Алгебра
пәні бойынша 10 ___ сынып оқушысының
өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың
нөмірі:80
Сабақтың
тақырыбы: Кездейсоқ шамалар.
Мақсаты:
1.Кездейсоқ
шаманың анықтамасын айту;
2. Кездейсоқ
шама абсалюттік жиілігін ,салытырмалы
жиілігін табуға есептер шығару;
Конспект
Оқулық
Алгебра және анализ бастамалары 11 Алматы
«Мектеп» 2015ж.
Сабақ
барысы:
Өткен
тақырыпты қайталау:
1.Кездейсоқ
шама дегеніміз не?
2.Кездейсоқ
шамалар:
а) бір
тәулік ішінде жедел жәрдем қызметіне
соғылған қоңыраулар саны ;
ә)ойын
сүйегін бір рет лақтырғанда 5 ұпайының
түсуі кездейсоқ шама бола ма?
б)сенбі
күні таңертең №17 троллейбустың кешігуі
ше?
1-мысал.Жабық
қорапта 6 ақ және 4 қызыл шар бар. Қораптан
кездейсоқ алынған шардың ақ түсті болуы
ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі:А
оқиғасы қораптан алынған шардың ақ
түсті болатынын білдірсін.Онда 10 бірдей
мүмкіндікті элементар оұиғалар ішінен
6-уы А оқиғасына қолайлы.Сондықтан
формула бойынша
Р( А)=
=0,6
Жауабы:
Қораптан кездейсоқ алынған шардың ақ
түсті болуы ықтималдығы 0,6 -ға тең.
2-мысал.20
дан аспайтын кездейсоқ бір натурал сан
алынды.Осы санның:1)5-ке еселік; 2)3-ке
еселік; 3)жай сан; 4)құрама сан болуы
ықтималдығын табыңдар.
Шешуі:
1)5-ке еселік 20 –дан аспайтын сандарды
жазайық:5;10;15,20. Р( А)=
=
=0,2
2)3-ке
еселік 20 –дан аспайтын сандарды
жазайық:3;6;9;12;15;18. . Р( А)=
=
=0,3
3) 20 –дан
аспайтын жай сандарды теріп
жазайық:2;3;5;7;11;13;17;19. Р( А)=
=
=0,4
4) 20 –дан
аспайтын құрама сандарды теріп
жазайық:4;6;8;9;10;12;14;15;16;18;20. Р( А)=
Тапсырма:
1.Техникалық
байқау бөлімі кездейсоқ алынған 100
кітаптың арасынан 5 жарамсыз кітап
тапты.Жарамсыз кітаптардың кездесу
жиілігін анықтаңдар.
2.Өнімділігін
тексеру мақсатында 200 дән егілді және
олардың 170-і өніп шықты.Егілген әрбір
1000 дәннің орта есеппен нешеуі өніп
шығады?Жеке дәннің өніп шығу ықтималдығын
бағалаңдар.
3.Ұзындықтары
2 см, 5см, 6см және 10см болатын таяқшалардан
кездейсоқ үш таяқша алынды.Алынған
таяқшалардан үшбұрыш құрастыру
ықтималдығы қандай?
4.Оқушы
екі таңбалы санды кездейсоқ таңдады.Ол
санның 2-ге және 9-ға еселі болу ықтималдығын
табыңыз.
Әзірлеуші:
Сапарбекова Ш.Т
№178
лицейдің математика пәні мұғалімі
Алматы
қаласы Білім басқармасының Қалалық
білім берудегі жаңа технологиялардың
ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен
ұсынылып отыр.