Туризм
– табыс көзі
Әлем
тез дамып келеді. Күннен күнге жаңа
мамандықтар пайда болып жатыр. Заңгер,
қаржыгер, бухгалтер сынды мамандар көп
екені бәрімізге мәлім. Ал қазіргі жастар
жаңа салада жұмыс істегісі келеді. Жаңа
заманның талабына сай маман атану –
табысқа жеткізетін жол. Бүгінгі
күні Қазақстанда жаңа сала – туризм
индустриясын дамыту мемлекет тарапынан
қолға алынып жатыр. Сондықтан туризм
мамандығы бойынша білімі бар тұлғалар
біздің қоғамымызда үлкен сұранысқа ие
деуге болады. Қазақстан
Республикасында туризм индустриясы
мемлекеттік деңгейдегі экономика
саласынның басым бағыттары және білікті
мамандардың жетіспеушілігімен танылған.
Туризм адамдардың қарым-қатынасын,
танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен
өнердің дамуына, ел экономикасының
өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел
мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік
туғызады. Туризм кез келген мемлекет
үшін экономикалық қарқыны төмендемейтін
саласы болып келеді. Себебі, туризм
экономикалық жағдайдың жақсаруына
үлкен ықпалын тигізеді. Пайдалы қазбалар
қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді
дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп
отыр. Қазіргі
кезде адам қызметінің әр түрлі формалары
бар, олар жалпы жағдай жасауға және
әлемді тануға бағытталған. Халық
тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға
адамның қажеттілігін, соның ішінде
саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат
дегеніміз – туризм. Туризм тек орын
ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық
және әлеуметтік аспектілерді құрайды.
Туризм
- сарқылмас табыс көзі. Олай дейтін
себебім, қазір күніміз қарап отырған
мұнай, газ және көмір секілді пайдалы
қазба байлықтарымыз қашан сарқылатыны
белгісіз. Бұлай деп қарап отырмай біз
өзімізді асырайтын жаңа салаларды
іздестіруіміз керек. Осы орайда, туризм-
шығынсыз және көп күшті қажет етпейтін,
үлкен кіріс кіргізуге қауһарлы сала
десем қателеспеген шығармын. Бұл астарды
ерте түсінген басқа да дамыған мемлекеттер
туризмді іс- жүзінде дамытып, қазір
соның жемісін көріп отыр. Туризм өз
бойына байлық пен іскерлікті, салалық
қызметті, этиканы жинаған алып құрылым.
ҚР
Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №
919 Қаулысымен бекітілген Нәтижелі
жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған
бағдарламасының бірінші бағыты –
бағдарламаға қатысушыларды техникалық
және кәсіптік біліммен және қысқа
мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз
ету бағдарламасының орындалу мақсатында
Жамбыл политехникалық колледжінде
Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының
қажеттілігіне сәйкес жаңа «Туризм»
мамандығы ашылды.
Жамбыл
политехникалық колледжі
Экономикалық
арнайы пән оқытушысы
Алуа
Сейдаханқызы