Туы биік, тұғыры берік Қазақ елі
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа!
А.Байтұрсынұлы
Халқымызда «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақыл бар. Расында, кез келген елдің іргесі берік, еңсесі биік болуы үшін, ең алдымен, бірлігі бекем болуы шарт.
Бүгінде Қазақстан Республикасы көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ мекеніне айналған қасиетті шаңырақ. Осы шаңырақтың түтіні түзу шығу үшін бізге татулық пен бірлік керек.
Осы орайда, мен бірлік сөзін тек басқа ұлттармен өзара келісімде өмір сүру деп қана түсінбеу керек екенін атап өткім келеді. Себебі, Отанның тыныштығы – әр отбасының татулығынан басталады. Қазақта «бір күні ұрыс болған үйде, қырық күн ырыс болмайды» деген сөз бар. Демек, әрқайсымыз өз жанұямызда ата-анаға, бауырларға, ағайын-туыс пен көрші-қолаңға ілтифат танытатын адам болсақ, ел бірлігіне де сөзсіз үлес қосқан болып саналамыз.
Байқасақ, қазір елімізде өте көп отбасылық зорлық-зомбылық қылмыстары орын алып жатыр. Бір отбасының ішінде ерлі-зайыптылардың, ана мен баланың, аға мен қарындастың арасында жаға ұсатып, жан сыздатар ауыр қиянаттар болғанын естіп жүрміз. Мұндай оқиғалардың жиілеп кетуі басқаларымызға сабақ болуы керек. Бұл отбасыдағы тәрбиенің әлсіреуінен, адамдардың бір-біріне деген мейірімнің болмауынан шыққан қасірет. Кез келген қылмыс пен зұлымдықтың артында қолдау, махаббат, мейірім таппаған жүректер бар екенін есімізге алайық.
Отбасы мүшелері бір-бірімен жылы қарым-қатынаста болып, бір-бірінің мәселелеріне немқұрайлы болмаса, қиындықта қолдап, қуанышта жанынан табылса – бірлік деген бармақтай бақыт, мызғымас алып қамалға айналады.
Екіншіден, бірлік – бұл өзіміз өмір сүріп отырған әлеуметті, әлемдегі барлық адамзатты жақсы көру. Осы қоғамға зияныңды тигізбей өмір сүру, жақсы бастамаларға, ізгі амалдарға дайын болу және осы елге үлес қосу – бірлікке апаратын қарапайым қадамдар деп ойлаймын.
Үшіншіден, бірлік дегеніміз елімізде тұратын басқа этнос өкілдеріне, басқа елден көшіп келген қандастарымызға құрмет көрсету, оларды қоғамнан бөлмей, сыйлау қасиетімізден байқалады. Егер, бір мемлекеттің ішінде біз адамдарды «қазақ», «метис», «діндар», «оралман» деп бөлшектеп қарасақ, өз ішімізде жүзге, руға бөлінсек еліміздің тыныштығына нұқсан келеді. Ынтымағымыз ыдырайды. Сондықтан, бәріміз бір Отанның азаматы ретінде бірлікке бекем болуды өзімізден бастауымыз керек. Адамдарды әлеуметтік жағдайына, лауазымына, тағы да басқа тапқа бөліп қарамауға тырысайық. «Өспейтін ел өнбейтін дауды қуалайды» деген халық сөзін қаперімізде ұстап, қоғам арасына іріткі салатын даулы мәселелерге, алып-қашпа әңгімелерге ермейік дегім келеді.
Төртіншіден, бірлік – елдің басшысына бағыну, бір бағытқа қарай жұдырықтай жұмылудан басталады. Бір елде тұрып жатып, әртүрлі мүддені көздейтін адамдар ешқашан жеңіске жетпейді. Ахмет Байтұрсынов «Аққу, шортан һәм шаян» атты мысалында:
«Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас» деп бірліктің маңызын түсіндірген. Демек, бірлік деген ол өзің өмір сүріп отырған қоғамның заңдарына бағыну, өзгенің құқығына құрметпен қарау, айналаңмен ауызбіршілікте болу сияқты қарапайым қағидалардан басталады
Қазақ халқы үшін береке мен бірлік қашаннан қастерлі түсінік. Біздің танымымзда «бөлінгендібөрі жейді», «жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас», «көп түкірсе – көл», «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сияқты бірлікке шақыратын ғибратты сөздер өте көп. Тарих парақтарына үңілсек халқымыз небір қиын шақтарды артта қалдырды. Ашаршылық, соғыс, тәуелсіздік үшін күрес... Сондай ауыр сынақтардың бәріннен бізді адастырмай алып шыққан ұлы күш – бірлік!
Бірлік – елдің қасиетті қазынасы. Бірлігі бар елде бейбітшілік қанатын жаяды. Қазақ халқы басынан қандай зұлмат күндер өтсе де біреуге қиянат жасауды, біреумен жауласуды құп көрмеген. Бірлікті, татулықты қара басының қамынан жоғары қойған. Біздің әрқайсымыз өз жақындарымызбен жарасты ғұмыр кешуді, ізгі қоғамның ізгі адамы болуды қолға алуымыз керек. Сонда ғана, біздің Қазақстан деген ортақ шаңырағымыздың туы биік, тұғыры берік болмақ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз