400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тыс-шара:"Тарихи кеш" 7-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тарихи кеште оқушылардың патриоттық сезімдерің және отанға сүйіспеншіліктерін ояту басты мақсатымыз!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тарихи кеш

Мақсаты: Патриоттық сезімдерін ояту.Өз Отанына сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер:қылыштар, суреттер, пышақтар, найза.

Саламатсыздар ма ұстаздар , оқушылар, қонақтар!

Бүгінгі біздің тарихи кешімізге қөш келдіңіздер!

1 қойылым: Мөде-ғұн білеушісі.

Мөде рөлін ойнаған-Сағын Мейрамбек

Уәзірлер- Тельманова Алима, Сагиданов Жансерик, Балуанова Дильназ,Кайбалдинов Әли.

Елшілер-Асылхан Толғанай, Жуламанова Ұлшай, Кожранов Улан.

Әйелдері-Мендыбаева Алия, Уразмухамбетова Зарина, Мусабаева Даяна.

Жауынгерлер- қалған оқушылар.

Б.з.д. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың IV ғасыр аралығында ғұндар мекендеген. Қытай деректерінде ғұн мемлекетінің бастапқы тарихы былай пайымдалған: Мөде өз әкесімен болған күресте билікті қолына алды. Өзара қырқысу туралы естіген шығыс көршілері жағдайды пайдаланып, со,ыс жариялауға бел байлады.Бір күні көрші ел Дүнхудың елшілері Мөдеге келіп, одан өзінің ең жақсы атын беруді талап етті. Бұған оның уәзірлері қорланып,Дүнхуды жазалау үшін соғыс бастауды өттінді.Алайда Мөде Көрші отырған адамдардан бір ғана атты аяудың қажеті не?» деп , өзінің сүйікті атын беруді бұйырады.Біраз уақыт өтеннен кейін елшілер қайта келіп, патшалықтағы Мөденің ең сұлу әйелін беруді талап етті.Уәзірлер кеңесі бұл қорлыққа шыдай алмай, құтырған көршілерді жазалау үшін, соғыс бастауды тағы да талап етті. Мөде әйелін беріп жібереді.

Дүнху үшінші рет, елшілерін жібереді, шекаралық біраз жерді беру талабын қойды.Ол мал жаюға қолайсыз және ешкім тұрмайтын, шағын ғана бос жатқан жер еді.Мөденің уәзірлері мұндай қолайсыз тулақтай жер үшін араздасудың қажеті жоқ шығар деп шешіп: «Беруге де, бермеуге де болады» десті.Мөде сонда ашуланып: « жер дегеніміз-мемелекеттің негізі, оны қалай береміз» деді. Әскерін жиып, Дүнхуға шабуыл жасады, оны талқандап, олардың аумағын өзіне қосып алды. Мөде басқарған ғұн державасы осылай пайда болды.

2 қойылым:Томирис –сақ патшайымы.

Томирис патшайымы рөлін ойнаған –Калиева Ақбота

Спаргапис-Кайбалдинов Әли

Кир-Кульманов Ерболат

Б.з.б. 530 жылы сақ жерінде Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді.Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді.кир әскерлерімен сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ.

Сақ патшайымы келіссөз жүргізуден бас тартады.Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады.Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді.Кир әскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол құлық ойлады:әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңнан қуып, тәжірибесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалды.Баласының өайтыс болған естіп, Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанады. Нәтижесінде Томирис әскерімен жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.

3 қойылым: Шырақтың ерлігі.

Шырақ рөлін ойнаған -Уразмухамбетов Ахмедияр

І Дарий- Беркін Аян

Жауынгерлер -қалған оқушылар

Б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы шабуыл жасайды. Бұл жорықты І Дарий патша басқарады.Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.

Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді.парсы әскерлерін сақтарға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз шөлге апарады.Парсының шапқыншы әскерлері шөлден қырылады. Ақырында Шырақ оларға: «Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім.енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» деп, ерлік көрсетіп, парсылардын осылай кек алады». І Дарий көптеген әскерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай персияға қайтуға мәжбүр болады.Шырақ сияқты жауынгерлің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

Осымен тарихи кешіміз өз мәресіне жетті!Қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
674
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі