Материалдар / Тыс шара "Тәуелсіз елім - Қазақстаным"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тыс шара "Тәуелсіз елім - Қазақстаным"

Материал туралы қысқаша түсінік
• Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2021
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін:


Тақырыбы: Тәуелсіз елім - Қазақстаным

Мақсаты:

  • Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

  • Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

  • балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

Кіріспе.

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.


- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және оқушылар. “Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты тыс шара қош келдіңіздер! Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.


(Мұғалім сөзі:

«Ой ашар» сұрақ - жауап әдісі

- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

- Біздің Отанымыз -....

- Біз қай ұлтпыз?

- Қандай Республикамыз?

- Қай жылы тәуелсіздік алдық?

- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?

Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы. ( әнұран, көк байрақ, елтаңба)


Оқушылар өлеңдерін оқиды

Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.

Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады. Дамир


Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өреңдер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ертіктерін мәңгілік сақталады Перизат

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалар мен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық Райымбек


Мен Қазақстанымды шексіз сүйемін.

Қазақстан - елім менің

Отаным - жерім менің

Өзіңнен өскен тарап

Ата - бабам тегім менің Нарслу


Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады. Диляра


Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел — Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан. Мадина


Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам Досқали


Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі. Ибрагим


Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам. Әбділвахаб


Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің! Айеркем

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Аяулым



Мұғалім сөзі

1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.


Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды 1 минут еске алып, олардың рухтарына тағзым ету біздің парызымыз.
(1 минут үнсіздік).



Көрініс

- «Жастардың көтерілісі »


Студенттер жазып жатады...

Қоңырау соғылады.

Абдулвахаб: Қыздар жігіттер қыздар жігіттер естідіңдер ма? Қонаевты алып тастап,оның орына қайдағы жоқ Колбинді сайлап қойыпты.

Перизат: Кім ол?.Оны біз танымаймыз ғой

Дамир: Мұнша қорлағаны қалай?

Перизат: Өзгенін айтқанына көніп,алдауына жүре беретіндей біз сонша,жасық.жігерсіз сорлы халық па едік?

Жоқ,жоқ;жоқ барлығы хормен

Диляра:Неге алаңға,үкімет үйіне бармаймыз? Өз ойымызды айтуға құқығымыз бар ғой!

Құқығымыз бар! хормен

Абдулвахаб: Мен атылуға баруға жайым жоқ, тек бейбіт тілде ойымызды білдірейік

Хормен Ойымызды білдірейік

Диляра: Өз жеріміз үшін, еліміз үшін білдірейік. Біз де ел де, жер де жоқ.Мекемеге барып бір жапырақ сөзді қазақша толтыра аласын ба? Жиналыста бір ауыз сөз қазақша айта аласын ба?Елдің бәрі қазақ бір орысты көрмейсің

Абдулвахаб Біз не істесек те бәріне көне береді дейді ма? Ау Алаштың баласы? Қашанға дейін шыдаймыз?

Кеттік,біз алаңға барамыз,барамыз! Хормен

Колбин кетсін! Колбин кетсін! Хормен

Ибрагим: Доғарыңдар!

Аааааааааа шыңғырамыз

Таяқпен ұрып жатады

Ибрагим, Досқали: Кетіңдер! Алып кет! (сүйреп әкетеді).


Қорытынды

Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ

Хор: Көк тудың желбірегені

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!