400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туыстық қарым-қатынас-баға жеспес байлық» атты аталармен кездесу

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туыстық қарым-қатынас-баға жеспес байлық» атты аталармен кездесу өткізілген болатын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы «Туыстық қарым-қатынас-баға жеспес байлық»

атты аталармен кездесу


Ұйымдастыру кезеңі (5 қадам әдісі арқылы аталарды ортаға шақыру)

Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды.

Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, өнеге-өсиетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Осыған орай №1 мектеп-лицейде өткізіліп отырған «Туыстық қарым-қатынас-баға жеспес байлық» атты іс-шараға аталармен кездесу ұйымдастырылып отыр. Қонаққа әр сыныптан ата мен немере қатыстырылды.

Мақсаты: Туыстық қатынастың маңыздылығы туралы түсіндіру;

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу; адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру; туыстық қатынастар туралы түсініктерін дамыту;

Балаға ата-тегін, жеті атасын білуге тәрбиелеу;

Ата-бабаға деген құрметке тәрбиелеу.


Жоспары:
1. «Сөздің көркі-мақал» Мақал-мәтелдерді жалғастыру
2. Қол өнер (аталар қамшы өрімінің түрлесін көрсету)
3. «Салт-дәстүрді білесіз бе?» Сұрақ-жауап
4. Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер
5. Батаменен ел көгерер


1 кезеңде «Сөздің көркі-мақал» Мақал-мәтелдерді жалғастыру. Экранда суретпен берілген мақалдарды жалғастырады.

2 кезең бойынша Қол өнер. Аталар қамшы өрімінің түрлесін немерелерінің көзінше өріп, таныстырып көрсетеді.
3 кезең «Салт-дәстүрді білесіз бе?» Қоржынға салынған асықты алады. Онда берілген сұраққа жауап беріп ортада талқылайды.

1 асық.   Мал жіліктерінің атауын айт.

І. Қол жіліктері:  6 Кәрі жілік – 2 Күң жілік – 2 Жауырын – 2

ІІ. Сан жіліктері: 6 Асықты жілік – 2 Тоқпан жілік – 2 Жамбас – 2

 №2 асық.   Қонаққа ет тарту рәсімі қалай?

Құда табақ: бас, жамбас

Күйеу табақ: төс т.б.

 №3 асық.   Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай?

Түйе – Ойсылқара

Жылқы – Қамбар ата

Қой – Шопан ата

Ешкі – Шек-Шек ата

Сиыр – Зеңгі баба

 №4 асық.  Қазақша ай аттарының аталуын  айту керек.

Қаңтар 7. Шілде

Ақпан 8. Тамыз

Наурыз 9. Қыркүйек

Сәуір 10. Қазан

Мамыр 11. Қараша

Маусым 12. Желтоқсан

 №5 асық.  Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

І. Жылқы — құлын

ІІ. Сиыр — бұзау

ІІІ. Қой – қозы

ІҮ. Ешкі – лақ

6 асық.               Жыртқыш құстардың атын ата.

Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

7 асық.   Қазақ халқының салт-дәстүр,

той-томалақтарын  атап шық, біреуін түсіндір. Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

8 асық.  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?


«Ата мен немере» тақырыбында видео көру.


4 кезең Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Ортаға атамыз немересін алып жеті атасы туралы түсінік береді. Немересі өзінің жеті атасын айтады.


Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- дегендей мектебіміздің күйшілерінің сіздерге арнаған күйін қабыл алыңыздар.


5 кезең бойынша үлкен атамыздан бата сұрау.


Аталарға алғыс айтып марапаттау


Туыстық қарым-қатынас - бір-біріне қол үшін беріп, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейіл бауырмалдығымен, дархандылығымен, жомарттығымен байқалады. Бейнероликте көрсетілгендей, отбасылық, туыстық қарым-қатынас бірінші отбасынан, ата-анадан басталады. Сондықтан да, осы қасымыздағы ата-анамызды, туыстарымызды бағалай білейік!

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
Кездескенше сау-саламатта болыңыздар!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19.01.2025
205
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі