға болады: «Ауыл – қалаға: азық-түлік, шикізат, мақта, т б». «Қала – адамға: трактор, ауылшаруашылыққа қажет заттар т.б». Дұрыс жауапқа «+» белгісі қойылады. Топтық жұмыста әрбір оқушының үлесін қадағалан жөн. |
Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген